«Платон маған дос, бірақ ақиқат қымбатырақ» деген қанатты сөзді айтқан ол, Платон ілімін байыпты сынға алады.
Негізгі еңбектері: «Метафизика», «Органон», «Категориялар», «Никомахтың этикасы», «Үлкен этика», «Саясат», «Экономика», «Афинаның саяси өмірі», «Риторика өнері», «Өлең сөз туралы»және т.б.
Аристотель болмыс туралы өз түсінігін тұжырымдайды: болмыс – түйсік арқылы қабылданатын заттар әлемінің өмір сүруі.
Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді:
Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп “Неден?” деген сұраққа жауап береді. Аристотель материя жалпыға ортақ себеп, өйткені онсыз болмыс та жоқ деп есептеді. Ол енжар, түрсіз, қандай да бір түрге ену үшін керекті бастау. Қозғаушы себеп (қозғалыс) жалпы материядан нақты материяға баратын жолдан өтеді.
АРИСТОТЕЛЬ
384-322
гг. до н.э.
Философияны Аристотель “бірінші философия” және “екінші
философия” немесе метафизика және физика деп бөледі. Оның
пікірінше, метафизика барлық ғылымдардың арасындағы ең
құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен