Катон-Верстка-01. indd


БАҚТЫБАЙ – тау, Катонқарағай а.о. Антропотопоним[148]. Біз  «Қара жерден» өрлей бердік. Бағытымыз – «Бақтыбай»[25,78б.]. БАЛАҚОҢҚАЙ



Pdf көрінісі
бет51/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

БАҚТЫБАЙ – тау, Катонқарағай а.о. Антропотопоним[148]. Біз 
«Қара жерден» өрлей бердік. Бағытымыз – «Бақтыбай»[25,78б.].
БАЛАҚОҢҚАЙ – өзен, Белқарағай а.о. Белгілі бір нысанға 
бала атауын көп жағдайда салыстырмалы түрде басқа нысандарға 
қарағанда кішірек болғандықтан берген. Балақоңқай тауынан ағатын 
өзен болғандықтан, басты нысан атымен аталып кеткен[164]. М.: Анау 
Шарықтыбұлақтан шеті басталып сонау Балақоңқайға дейін көсілген 
көкмайсалы өңірдің жасанды шөбі таң самалымен ырғала тербетіліп 
теңізше толқиды [25,150 б.].
БАЛАПАН – ж.а,, Өрел а.о. Жаңадан шығып келе жатқан ағаштың 
жас шыбықтарын балапан ағаш дейді. М.: Тікжолдан кейін тұр [119].


76
БАЛАПАН – шабындық, Өрел а.о. М.: Балапан ағаштарға 
байланысты қойылған атау[118].
БАЛҒЫН – ауыл, Үлкеннарын а.о. Ауыл аты Балғын өзені атауынан 
қалыптасқан. Жергілікті жер тұрғындарының айтуы бойынша, ауыл 
тұрған жердің шөбі балғын, шүйгін, шалғынды болғандықтан, ауыл 
аты солай аталған, ауылдың іші толған арық суы мөлдір және мұздай 
су ағып жатыр. М1.: Бала кезімізде әр жерде үйлер болған, саманнан 
соғылған. Бір-біріне қосылмаған. 1957 жылы Ертісті су басқан кезде 
бізді әр ауылдарға бөліп тастаған[153]. М2.: Баратын жайлауым 
көбіне Қоңқайдың күңгей беті, әйтпесе Балғын ауылына апаратын 
бұталқы шолақ өзенінің жағасы [170,207б.].
БАЛҒЫН – бұлақ, Үлкеннарын а.о. М: Таудан мөлдір бұлақ ағып 
жатыр. Суы өте дәмді, балдай тәтті. Дәмді болатын себебі өте 
пайдалы шөптер өскен. Балғынның жері шалғынды, балғынды жер. 
Жеміс-жидекке, емдік шөптерге бай өлке[153].
БАЛҒЫН – өзен, Үлкеннарын а.о. Жыңғылдар тұқымдасына 
жататын балғын атты бұтаның өзен бойында көп кездесуіне қатысты 
да атау қойылуы мүмкін. М.1: Сұлушоқының жанында тағы бір шоқы 
бар. Сырттан қарағанда түйенің қос өркеші тәрізді. Сұлушоқыдан 
бастау алатын өзенді Балғын деп атаған. Суы мол болған, балығымен 
ел-жұртты асыраған [153]. М.2: Балғын - Нарынға келіп құятын 
басты өзен[76,66 б.]. М.3: На малоизученной в этом плане территории 
Нарымской долины так же можно найти следы древних копей. 
Например, в верховьях речушки Балғын (там, кстати, не водится 
рыба, по-видимому, из-за родоновых примесей в воде) обнаруживаются 
фрагменты вырытых в древности колодцев, где велась добыча руды[12, 
39с.].
БАЛҒЫН – сай, Үлкеннарын а.о. М.: Үнемі самал жел соғып тұрады 
Оны «Қашқын сайы» деп те атаған. Азамат соғысы кезінде қызыл мен 
ақтар қашқан. Судың тазалығы сондай, анализге жібергенде бұл суды 
тазаламай-ақ қолдануға болатыны анықталған [136].
БАЛКОНТАС – тау, Жамбыл а.о. Тұрған жерінен сыртқа қарай 
шығыңқы тұрған тасты жергілікті тұрғындар тұрпатына қарай осылай 
атап кеткен [120].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет