Катон-Верстка-01. indd


БАЛЫҚТЫ – өзен, Үлкеннарын а.о



Pdf көрінісі
бет53/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

БАЛЫҚТЫ – өзен, Үлкеннарын а.о. Басқа өзендерге қарағанда, 
балығы көбірек өзенге қойылған атау[136].
БАЛЫҚТЫ БҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Балығы бар бұлақ. М.: 
Тарғыбатай жайлауында орналасқан[109].
БАЛЫҚТЫ ӨЗЕН – өзен, Үлкеннарын а.о. Балықты өзен[143].
БАЛЫҚТЫБҰЛАҚ – бұлақ, Берел а.о. Балықты бұлақ. М.: Тастың 
арасынан шығып жатқан бұлақ[101].
БАЛЫҚТЫБҰЛАҚ – қыстау, Берел а.о. Балықтыбұлақты бұлақтың 
маңында орналасқан қыстауға қойылған атау. М.: Қарақаба мен 
Арасанқабаның түйісетін жері, ол жерде әскери застава бар[101].
БАЛЫҚШЫҚОС – қос, Өрел а.о. Балықшылар қосы орналасқан 
жер. М.: Бұқтырма көлінің бойында тұрған қос[100].
БАНДИТ – ж.а., Өрел а.о. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы 
ақтар қашып, қызылдар қуған, кеңес үкіметі енді орнай бастаған 


78
дүрбелең, үркіншілік кездегі зорлық-зомбылық, қаскөйліктен бас 
сауғалап қашқан жергілікті тұрғындардың басым көпшілігін бандит 
деп жариялап, қуғын-сүргін ұйымдастырылған кезеңнен қалған атау. 
М.: Оралхан шапқан жерінен кейін тұр[100].
БАНДЫ САЙ – сай, Өрел а.о. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы 
дүрбелең кезден қалған атау[118].
БАПА – дара, Катонқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылуы 
мүмкін. М.: Бұл жақта дара сөзінің тіркес келуі арқылы жасалған біраз 
топонимиялық атаулар кездеседі. Бұл өңірде дара сөзі қорған сияқты 
мал қамайтын бекініс мағынасында қолданылады. Кейде жергілікті 
халықтар тау арасын да дара дейді. Мысалы, Бапа дарасының жан-
жағы қорым, ортасы жазық[3,73б.].
БАРЛЫҚ – ауыл, Коробиха а.о. Бұл атау тува тіліндегі порлуг / 
борлуг «батпақты», «балшықты» деген сөздерден жасалған. Барлық 
Арасан атауы бұл деректі растай түседі [15,118 б.]. М.: Кезінде 7 ауылды 
тақпақтап, ұйқастырып айтатын. Соның ішінде Барлық болатын. 
Орысша атауы – Пешый[106]. М1.: Барлық пен Жеміске – қазақ-орысы 
бірыңғай қоныстанған ескі елді мекендер[2,262б.]. 
БАРЫНДУ– өзен, Жамбыл а.о. Атау көне түркі тілінде кездесетін 
«барындыг» сөзінен қалыптасуы мүмкін. Бар – етістік, -ын етістіктен 
етіс тудырушы жұрнақ, -д етістіктен етістік тудырушы жұрнақ, -ыг 
етістіктен есім тудырушы жұрнақ. Көне түркіден қыпшақ диалектілеріне 
ойысқанда -ыг формасы –у тұлғасына өзгерген. Яғни атаудың мағынасы 
бар қылатын жер, шөбі шүйгін, суы мол, малға жайлы жерді осылай 
атаса керек. М.: Хансудан бері жатыр[105].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет