Катон-Верстка-01. indd


САРЫКӨЛ – өзен, Өрел а.о. Топонимдік атауға Сарыкөл гидронимі  негіз болған. М.: Сарыкөлден ағып шығатын өзен[100]. САРЫКӨЛДІҢ САРҚЫРАМАСЫ



Pdf көрінісі
бет207/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

САРЫКӨЛ – өзен, Өрел а.о. Топонимдік атауға Сарыкөл гидронимі 
негіз болған. М.: Сарыкөлден ағып шығатын өзен[100].
САРЫКӨЛДІҢ САРҚЫРАМАСЫ – сарқырама, Өрел а.о. Ойконим. 
Атаудың қалыптасуына көл атауы негіз болған. Екі компонентті атаудың 
бірінші компоненті «сары» және «көл» сөздерінің бірігуі арқылы 
жасалған. Түбі сарғыш тартып жататын суы таза, мөлдір көлге берілген 
атау. Екінші компоненті «биіктен құлай ағатын су» [54,692б.] мағынасын 
беретін «сарқырама» сөзі гидронимдік термин болып табылады. Атау 
Сарыкөлден құлай ағатын су мағынасында қолданыс тапқан. М: Биіктігі 
– 35 м. Бірақ қазір ойылып кеткен, қатты білінбейді[100].
САРЫҚАМЫС – ж.а., қамыс басқан жер, Алтынбел а.о. Жердің 
физикалық-географиялық ерекшелігіне байланысты қойылған атау. Яғни 
жерде қамыс өсімдігінің көп өсуі атаудың қалыптасуына негізгі белгі 
болған. Атау сары (сын есім) + қамыс (зат есім) сөздерінің аналитикалық 


225
тәсіл арқылы бірігу жолымен жасалған. М.: Қамыс басқан жер, алыстан 
сары болып көрінеді [139].
САРЫҚАРАҒАЙ – ж.а., Өрел а.о. «Сары» және «қарағай» сөздерінің 
бірігуі арқылы жасалған. Атаудың қалыптасуына қарағай өсімдігінің 
«сарықарағай» деген түрі негіз болған. Әлемде қарағайдың жүзден астам 
түрі бар. Соның біршама түрі Алтай өңірінде өседі. М.1.: Ағаштардың 
орналасуына байланысты қойылған атау[118]. М.2: Қарағай өте 
көп, бірақ басқа өңірлерден қарағанда осы жердегі қарағай ерте 
сарғаяды[100].
САРЫҚОРА – ж.а., Катонқарағай а.о. Атау сары (сын есім) және қора 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың құрамындағы 
«қабырғалары ағаш, қамыс не саманнан қаланып, төбесі жабылған, мал 
қамауға арналған орын, жай» [52, 67б.] деген мағына беретін «қора» сөзі 
түс атауын білдіретін «сары» сөзімен бірігіп, жердің сыртқы сипатынан 
ақпарат береді. Яғни реңі сарғыш тартқан жерде орналасқан қора 
топонимикалық атаудың қалыптасуына негіз болған. М.: Терісбұлақ 
маңайында орналасқан[


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет