229
құрамында келіп, тау, төбе, қатты тау жыныстарынан тұратын биіктік
мағынасын береді. Көне түркіден бүгінге дейінгі түркі тілдерінде тас/
таш/тош/даш фонетикалық нұсқадағы «тас» сөзі қолданылады. Алтай
тілінде «таш – тас, тау, төбешік» мағынасында, тува тілінде «даш
– тас» мағынасында, тофа тілінде «таш – тас, тасты» мағынасында
қолданылады [78,33б.]. «Сарытас» атауының құрамында келген тастың
сарғыш болып келген түсі атаудың қалыптасуына негіз болған. М: Тек
қана тас. Маңайында ағаш жоқ. Жанына барсаң тастың түсі сары [105].
САРЫТЕПСЕҢ – ж.а., Өрел а.о. Атау сары (сын есім) және тепсең
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тепсең – географиялық
термин. Таудың үстіндегі немесе оның қия бетіндегі шағындау келген
түзең жер мағынасын береді [58, 53б.]. Аталған жердің реңі сарғыш
болып келуіне байланысты қалыптасқан атау.
М.: Ежелден он Самайдың
қонысы болған Сарытепсеңде қиянат пен қасіреттің ізі жатыр.
«Сарытепсең» Өрел атты үлкен совхоздың өрісі еді. [170,130б.];
М:
Сарытепсеңде Сарытомпақ, Сарыбұлақ, Сарыноқай орналасқан[108].
САРЫТОМПАҚ – төбе, Өрел а.о. Сары (сын есім) және томпақ
(сын есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. «Томпақ»
сөзі географиялық термин ретінде қолданыста жоқ. Алайда топоним
жасаушы компонент ретінде «төбе, төбешік, дөң, биіктеу келген жер»
мағынасын береді. Төбенің сарғыш тартқан түсі атаудың ерекше белгісі
ретінде топоним қалыптастыруға негіз болған.
М: Өмірзақ, Ақы, Тоқыш
жұрты болған. Сарытомпақта орналасқан[158].
САРЫТҰҒЫРЫҚ – тау, Қатонқарағай а.о. Сары түстің де
қазақ және басқа тілдерде негізгі түс мағынасынан басқа ауыспалы
мағыналары бар. Сары түс те о баста күннің, оттың және алтын, жез,
қола, мыс сияқты түсті ме талдардың бейнесіне, реңіне байланысты
қалыптасқанымен, дами келе табиғаттағы, тіршіліктегі әр алуан
құбылыстарға телініп, солардың сыр-сипатын аша түсуге мүмкіншілік
алған. Сары – алтынның түсі. Байлықтың сары түспен байланысы да,
алтынның реңіне байланысты қалыптасқан. Өйткені қазақ тілінде сары
түс атауы әркез алтынның баламасы ретінде қолданылады. Сары сөзі
кең дүние, ұшы-қиыры жоқ жалпақ дала, кеңдік мағынасын білдіреді.
Қазақ тілінде сары сөзі дала, арқа, жазық, бел, адыр, жайлау т.б. көптеген
сөздермен тіркесе келіп, кең, шексіз, ұшы қиыры жоқ деген мағынаны
білдіреді. Сарытұғырық атауының құрамында келіп, сары түсі түркілік
ұғымда күннің шығатын жері мағынасын береді.
М.: «Сарытұғырық
атты тауда қыстау бар екен, жауынды жазда сол қыстау маңынан