Зат – нақты болмыс, ал оның неден құрастырылатыны (материя) – бұл мүмкіншілік, болмыс қабілеттілігі. Оның ойынша, Платон дәріптейтін идеялар материалдық әлемді бейнелейтін түсініктер ғана, яғни заттардың көшірмесі болады.
Форма заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, “Бұл не?” деген сұраққа жауап береді.
Қозғаушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, “Қозғалыс қайдан басталады?” деген сұраққа жауап береді.
Мақсат себеп, немесе өзгерудің себебі, “Не үшін?” деген сұраққа жауап береді.
Адамның жаныоның мәні тәріздес немесе денесінің түрі ретінде өмірдің мағынасы мен бағыттылығын көрсетеді. «Жан тірі дененің бастауы мен себебі болады».
Барлық тірілердің жаны болатынын меңзеген Аристотель оның үш түрін ажыратады:
Біріншісі – көбейе алатын қабілеті бар және зат алмасуды жүзеге асыратын өсімдіктер иеленген жан.
Екіншісі – жануарлардың үлесіне тиетін сезімдік жан, оның өсімдіктен айырмасы – түрді түйсіктің көмегімен қабылдау қабілетіне ие болуы.
Жанның үшінші түрі– адамға тиесілі ақыл, мұның алғашқы екеуден айырмашылығы – «таниды және ойлайды».