79
Ортақарауыл, Аяққарауылы болған. Осы жерлерді жергілікті халық
қазіргі кезде де Басқарауыл, Ортақарауыл, қарауыл деп ара-тұра
айтып қалады. Қытай қарауылдары Семей мен Шығыс Қазақстан
облысының басқа жерлерінде де болған. Ондағы күзетшілер бір жылда
бір рет ауыстырылып тұратын болған. Сонымен бірге шекарадағы
қарауылдар ретсіз, тәртіпсіз қойылатын да болған. Олардың бірінің
арасы екіншісінен тым қашық және бұрыс, не тым жақын, түстас.
Кейде олар тиісті территориядан не ішке кіріп, не сыртқа шығып
кетіп отырған. Кейде олардың арасында жол жоқ. Ел аузындағы
әңгімеге қарағанда, Катонқарағайда да осындай қарауылдардың біреуі
болса керек[3,79 б.].
БАСҚОҢҚАЙ – төбе, Үлкеннарын а.о. Белгілі бір нысанға бас
атауын салыстырмалы түрде басқы, алғашқы, үлкені деген ұғымды
білдіру үшін қосады. Бұл жерде Басқоңқай жеке тұрған басты
төбелердің бірі деген мағынада тұр.
М: Қалмақтың Батыры Қоңқайдың
құрметіне қойылған. Жаудың жолын қарап отырған қарауыл төбе
болған[153].
БАСҚЫШҰҢҚЫР – шұңқыр, Өрел а.о. Жер жағдайына байланысты
кездесетін бірнеше шұңқырлардың ішіндегі бастапқысы, тереңі,
үлкені.
М.1: Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау[118].
М.2:
Әлпишұңқырдан кейін. Бұл шұңқыр да үлкен, терең[100].
Достарыңызбен бөлісу: