Катон-Верстка-01. indd


ТҮКІ – бұлақ, Өрел а.о. Этнотопоним. Ру-тайпа атауына байланысты  қалыптасқан атау. М: Түкі тауынан бастауын алады[100]. ТҮКІ



Pdf көрінісі
бет253/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТҮКІ – бұлақ, Өрел а.о. Этнотопоним. Ру-тайпа атауына байланысты 
қалыптасқан атау. М: Түкі тауынан бастауын алады[100].
ТҮКІ – өзен, Өрел а.о. Этнотопоним. Ру-тайпа атауына байланысты 
қалыптасқан атау.М: Түкі өзені Күрті өзеніне барып құяды. Күртіден 
Бұқтырмаға қосылады[100].
ТҮКІ – тау, Өрел а.о. Этнотопоним. Ру-тайпа атауына байланысты 
қалыптасқан атау. М: Екі Ашадан кейін орналасқан. Түкі деген сүйек 
отырған болуы керек[100].
ТҮЛКІСАЙ – сай. Жамбыл а.о. Түлкі көп жүретін сай[149].
ТҮЛКІТАС – жайлау, Алтынбел а.о. Түлкі (зат есім) және тас (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Түлкі – жабайы 
аң, ал тас – таудың қатты жынысы, соның үлкенді-кішілі бөлшектері 
қабырғасы [56, 19б.] болып табылады. Атаудың қалыптасуына «түлкі 
аңы көп мекендейтін жер» деген белгі негіз болған[143].
ТҮМБІ ӨТКЕЛ – өткел, Өрел а.о. Атау түмбі және өткел сөздерінің 
брігуі арқылы жасалған. Өткел – судан, өзеннен кешіп , арғы бетке өтетін 
таяз жер [54,245 б.] мағынасын береді. М: Мұқыр өзенінің ағыны осы 
өткелде аяңдайды. Тұмба өткел деп те аталады [119].
ТҮМЕНБАЙ ДАРАСЫ – ж.а., Катонқарағай а.о. Антропотопоним. 
[163];[107].
ТҮРГЕН – өзен, Катонқарағай ауд. Атаудың көне түркі, моңғол 
тілдеріне тән екендігі айтылады. Түргентау, Түргенкент атауларының 
ортағасырларда жер-су атауы ретінде орын алуы «түрген» сөзінің 
көнеден бері жер-су атын қалыптастырушы термин бола алғандығын 
дәлелдейді және атау тарихын көне түркі дәуірлеріне дейін апарады. 
М:1. Түрген» – түрік сөзі, «тез», «жылдам» деген мағынаны білдіреді. 
Шоқан өз шығармасында «Түрген – это быстрый» деп жазады. 
Кәзіргі күнде қазақтар «тез қуды» дегенді «түре қуды» дейді [172]. 
М:2. Жалғыз Мәкиле дарасы емес, төмендегі Құраған, Түрген, Сақал 


273
өзендерінің аңғары, Елеңшадырдың ел көшкендей енсіз қапталы, 
жоғарыдағы Қапшалдың қапсағай жондары - бәрі-бәрі қазақтың 
жөңкіле көшіп, жазыла жайлаған жайлаулары болыпты[7,151б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет