226
САРЫМСАҚТЫ – өзен, Катонқарағай а.о. Атау «Таудың тасты
беткейлерінде жабайы өсетін, жеуге жарайтын ұзынша ақ сүйрігінің
қызғылт түсті қабығы бар жабайы өсімдік» [54,721б.] мағынасындағы
«сарымсақ» сөзіне топоним тудырушы «-ты» жұрнағының жалғануы
арқылы жасалған. Өзен бастау алып, ағып өтетін жолында аталған
өсімдіктің көптеп өсуі атау қалыптастырушы негізгі белгі болып
табылады.
М1.: Алтайская станица заложена на реке Сарымсақты
– «правом притоке Бухтармы»[167,358 с.]
М.2: Алтай тауының етегін
сүйкей «Сарымсақты» өзені ағып жатыр [71,6.].
М.3: Ойраттар
қыс ішінде Ертістен өтіп, қазақ жеріне басып кірді. Жолдан
шеткері Алтайдың күнгей қойнауларын, Сарымсақты, Ертістің
асау салаларын жайлаған рулар бодан болып қалды[2,145б.].
М.4:
Катонқарағай селосының оңтүстігін жанап Сарымсақты өзенi өтеді.
Ол Сарымсақты тауынан шығады. Сарымсақ деп жергілікті халық
жуа мен пиязды атайды. Бұл өзен осы атқа өз арнасын Сарымсақты
тауынан алатын болғандықтан ие болған. Ал бөктерінде сарымсақ
көп өсетіндіктен тау осылай аталған. М4: Сарымсақ (зат есім) +
ты (туынды есім жұрнағы) сыңарларынан біріккен бұл атау алдымен
өзеннің аты. Күршім өзенімен бір мұздақтан бастау алады да, Күршім
– күнгейге, Сарымсақты – теріскейге қарай ағады. Осы өзен ағып
түсетін тауды картаға Сарымсақты деп түсірген. Бұны тіл білімінде
атаулардың ауысуы (транстопонимизация) деп атайды [15,61б.];
М.5:
Катонның өзі Сарымсақты өзенінен басталады. Үш тармағы бар[146].
САРЫМСАҚТЫ – ауыл, Катонқарағай а.о. Ойконим. Өзен атауы
негізінде қалыптасқан елді мекен атауы.
М1: Бәлки, осы сәтте алдынан
Райхан шығып, ол қасқа сиырды суатқа қуалап кетісімен, Тәмпіш
ағасының алқын-жұлқын Сарымсақтыға аттанғанын секеңдеп
тұрып жеткізсін. Сейдеш санын соғып қалсын. Сарымсақтыдағы
Мырзабек нағашысының армиядан оралғанын кеше кешкісін Мықты
ағаңнан ол да естіген[11,29 б.]. М/2: – Жайша да, шаруамен де... Мына
Достарыңызбен бөлісу: