275
ҰЗЫНЖОЛ – жол, Катонқарағай а.о. Ұзын (сын есім) және жол
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Жолдың шұбалаңқы,
ұзақ екенін көрсету мақсатында қалыптасқан атау[159].
ҰЗЫНЖОТА – жайлау, Өрел а.о. Ұзын (сын есім) және жота (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Атау құрамының
бірінші компоненті ұзын сөзі ұзақтықты, шұбалаңқылықты білдіретін
сөз болса, жота – биіктігі әртүрлі келген (үлкен, кіші, аласа) қыр, қырқа,
қырат [48,503б.] мағынасын беретін сөз. Атау жердің ерекше сипатына
байланысты берілсе керек. М: Жердің ыңғайына байланысты қойылған
атау[118].
ҰЗЫНЖОТА – жота, Катонқарағай ауд. Ұзын (сын есім) және жота
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Ұзын сөзі жердің
ауқымын білдірсе, жота – биіктігі әртүрлі келген (үлкен, кіші, аласа)
қыр, қырқа, қырат [48,503б.] мағынасын береді. М.: Ұзын (сын есім)
және жота (зат есім) тұлғаларының бірігуінен жасалған, “көлбей жатқан
ұзын жота, қыр”[166,174б.].
ҰЗЫНЖҮРЕК – шабындық, Өрел а.о. Ұзын (сын есім) және жүрек
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Ұзын сөзі жердің
ұзаққа созылып жатқандығын білдірсе, жүрек сөзі жердің пішіні адам
жүрегіне ұқсайтындығын меңзейді. Яғни жердің сыртқы пішіні мен
көлеміне қарай берілген атау болып табылады.
М: Жердің ыңғайына
байланысты қойылған атау [118].
Достарыңызбен бөлісу: