Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет272/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШАБАНБАЙ – тау, Қатонқарағай а.о. Антропотопним. М1.: 
Самай менен Қаратай туған елім, Алтай менен Шабанбай өскен 
жерім [42,73б.М2.: Шабанбай шабығы барған сайын қусырылып 
барады[25,105 б.]М.3.: Жер жаннаты Ақсуды (страна Беловодье) 
іздетіп І- Петр қос өзен – Бұқтырма мен Қатынсудың аралығына екі 
дүркін экспедиция жіберген екен. Ақыры ХVІІІ ғасырдың тоқсаныншы 
жылдары Алтайдың теріскейін айналып, орыс келімсектері 
(кержақтар) Ақсу бойына басып кірді де, 1867 жылы Ресей патшасы 
сол жер жаннатының тең жармысы – Шабанбайды жеке меншігім 
деп жариялап, қызына тарту етті [3,153 б.]М4.: Шабанбай бітісі 
бөлек бекзат өлке, тынысы кең дегдар мекен. Шабанбайдан басталған 
таулы орман Батыс Сібірдің шексіз тайгасына ұласып, тундраны 
көктей өтіп, Мұзды Мұхитқа барып бірақ тіреледі. Бұл жақтың 
қазағы Бұқтырма аңғарының оң жағынан басталатын таулар сілемін 
Шабанбай атайды. Ал оңтүстік жақтағы жалды жоталарды 
Тарбығатай деп бөледі[9, 6б.]; М.: Кісі атына байланысты аталған 
[114]; [110].
ШАБЫНДЫБҰЛАҚ – ж.а., Белқарағай а.о. Атау шабынды (сын 
есім) және бұлақ (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. 
Атаудың бірінші компоненті шабынды сөзі – шөп шабуға арналған жер 
мағынасын берсе, бұлақ – басы қайнардан басталып сай-жыралармен 
ағатын кішігірім су мағынасын береді [45, 679б.]. Яғни шөбі шүйгін 
жер деген мағына жер атының қалыптасуына негіз болған. М.: «Қазіргі 
кезде Топқайың ауылының маңында «Есімхан тоғайы», «Кеңарал», 
«Сарыбұлақ», «Қаралақ», «Шабынды бұлақ», «Үлкен Текше», «Кіші 
Текше», «Құржыра» аталып жүрген жерлердің бәрінде Есімхан бай 
мал ұстаған[35,211].
ШАҒАН – ж.а., Катоқарағай а.о. Мұндағы шаған моңғолдың цаган 
«ақ, боз» сын есімінен жасалып тұр. Бұнымен бірге Алтай аймағының 
топонимдері қатарында ақ мағынасында чаган/шаган сөздері кездеседі. 
Мәселен, Чаганка, Чаган Бургазы атауларының құрамындағы чаган/


292
цаган сөздері – монғол тіліндегі түс атауының дыбыстық өзгеріске 
ұшыраған формасы болып табылады. Яғни жердің сыртқы сипатына 
байланысты қалыптасқан атау[160].
ШАҒАНДАБА – асу, Катонқарағай а.о. Атау шаған және даба 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Негізінен моңғол тілінен 
енген кірме атау. Атаудың бірінші компоненті «шаған» сөзі моңғол 
тілінен аударғанда «цагаан – ақ» деген мағына берсе, «даба» сөзі «өткел» 
[188,34 б.] мағынасын береді. М1.: Шағандаба деген кезең, асу бар Бұл 
монғолдың ақ ( цаган ), кезең ( дава ) сөздерінен жасалған топоним 
[3,75б.]. М2.: Атаудың екі сыңары да моңғол тілінен жасалған: цагаан 
«ақ» + даваа «асу, кезең, белес». Сонда Цагаандаваа => Шағандаба 
болып қазақ тіліне бейімделген, мағынасы: «Ақкезең» дегенді білдіреді 
[15,191б.]. М3.: Атаудың екі сыңары да монғол тілінен жасалған:қагаан 
«ақ»+даваа «асу, кезең, белес». Сонда Цагаандаваа=Шабандаба болып 
қазақ тіліне бейімделген, мағынасы: “Ақкезең” дегенді білдіреді 
[166,179б.]; [163]; [107].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет