Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет208/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

98].
 САРЫҚОС – жайлау, Жамбыл а.о. Сары (сын есім) және қос 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Сары – түс атауын 
білдірсе, қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда 
бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай шағын уақытша 
баспана [52,115 б.] мағынасын білдіреді. Олай болса, атау жайлауда 
арнайы тігілген қос үйдің реңіне байланысты қалыптасқан атау [120].
САРЫМӨҢКЕ – ж.а., Өрел а.о. 1-н:. Антропотопоним. 2-н:. 
Атау сары (сын есім) және мөңке (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы 
жасалған. Атау құрамындағы екінші компонент ұлттық энциклопедиялық 
сөздікте «мөңке (лат.Carassius carassius) – тұқымдасына жататын балық. 
Өзен, көл тартылғанда, не су қатқанда 70 см-ге дейін су түбіндегі 
лайға көміліп, қатты суықтан не ыстықтан сақтанады. Ұзындығы 35 
– 38 см-дей, салмағы 2 кг-дай. Мөңкенің бүйірі алтын сияқты сары 
түсті, жүзбе қанаттары қызыл-қоңыр, ал арқасы қара түсті болады. 
Қабыршағы тегіс. Жыныстық жағынан аналығы 3 – 4, аталығы 2 – 
3 жасында жетіледі. Уылдырығын (300 мыңдай) мамыр – маусым 
айларында су температурасы 17 – 18 C болғанда су түбіндегі шөп 
арасына шашады. Бұлар негізінен зоопланктонмен, зообентоспен және 
өлексемен (детритпен) қоректенеді. Қорек ретінде өсімдікті сирек 
пайдаланады. Мөңкенің кәсіптік маңызы бар» деп сипатталады[59]. 
Атауды қалыптастыруда алтын тәрізді сары түсті мөңке балығы негізгі 
белгі болған. [154].


226
САРЫМСАҚТЫ – өзен, Катонқарағай а.о. Атау «Таудың тасты 
беткейлерінде жабайы өсетін, жеуге жарайтын ұзынша ақ сүйрігінің 
қызғылт түсті қабығы бар жабайы өсімдік» [54,721б.] мағынасындағы 
«сарымсақ» сөзіне топоним тудырушы «-ты» жұрнағының жалғануы 
арқылы жасалған. Өзен бастау алып, ағып өтетін жолында аталған 
өсімдіктің көптеп өсуі атау қалыптастырушы негізгі белгі болып 
табылады. М1.: Алтайская станица заложена на реке Сарымсақты 
– «правом притоке Бухтармы»[167,358 с.] М.2: Алтай тауының етегін 
сүйкей «Сарымсақты» өзені ағып жатыр [71,6.]. М.3: Ойраттар 
қыс ішінде Ертістен өтіп, қазақ жеріне басып кірді. Жолдан 
шеткері Алтайдың күнгей қойнауларын, Сарымсақты, Ертістің 
асау салаларын жайлаған рулар бодан болып қалды[2,145б.]. М.4: 
Катонқарағай селосының оңтүстігін жанап Сарымсақты өзенi өтеді. 
Ол Сарымсақты тауынан шығады. Сарымсақ деп жергілікті халық 
жуа мен пиязды атайды. Бұл өзен осы атқа өз арнасын Сарымсақты 
тауынан алатын болғандықтан ие болған. Ал бөктерінде сарымсақ 
көп өсетіндіктен тау осылай аталған. М4: Сарымсақ (зат есім) + 
ты (туынды есім жұрнағы) сыңарларынан біріккен бұл атау алдымен 
өзеннің аты. Күршім өзенімен бір мұздақтан бастау алады да, Күршім 
– күнгейге, Сарымсақты – теріскейге қарай ағады. Осы өзен ағып 
түсетін тауды картаға Сарымсақты деп түсірген. Бұны тіл білімінде 
атаулардың ауысуы (транстопонимизация) деп атайды [15,61б.]; М.5: 
Катонның өзі Сарымсақты өзенінен басталады. Үш тармағы бар[146].
САРЫМСАҚТЫ – ауыл, Катонқарағай а.о. Ойконим. Өзен атауы 
негізінде қалыптасқан елді мекен атауы. М1: Бәлки, осы сәтте алдынан 
Райхан шығып, ол қасқа сиырды суатқа қуалап кетісімен, Тәмпіш 
ағасының алқын-жұлқын Сарымсақтыға аттанғанын секеңдеп 
тұрып жеткізсін. Сейдеш санын соғып қалсын. Сарымсақтыдағы 
Мырзабек нағашысының армиядан оралғанын кеше кешкісін Мықты 
ағаңнан ол да естіген[11,29 б.]. М/2: – Жайша да, шаруамен де... Мына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет