Катон-Верстка-01. indd


АҚАЛИ – шабындық, Ақсу а.о. Антропотопоним [112]. АҚАТПАЙ



Pdf көрінісі
бет24/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   305
АҚАЛИ – шабындық, Ақсу а.о. Антропотопоним [112].
АҚАТПАЙ – таудың бір белесі, Қатонқарағай а.о. Антропотопоним. 
М.: Ақатпай деген адам есімімен берілген атау [145].
АҚБАЛА - қыстау. Антропотопоним.
АҚБАЯН – тау. Антропотопоним. М1.: Ақбаянның бауырындағы 
қақпандарды тексеріп, тау басындағы бір үңгірде түнеп қалған. Енді, 
міне, жүзжылдық қарағайдан сүңгуірдей сымпиып сүрегі ғана қалыпты 
[10,99 б.]. М2.: Ақбаянның сәукелелі шоқтығы айқындалып, ай сәулесімен 
арбасқандай ағара жалтырады. Аппақ шың биігі қайдағы сиқырлықпен 
қол бұлғап, өзіне шақырғандай[9,284б.]. М3.: Құдай сақтап, сол түні 
өзі үйде жоқ еді: Ақбаянның бауырындағы қақпандарды тексеріп, тау 


52
басындағы бір үңгірде түнеп қалған[9,1,213б.]. М4.: Шатқаяқтап 
тайғанап жүріп, Ақбаян тауының алқымына шыққанда, күн де кемеріне 
құлаған еді[10,144 б.].
АҚБЕТ – жайлау, Жамбыл а.о. Ағашы жоқ, ағарып көрінетін беткей 
жерлерге қойылады [97];[120].
АҚБОТА КӨҢІ – қыстау, Белқарағай а.о. Антропотопоним[134]. М.: 
Біздің Ақбота болысынан үш жүздей сиыр, тағы бірнеше жүз жылқы 
жиналып, соны жеткізіп беруге мені жіберді [14,243б.].
АҚБҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Бұлағы - шипалы, таза болғандықтан 
«Ақбұлақ» делінген. Пилорамма деген орысша атауы[100]. М.: От 
сытыр-сытыр жанып жатыр, алаулаған жалын тілі жігіттердің 
жүзінде ойнайды. Әріректен Ақбұлақтың бір қалыпты сарыны 
сырылдап естіліп тұр[7,24б.].
АҚБҰЛАҚ – ж. а., Катонқарағай а.о. Мұндағы «ақ» түсі «мөлдір» 
мағынасында қолданылып, ағысы қатты мөлдір бұлақ дегенді білдірген. 
М1.: Самар бұлағынан ары орналасқан. Сарымсақтының бойында. 
Жайлауға барар жолда орналасқан[157]. М2.: Ақбұлақтың бойындағы 
қақпанның біріне құндыз түсіпті[9,280б.].
АҚБҰЛАҚ – жайлау, Катонқарағай а.о. Сарымсақты өзенінің бір 
тармағы Ақбұлақ деп аталса, жайлау сол бұлақ атауымен аталып кеткен. 
М.: Сарымсақты өзенінің тармағы. Жайлауда [98]. М2.: - Ақыр аяғы 
сол ДТ-ға мінген күйі Ақшоқыдан Ақбұлаққа құладың: ...а-а-а-а! Сенің 
сүйегіңді бір ай іздеп тапқан мен едім... айтып-айтпай не керек, бәрі 
көрген түстей екен [18,79б.]. 
АҚБҰЛАҚ – жұрт, Аққайнар а.о. Жұрт, қоныс сол жердегі бұлақтың 
атауымен «Ақбұлақ» аталып кеткен. М.: Қаумыш көлінің бойында 
орналасқан[152]. 
АҚБҰЛАҚ – өзен, Белқарағай а.о. Судың мөлдір, тазалығына 
қатысты аталған. Қазақы танымда «Ақбұлақ» атауы бұлақтарға 
жиі қойылатын болғандықтан да болар, ата-бабасының су ішкен, 
қоныстанған жері ретінде киелі де қасиетті саналған. М1.:Тас арасымен 
шығады. 10 метр қашықтықта астыға құяды[134]. М2.: «Сартепсеңді 
жайлап, Ақбұлақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет