Катон-Верстка-01. indd


АТ ЖОЛЫ – асу, Өрел а.о. Ат жүретін жол[131]. АТАМШҰҢҚЫР



Pdf көрінісі
бет45/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   305
АТ ЖОЛЫ – асу, Өрел а.о. Ат жүретін жол[131].
АТАМШҰҢҚЫР – жайлау, Катонқарағай а.о. Жаңаүлгі ауылындағы 
Үшбөртектің астындағы шабындық жер «Атамшұңқыры» аталады[159].
АТТАНБАЙ – жайлау, Өрел а.о. Антропотопоним [163]; [107].
АТЫРАУ – тау, Өрел а.о. Шөп қалың болып шыға қоймайтын 
сортаңдау жер[43]. М.: Ежелден солай аталады[131] .
АХМЕТ АРАЛЫ - ж.а., Қатонқарағай а.о. Антропотопоним. М.: 
Шабындық. Сол жерде отырған кісі есіміне байланысты қойылған 
атау[148].
АША – ж.а. Аққайнар а.о. Жер бөлінісіне қарай не болмаса 
географиялық ерекшелігіне қарай айырымдық белгісі болса, қазақ ашаға 
теңеген. М.: Айғай тауының төмен жағында орналасқан жер[152].
АША – жайлау, Белқарағай а.о. Географиялық ерекшелігіне орай 
қойылған атау [103].


71
АША – жайлау, Катонқарағай а.о. Жайлаудың екі жағынан сай 
арқылы екі бұлақ ағып келіп қосылады. Екі айырық суға қатысты жер 
атауы Аша аталған. М.: Қызылсиыр асуынан ары қарай орналасқан. 
Үлкенаша, КішіаАша жайлаулары деп бөлінеді[132].
АЩЫ- Өрелдің қыстағы. Қыстақ сол жердегі Ащы аталған нысан 
атымен аталған. Қазақы танымда ащы деген атау, көбінесе, сол жердегі 
судың не болмаса шөптің құрамы ащылау болса, қойылады[149].
 
АЩЫЛЫБҰЛАҚ– бұлақ, Жамбыл а.о. Мал ащылағанда келіп, су 
ішетін бұлақ. М.: Суы ащы емес[105].
АЮАЛАҢЫ – ж.а., Жамбыл а.о. Аюлар жиі келіп- кетіп жүретін 
алаң[120].
АЮАЛҒАН – ж.а., Аққайнар а.о. Аталған ауданның тұрғындары 
аңшылықты да кәсіп етеді. Кезінде аңшылар артелі де болған. Бұл 
жердің осылай аталуына аю соғып алған оқиға себеп болған[126]. 
М.1: Атпен бірер сағат жүріп, қалың орманның ішімен қабырғалай 
өрлеп, Тасшоқының теріскей иығына көтерілдік. Тасшоқының біз 
тұрған иығы Маралқашқан асып, келесі жағы Аюалғанға құлайды 
екен. Бұл тұс – сирек өскен мұқыр балқарағай болмаса, тайдың 
төсіндей тақыр жон[6,20б.] М.2: Елімнің бір жайлауы – Аюалған, 
Жасымнан құрғанымның бәрі сайран. Бұлғақтап, асау тайдай жүрген 
басым, Барады бізден қалып, сөйткен жалған. Елімнің бір жайлауы 
- Құрымбай саз, Жайлаған алты ай жаз, сарыалақаз. Таңдағы туып 
батқан Шолпандайын, Қайтейін, уа, дариға, ғұмырым аз. Елімнің бір 
жайлауы - Шұбарағаш, Тасшоқы, Маралқашқан, қалың ағаш. Үстіне 
Өскелеңнің шыға келсең, Көрінер көл жағасы жап жалаңаш[104].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет