276
ҰЛАРЛЫ - тау,
Катонқарағай ауд. Ұлар (зат есім) және лы (туынды
сын есім жұрнағы) тұлғаларының бірігуінен жасалған, «Ұлар құсы көп
мекендейтін тау» деген мағына береді [15, 186 б.].
ҰҢҒЫ – аңғар, Қатонқарағай а.о. Ұңғы – кетпен-шоттың,
балтаның, күректің
сапқа киілетін қуыс жағы,
сап кигізілетін жері
[56,731б.] мағынасында қолданылатын сөз. Атау қалыптастыруда
аңғардың аузын ұңғыға ұқсату негізінде қалыптасқан атау.
М: Үлкен
ауыз болып біткен. Шыңғыстай мен Жаңаүлгі арасында орналасқан
[114]; [110].
ҰҢҒЫ – асу, Өрел а.о. Ұңғы – кетпен-шоттың, балтаның, күректің
сапқа киілетін қуыс жағы, сап кигізілетін жері [56,731б.] мағынасында
қолданылатын сөз. Атау қалыптастыруда асуға баратын жолды ұңғыға
ұқсату негізінде қалыптасқан атау.
М: Тарбағатай жайлауына төте
жол. Ирек атты жолы бар[131].
ҰҢҒЫ – жол, Белқарағай а.о. Ұңғы – кетпен-шоттың, балтаның,
күректің сапқа киілетін қуыс жағы, сап кигізілетін жері [56,731б.]
мағынасында қолданылатын сөз. Атау қалыптастыруда жайлауға
баратын жолды ұңғыға ұқсату негізінде қалыптасқан атау.
М: Ұңғы
жайлауына шығатын жол солай аталған [134].
Достарыңызбен бөлісу: