278
берілген атау.
М1.: Жалпы тау жүйесінен бөлініп қалған, жеке тұрған
таулар. ең үлкен көлдер[76,108 б.];
М2.: Ал мынау бір – Үлкен Қоңқай
асуы арқылы жүрсеңдер, екі-үш сағатта іздеген шөптің үстінен
түсесіңдер[20,148б.].
ҮЛКЕННАРЫН – аудан орталығы, Катонқарағай ауд. Үлкен (сын
есім) және Нарын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған атау. Көне
түркіден бүгінге дейін жердің орналасу деңгейіне қарай үлкен-кіші,
жоғарғы-төменгі деп бөлу дәстүрі бар. «Нарын» өңірдегі өзен атауы
болып табылады. Көлемі жағынан кіші және үлкен болып келуіне
байланысты осылай ажыратылған. Кейін елді мекен атауына ойысқан.
Мұндағы «нарын» сөзі араб тілінен аударғанда «нәзік, жіңішке» деген
мағына береді.
М1.: 1935 жылы жекелеген аудандарды ірілендіру
жұмысы жүргізілді. Сонда Катонқарағай және Зырян аудандарының
құрамынан Үлкеннарын және Бұқтырма аудандары бөлініп
шықты[3,33б.].
М2.: 1963 жылы 1 қаңтарда Катонқарағай Үлкеннарын
ауданымен біріктіріліп, орталығы Үлкеннарын селосы болды. Бұдан
кейін Қазақ ССР Жоғары Советі Президумының Жарлығына сәйкес
бұрынғы шекарасы бойынша Катонқарағай ауданы қайта құрылып,
орталығы Катонқарағай селосы болды[3,35б.].
М3.: «Үлкеннарын
ауданы Катонқарағай мен Күршім аудандарының аралығында, Нарын
өзенінің алқабын алып жатыр»[41,189б.].
М:4. Заутдин Шәмші –
1947 жылы Үлкеннарын ауданындағы Нұғыман ауылында дүниеге
келді. [2,331б
Достарыңызбен бөлісу: