77
БАЛТАБАЙДЫҢ ЖАРТАСЫ – жартас, Катонқарағай а.о
.
Антропотопоним.
М1.: Балтабай Әлкенбаев жұрттан асқан қолмерген
болған деседі. Атпен ағызып келе жатып аспандағы құсты атып
түсіре береді екен. Теңеп айтсақ – Қаратайдың Кейкісі. Екі заманға
да сыймаған: патша өкіметіне барымташы, совет өкіметіне бандит
атанып, қадірін халқы ғана білсе керек... Қызыл отрядтың нәшәндігі
Х.Н. Пахомов Балтабайдың қолынан қаза тапқан [170,33 б
.].
М2.:
Табиғаттың өзі жонып қалаған қарсыдағы қызыл күрең жартастар
қатар-қатар сап түзеп, төбемізден күн өтпесін дегендей балқарағайдан
шынар ккиіп алыпты да сәлемші күткендей бұлар да ел жаққа едірейісе
қалыпты. Балтабайдың жартасы деген осы,- деді Дидаш. – Ернін
қинауға ерінген жұрт Тесіктас дей салады[170,32б.].
БАЛТАБАЙДЫҢ ЖОЛЫ – асу, Катонқарағай а.о. Антропотопоним.
М.: Шапқанжолды Дидахмет Балтабайдың жолы деп жазып еді.
«Балтабайдың жолы» Шұбарағаштағы «Балтабайдың жартасына»
жеткізіп салды. Бұл елде Балтабайлар баршылық, бірақ солардың бәрі
шетінен балта ұстағандар емес, егеспен ереуілге шығып, ерлікпен бас
кескен біреуі ғана [170,31 б.].
БАЛТАБАЙДЫҢ САЙЫ – ж.а., Катонқарағай а.о. Антропотопоним.
М.: Балтабай сайының қасындағы өлкені де Балтабай сайы деп атап
кеткен. [157].
БАЛЫҚӨТКЕЛ – ж.а., Өрел а.о. Судан өтетін тұста балық молырақ
болғандықтан қойылуы мүмкін.
М.: Бұрындары өткел болған. Көлемі
жағынан шағын, талды-тоғайлы жер[100].
Достарыңызбен бөлісу: