Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет17/53
Дата26.02.2017
өлшемі5,1 Mb.
#5002
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53

Омонимические  отношения  фразеологизмов 
возникают  тогда,  когда  одинаковые  по  составу 
фразеологизмы выступают в совершенно разных 
значениях:  брать  слово1 - 'по  собственной 
инициативе  выступать  на  собрании'  и  брать 
слово2  (с  кого-либо) - 'получать  от  кого-либо 
обещание, клятвенное уверение в чем-либо'. 
Омонимические  фразеологизмы  могут  появ-
ляться  в  языке,  если  в  основе  образных  выра-
жений  оказываются  разные  признаки  одного  и 
того  же  понятия.  Например,  фразеологизм  пус-
кать  петуха  в  значении - 'устраивать  пожар, 
поджигать что-либо' восходит к образу огненно-
рыжего  петуха,  напоминающего  по  цвету  и 
форме  хвоста  пламя  (вариант  фразеологизма - 

110                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
пускать  красного  петуха);  фразеологизм  же 
пускать (давать) петуха в значении - 'издавать 
фальшивые  звуки'  создан  на  основе  сходства 
голоса  певца,  сорвавшегося  на  высокой  ноте,  с 
"пением"  петуха.  Такая  омонимия  является  ре-
зультатом  случайного  совпадения  компонентов, 
образующих фразеологические обороты. 
В  иных  случаях  источником  фразеологи-
ческих  омонимов  становится  окончательный 
разрыв значений многозначных фразеологизмов. 
Например,  значение  фразеологизма  ходить  на 
цыпочках  - 'ходить  на  кончиках  пальцев  ног' 
послужило основой для появления его образного 
омонима  ходить  на  цыпочках - 'заискивать, 
всячески  угождать  кому-либо'.  В  подобных 
случаях  трудно  провести  границу  между 
явлением  многозначности  фразеологизма  и 
омонимией двух фразеологических единиц. 
Особо  следует  сказать  о  так  называемой 
"внешней  омонимии"  фразеологизмов  и  сво-
бодных  словосочетаний.  Например,  фразео-
логизм  намылить  шею  означает - 'проучить 
(кого-либо),  наказать',  а  семантика  свободного 
сочетания  намылить  шею  полностью  мотиви-
рована  значениями  входящих  в  него  слов: 
Нужно  хорошенько  намылить  шею  ребенку, 
чтобы  отмыть  всю  грязь.  В  таких  случаях 
контекст подсказывает, как следует понимать то 
или иное выражение - как фразеологизм или как 
свободное  сочетание  слов,  выступающих  в 
своем  обычном  лексическом  значении;  напри-
мер:  Тяжелая  и  сильная  рыба  бросилась...  под 
берег.  Я  начал  выводить  ее  на  чистую  воду  
 
 
 
(Пауст.).  Здесь  выделенные  слова  употреб-
ляются  в  их  прямом  значении,  хотя  в  языке 
закрепилось  и  метафорическое  использование 
этого  же  словосочетания - фразеологизм  выво-
дить на чистую воду. 
Однако,  поскольку  свободные  словосочета-
ния  принципиально  отличаются  от  фразеоло-
гизмов, говорить об омонимии таких выражений 
в  точном  значении  термина  нет  оснований:  это 
случайное совпадение языковых единиц разного 
порядка: ат қою  1) дать имя ребенку, 2) приска-
кать  на  похороны  на  коне,  плача,  причитая,  
3)  пуститься  в  атаку,  начать  наступление;  көзі 
ашылу – 1) стать  грамотным, 2) избавиться  от 
трудностей, 3) понимать жизнь. 
________________ 
1. Чалкова Е.Г. Основы иноязычной личностно-ориен-
тированной  фразеосемантики:  Дисс.  докт.  филол.  наук. - 
М., 1999. - 330 с. 
2.  Апресян  Ю.Д.  Лексическая  семантика.-  М.:  Школа 
"Языки русской культуры", 1995. 
3.  Шмелев  А.Д.  Русский  язык  и  внеязыковая  дей-
ствительность. М.: Языки славянской культуры, 2002. 
4.  Баранов  А.Н.,  Добровольский Д.О.  Аспекты  теории 
фразеологии. М., 2008. 
5.  Қайдар  Ә.  Қазақ  тілінің  өзекті  мәселері. – Алматы: 
Ана тілі, 1998. 
* * * 
Mақалада  қазақ,  орыс  тілдеріндегі  фразеосемантика 
мәселесі қарастырылады. 
Автор лексикадағы семантикалық қатынастардың тип-
терін көрсетеді. 
* * * 
The article shows phrasal-semantic problems of the 
Kazakh and Russian languages The author  divides the types of 
semantic relationship. 
 
 
 
 
Н. Егізбаева 
 
ШҰҒЫЛ ЖӘНЕ ЫЗЫҢ ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ  
МОРФОНОЛОГИЯЛЫҚ АЛМАСУЫ 
 
 
Жеке  айтылған  дыбыстар  дыбыстар  тіркесі-
мінде  айтылғаннан  ерекше  болады.  Бірінен 
кейін  бірі  тізіліп  айтылғанда  кәдімгі  нормадан 
ауытқушылықтың  болуы  әбден  мүмкін.  Жеке 
бір  дыбысты  айтқанда  дыбыстау  мүшелері  өзі-
нің  қызметін  орындап  болып,  бастапқы  қал-
пына тез оралады. Ал морфемалар құрамындағы 
дыбыстарды  айтқанда,  мұндай  процесс  бол-
майды, дыбыстау мүшелері ары қарай жұмысын 
жалғастыра береді. Осы жағдайда дыбыстар бір-
біріне  әсер  етеді,  морфемалар  бір-бірімен 
кірігеді,  дауысты  дыбыстар  дауыссыздармен,  
 
 
дауыссыздар  дауыстылармен  жымдасып  айты-
лады.  Осындай  жағдайда  дыбыстар  әртүрлі 
өзгерістерге  түседі.  Осылайша    комбинаторлық 
өзгерістер жүзеге асатыны белгілі. 
Қазақ  тіл  білімінде  шұғыл  дауыссыз  ды-
быстардың  айтылуда  ызыңға  жуықтайтындығы 
жайлы пікірлер бар. Бұл турасында академик Р. 
Сыздық: «Екі  дауыстының  ортасында  келген  б 
дыбысы  қазақ  сөздерінде  жеке  тұрғанда  айты-
луынан  сәл  өзгешелеу  болып  естіледі.  Мысалы, 
Абай,  таба,  көбелек  сөздеріндегі  б  дыбысын 
айтқанда,  екі  ерін  бір-біріне  тиіп,  қатты  жуыс-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   111 
 
 
пайды» [1, 117 б.]  деген  пікір  айтады.  Бұл 
пікірді С. Мырзабеков былайша өрбітеді: «Тек б 
ғана  емес,  шұғыл  дауыссыздардың  бәрі  дерлік 
сөз  ішінде,  әсіресе  дауыстылар  қоршауында 
ызың  болып,  немесе  соған  бейім  айтылады. 
Мәселен,  Абай,  ақын,  ата,  әке,  ана,  адам,  апа 
сияқты сөздердің құрамындағы б, қ, т, к, н, д, п 
дыбыстарын  жеке  тұрғандағысындай  шұғыл 
етіп  айту  жарамайды.  Дұрысы,  бұлар,  жуасып, 
босаң, ызыңға жуықтап дыбысталуға тиіс» [2, 63 
б.]. 
Д-л,  л-д  дыбыстарының  алмасуы  арқылы 
жасалған  нұсқалар,  мысалы,  тыңда – тыңла, 
маңдай – маңлай,  таңдай – таңлай,  ақшадай – 
ақшалай, шикідей – шикілей, дүріл – гүріл, мұңды 
–  мұңлы    тілімізде  жарыса  қолданылып  жүр. 
Мұндағы  дыбыс  алмасуы  морфемалар  жігінде 
ңд  дыбыстық  тіркесінен  гөрі  ңл  дыбыстық 
тіркесінің  өнімді  қолданылуының    әсері  болуы 
мүмкін.  
Бұл  құбылысты  морфонологиялық  деуіміз-
дің бір себебі позицияға тәуелсіз, мысалы көптік 
жалғауларының -лар/-лер нұсқасын да, -дар/-дер 
нұсқасын  да  сөзге  жалғап  айтуға  болады.  
А.  Айғабылұлы  тұлғалар  жігіндегі  дауыссыз 
дыбыстардың  үндесуін  фонетика  аясында  асси-
миляция  деп  қарастырылып  келе  жатқанына 
қарамастан,  кейде  позицияға  тәуелсіз  дыбыс 
алмасуларының  болатынын,  яғни  кейбір  ауыт-
қушылықтарды  морфонологиялық  деп  көрсе-
теді. Мысалы: теңлік > теңдік, шыңла > шыңда, 
теңле > теңде, оңлы > оңды т.б.  [3, 39 б.] 
Қазақ  тілі  говорларындағы  л-д  алмасуы – 
жиі  кездесетін  құбылыстардың  бірі.  Диалек-
толог  ғалымдар  д-л  дыбыстарының  алмасуы 
оңтүстік және шығыс говорларына тән екендігін 
айтады.  Кейбір  сөздердің  түбірінде,  мысалы,  
маңлай – маңдай,  түңлік – түндік,  таңлай – 
таңдай,  алал – адал,  ал  кейбір  ң  дыбысына 
бітетін  сөздерге  -ла, -ле, -да, -де, -та, -те  
жұрнақтары  жалғанғанда  тек  -ла, -ле  варианты 
жалғанып  айтылады.  Мысалы,  тыңла,  аңла, 
таңла. Дауысты дыбыстарға бітетін түбірлерге -
лай, -лей, -дай, -дей  жұрнақтары  жалғанғанда 
ақшалай – ақшадай,  жылылай – жылыдай, 
екіншілей – екіншідей,  тірідей – тірілей  болып 
алмасады. Ң дыбысына бітетін кейбір түбірлерге 
-лық, -лік,-дық, -дік, -лы, -лі, -ды, -ді  қосым-
шалары  жалғанғанда  мұңлы – мұңды, теңлік – 
теңдік,  саңлақ – саңдақ,  бірлі  жарым – бірді 
жарым, шаңлақ – шаңдақ  болып қолданылады. 
Профессор  А.  Айғабылұлы  п-б,  т-д,  қ-ғ,  к-г 
түрінде  алмасуы  тіліміздің  эволюциялық  даму 
барысындағы  ұяңдану  үдерісінің  нәтижесі  деп 
түсіндіреді. Ғалым «п, б дыбыстары м, у дыбыс-
тарымен,  қ,  ғ  дыбыстары  й,  у  үнді  дыбыста-
рымен  алмасуында  да  назар  аударарлық  мәселе 
бар.  Мысалы,  жыпсық – жымсық,  құрбан – 
құрман, күбілжі – күмілжі, жап – жамыл, бақ – 
бау, соқ – сой т.б. сияқты варианттар да тіл арты 
дыбысының тіл алдына жылжу тенденциясымен 
пайда  болған.  Тіл  алдына  жылжу  тенденциясы 
үнді  дыбыстардың  өзара  алмасуы  кезінде  де 
байқалады. Мысалы, ң-у (аң – ау, аңсар – аусар), 
н-й (тыныш – тыйыш), л-н (түгелде – түгенде
алмасулары осыны байқатады [3,46].  
Х. Кәрімов жоғарыда көрсетілген мысалдар-
ды осыған ұқсас жіктеп, бұл құбылысты қосым-
шамен  түбір  арасында  іске  асатындықтан  мор-
фонологиялық  деп  тану  орынды  екендігін  ай-
тады [5, 139 б.]. Х. Кәрімовтің бұл тұжырымын 
біз  толық  қолдаймыз,  біріншіден,  бұл  алмасу 
морфемалар  жігінде  іске  асады,  екіншіден  бар-
лық  сөздерді  бірдей  қамтымайды.  Маңлай – 
маңдай,  түңлік – түндік,  таңлай – таңдай  сөз-
дері  қазіргі  тілімізде  түбір  сөздер  сияқты  бол-
ғанымен,  көне  түркі  жазба  ескерткіштерімен 
салыстырғанда  туынды  түбірлер  екенін  түсі-
неміз. Сонымен қатар қазақ говорларында әдеби 
тілде  л  айтылатын  сөздер  құрамында  д-ның 
келуі мынадай    позицияларда кездеседі:  
1)  й  дыбысы  мен  дауысты  дыбысқа  аяқта-
латын  біраз  сөздерге  көптік  жалғауы  жалған-
ғанда  л-д  алмасуы  жүзеге  асады:  олар – одар, 
бұлар – бұдар,  аналар – анадар,  мыналар – 
мынадар, нелер – недер, әлгілер – әлгідер, қойлар 
–  қойдар,  үйлер – үйдер,  бұрынғылар – бұ-
рынғыдар т.б. 
2)  Сын  есім  тудыратын  -лы/-лі  жұрнағының  
кейбір  сөздерге  -ды/-ді  нұсқасы  жалғанады. 
Мысалы: сырлы аяқ – сырды аяқ, үйлі-баранды – 
үйді-баранды, бірлі-жарым – бірді-жарым т.б. 
Көптеген түркі тілдерінде морфемалар жігін-
де  л  дыбысы  айтылатын  жерде  қазақ  тілінде  
д  қолданылады  және  бұл  құбылыс  «Күлтегін» 
және Махмуд Қашқари сөздігінде де байқалған. 
Бұдан  пайымдайтынымыз:  л  дыбысы  алғаш 
пайда  болып    кейінгі  кезеңдерде  д  дыбысына 
ауысқан.  С.Омарбеков  бұл  дыбыстардың  алма-
суына көршілес түркі тілдерінің ықпалынан деп 
айту қиын дейді, мысалы,  түңлік – түндік сөзі-
нің    түңлік  варианты  шығыс  Қазақстанда  жиі 
қолданылады.  Мысалы,  дуадақ  сөзі  қарақалпақ 
тілінде тууалақ – дууалақ, ал өзбек тілінде тува-
лоқ  [5, 1 б.].  Яғни,  -дақ, -лақ, -тақ  деген  нұс-
қалары  бар.  Демек,  бұл  сөзде  де  л-д  алмасуы 
морфемалар жігінде іске асады. 
Профессор  С.  Омарбеков  л-д  және  л-т  ды-
быс  алмасуларын  Моңғолия  Республикасының 
Баянөлгей  аймағында  тұратын  қазақтардың 

112                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
тілінен  келтіреді  (солар – содар,  сөйле – сөйде, 
ойлы-қырлы – ойдұ-қырды, батырлық – батыр-
дық).  Ғалым  бұл  дыбыс  алмасулардың  себебін 
былайша түсіндіреді: 1) көптік жалғауы (ағадар 
– ағалар, інілер – інідер); 2)  етістік тудырушы -
ла жұрнағы (терле – терде, айғайла – айғайда, 
үйлен – үйден); 3) сын  есім  тудырушы  -лы 
жұрнағы (қарлы – қарды, неғұрлым – неғұрдым, 
байлаулы – байдауды); 4) -лық қосымшасының -
дық  түрінде  қолдану  (қорлық – қордұқ,  денсау-
лық – денсаудық,  кедейлік – кедейдік); 5) шет 
тілден енген сөздер (дәулет – дәудет, Бағдәулет 
– Бағдәудет, Қайролда – хайр-аллах, Файзолда – 
фаизаллаһ) [5, 134-136 бб.].  
Б.А.  Серебренников  «Из  истории  звуков  и 
форм  тюрских  языков  (о  чередовании  началь-
ных  b  и  m)»  деген  мақаласында  аталған  алмасу 
туралы былай дейді: «Одной из примечательных 
особенностей  тюркских  языков  является  до-
вольно трудно объяснимое и нерегулярное чере-
дование начальных b и m в словах, материальное 
родство  которых  представляется  совершенно 
бесспорным,  ср.  татар.  борчак  «горох»,  шорск. 
мырчак;  тур.  bin  «тысяча»,  татар.  мең;  татар. 
борын  «нос»,  казах.  мұрын;  якутск.  бус  «лед», 
тур.  buz,  татар.  боз,  узб.  мус;  татар.  башак 
«колос»,  казах.  масақ;  татар.  балта  «топор», 
шорск.  малта  и  т.  д.» [6, 3 б.].  Бұл  құбылыс 
қазіргі кезде бір тілдің өз ішінде кезедесетіндігі 
және фонетикалық заңдылықтарға тәуелді емес, 
морфонологиялық  дыбыс  алмасулар  ретінде 
дәлелденіп отыр. 
Мысалдар: бәпеле – мәпеле: Оған күн де, жел 
де  тигізбей,  гүл  секілді  мәпелеп  өсіріп  келе 
жатқан-ды (І. Есенберлин). Қатира бастаған бір-
екі әйел бір үйде: балаларды шомылдырып, таза 
киімге  орап,  бесікке  салып,  бәпелеп  жатыр. 
Бұндай – мұндай:    Бұрын  бұндай    жауды  кезік-
тірмегендіктен  де  киіктер  бой  салып  қашпады 
(С. Елубаев). –Қой, өзіңдікі шығар - деймін мен 
қай  кезде  мұндай  өлең  шығарғанымды  есіме 
түсіре алмай (Ә. Нұршайықов). Бұнша – мұнша
–Ой,  сабазым,  неге  бұнша  сабылдың! – деді 
Әухам  (Ғ.  Мұстафин).  Онша  да  мұнша  жүріп, 
жолда  қалған  аттың  жырын  жырлағаным  осы  
(С. Жүнісов). Бекем – мекем: Келін кеше кетем 
депті,  Белді  будым  бекем  депті  (Б.  Майлин,). 
Алба-жұлба – алба-жұлма:  жұлығынан  аяғы 
шығып  алба-жұлба  болып  бүрсеңдеп  бір  әйел 
келді  (Б.  Майлин).  Қалабай  мектепке  басқа 
балалардай  алма-жұлма  болып  жүдеп  келген 
жоқ  (Ө.  Тұрманжанов).  Құрбан – құрман;  құр- 
 
 
 
бандық – құрмандық:  Құрмандық  шалатын, 
садақа  тастайтын  дөңгелек  сажда  от  сәулесімен 
жалт-жұлт  етеді  (Ә.  Шәріпов).  Әбіш  қана 
ауылдағы  азын-аулақ  шал-шауқандардың  жина-
лып,  құрбандық  айтып,  мал  шалып  жатқанынан 
хабардар етіп қойды (М. Дүйсенов). Мейірман – 
мейірбан:  Мейірман  ағасының  айтуымен  ол 
күзді күні оны жөндеп қайтадан салған (М. Дүй-
сенов).  Бүгжеңдеп  кетіп  бара  жатқан  мейірбан 
ананың  артынан  ұзақ  қарап  тұрып  қалдым  
(Р. Сәрсенбаев). Бипазда – мипазда: Оны мипаз-
дап мақтап алу қажет (С. Бақбергенов).  
П-м  дыбыстарының  алмасуы  төмендегідей 
мысалдарда кездеседі: 
Башпақ – башмақ:  Мақсұт  бұрынғы  киімін 
сонда қалдырып, жаңадан аяғына башпақ, үстіне 
шапан  сияқты  ұзын  киім  кигізді  (Б.  Шалабаев). 
Етік,  кебіс,  мәсіден  басқа  башмақ,  былғарымен 
жұлықтаған  киіз  етіктер  жасалады  (С.  Қаси-
манов).  Жанапайла – жанамайла:  Дәрігер  әйел 
мұны  жанапайлап,  сөзді  от  алғандай  лыпыл-
датып  келеді  (С.  Шаймерденов).  Шал  мал 
қайырған адам боп жанамайлап, ақботаның қа-
сынан  өте  берді  де,  құрықты  сілтеп  кеп  қалды 
(З. Шашкин). Пұрсат – мұрсат: – Пұрсат бер-
сеңіз  бірер  күннен  кейін  жауап  берейін, – деді 
(С. Омаров). 
Сонымен  қазақ  тілінде  шұғыл  дауыссыз 
дыбыстардың айтылуда ызыңға жуықтайды.  Д-
л,  л-д  дыбыстарының  алмасуына  ңд  дыбыстық 
тіркесінен  гөрі    ңл  дыбыстық  тіркесінің  өнімді 
қолданылуының    әсері  болуы  мүмкін.  Ал  б-м 
және  п-м  дыбыстарының  алмасуы  «дағды  фак-
торына»  байланысты  қалыптасқан  морфоноло-
гиялық құбылыс деуге болады. 
_______________ 
1.  Сыздықова Р. Сөз сазы. – Алматы, 1995. – 325 б. 
2.  Мырзабеков  С.  Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі. – 
Алматы: Сөздік-словарь, 1999. – 200 б. 
3.  Айғабылұлы А. Қазіргі қазақ тілі. Морфонология. – 
Алматы, 1999. – 199 б. 
4.  Кәрімов  Х.  Қазақ  диалектологиясының  кейбір 
мәселелері. – Алматы, 1973. – 48 б. 
5.  Омарбеков  С.  География  фонетических  различий 
казахской речи. –Алма-Ата: Рауан, 1992. – 223 с. 
6.  Серебренников  Б.А.  Из  истории  звуков  и  форм 
тюрских  языков  (о  чередовании  начальных  b  и  m) // 
Советская тюркология. – 1971. – №6. – С.3-11. 
* * *
 
В  статье  рассматривается  морфонологическое  чере-
дование  смычных  согласных  с  шипящими  согласными  в 
казахском языке. 
* * *
 
The morphonological alternation of concordant with 
hissing consonants in the Kazakh language is considered in the 
article. 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   113 
 
 
Қ. Е. Есенова 
 
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ 
УӘЖДІ-УӘЖСІЗ ҚОЛДАНЫЛУЫ
 
                                                                                                                         
Жергілікті атаулар – сөйлеу стиліне тән тіл-
дік  құбылыстар.  Ауызекі  сөйлеу,  яғни  комму-
никативті акті арқылы жеке тұлғаның санасында 
жатталып, жұмсалымдық, қолданымдық деңгейі 
жиі  болғандықтан,  жеке  тұлғаның  жеке  сөздік 
қорына  сіңген  диалектілер  сол  жердің  тұрғын-
дары  үшін  ғана  ортақ,  жалпылық  сипатқа  ие 
болады.  Бұл – заңды  құбылыс.  Осы  тұрғыдан 
келгенде  де,  жеке  жазушылар  өз  ойын  ұтымды, 
ұтқыр,  өзіне  қолайлы  етіп  жеткізу  мақсатында 
диалектілерді шектен тыс еркімен қолданатыны 
байқалады.  Екіншіден,  өзінің  сөздік  қорына 
сіңіп  кеткен  диалектизмдердің  әдеби  тілдегі 
вариантын  іздеп  жатуды  аса  қажет  деп  есеп-
темейді.  Үшіншіден,  кейбір  жергілікті  тіл 
ерекшеліктерінің,  әсіресе  заттық  және  рухани 
мәдениет  атауларының  әдеби  тілдегі  варианты 
мүлде  жоқ.  Бір  зат  немесе  құбылыстың  атауы 
біреу  ғана,  бірақ  оның  өзі  диалектизм  деп 
саналып,  диалектологиялық,  аймақтық  сөздік-
терде  тіркелген.  Белгілі  бір  изоглостық  дең- 
гейімен шектеліп тұрған, жалпыхалықтық сипат 
ала  алмай  отырған,  бірақ  сол  заттың  негізгі 
жалғыз  атауы  болып  танылған  сөздерді 
диалектизм  қатарына  емес,  әдеби  тіл  қатарына 
енгізу  керек  сияқты.  Бұл  жердегі  бір  ғана 
аймаққа  тән  деген  қағиданы  сол  сөзге  ғана 
қатысты тілдік ауытқу ерекшелігі деп көрсеткен 
дұрыс болар еді.  
Бұл  орайда  Ш.  Сарыбаевтың  «Жергілікті 
ерекшелік - әдеби  тілді  байытудың  көзі,  әдеби 
тілге  әр  кезде  азды-көпті  еніп  отырады,  әдеби 
қолданысқа түскеннен кейін ол диалект болудан 
қалады. Егер жергілікті ерекшелік (диалект сөз) 
көркем  шығармада  арнайы  стильдік  мақсатта 
қолданылса,  оны  «диалектизм»  деп  атауға 
болады» [1, 37 б.], – дейтін пікірі көркем шығар-
мада  қоланылатын  жергілікті  ерекшеліктерді 
ажыратып,  танып  сипаттауға  мүмкіндік  береді. 
Сонымен  қатар  бұдан  кейінгі  азды-көпті  зерт-
теулерде  осы  термин  ұтымды  қолданылып 
келеді.  
Диалектілер,  сөйленістер  (говорлар) – ұлт-
тық тілдің белгілі бір аймақтағы сөз құрауда, сөз 
тіркесін жасауда тарихи қалыптасқан, өзіне ғана 
тән  дыбыстық  ерекшеліктері  бар  тармақтары 
болып  табылады.  Алайда  ол  «дұрыс»  сөйлеу 
тілімен салыстырғанда, нормадан ауытқу болып 
есептеледі.  
 
 
Көркем шығармада жергілікті тіл ерекшелік-
терінің  уәжді-уәжсіз  қолданылу  мәселесін  сөз 
ете  келіп,  академик  Р.  Сыздық: «Диалектизм-
дерді  көбірек  қолдану  өзге  жазушыларды  да, 
әсіресе соңғы ширек ғасыр ішінде жарық көрген 
үлкенді-кішілі  проза  үлгілерінде  орын  алады. 
Мысалы, Б. Алдамжаровтың «Қара нөсер» атты 
шағын  шығармасында («Жазушы»  баспасы, 
1981) кейіпкерлер тілінде де, автордың өз баян-
дауында  да  ояғын  (ол  жағын),  анаяқ  (ана  жақ), 
іжқайда (еш қайда), ақ кеуілділік (ақ көңілділік), 
еге (ие), ауыш (ауыс), бәте (бата), кәйтсін (қайт-
сын), дайра (дария), ыңғи (ылғи), сояқ (сол жақ), 
құдағай  (құдағи),  отқан  (отырған),  аял  (әйел), 
жүрәт (жұрағат), ешек  (есек), пәт (бет), бір буат 
қағаз  (бір  бума  қағаз),  бүймәлім  (беймәлім), 
жаңғыз (жалғыз), тиыш (тыныш), лайқат (лайық), 
сүгірет  (сурет),  ірә  (тіпті),  енапат  (ағыл-тегіл), 
баратса  (бара  жатса),  кәдірлі  (қадірлі),  бір 
күншідей  (бір  күнгідей)  сияқты  ондаған  сөз 
стильдік  мақсатта  да  (мүмкін,  айталық,  кейбір 
кейіпкерлер  тіліндегісі),  ешбір  зәруліксіз  де 
молынан қолданылған.  
Мұндайда  екі  нәрсені  іздеуге  тура  келеді: 
бірі – қалың  көпшілікке  бейтаныс  сөздерді 
шамадан  тыс  әрі  түсіндірмей  қолданып,  көркем 
шығарманың  басты  шарты  жалпыға  ортақтық-
тан  ауытқу,  екіншісі – шығарма  тілін  диалекті-
лендіру  екендігі  айтылады.  Әрине,  жоғарыда 
келтірілген  мысалдар  бірінші  жағдайды  таны-
тады,  мұнда  диалектизмдерді  жазушы  белгілі 
бір  стильдік  мақсатпен  әдейі  қолданған  деуден 
гөрі,  жауапсыздық  көрсеткен,  нәтижесінде 
көркем  сөз  нормасынан  ауытқыған  деп  тануға 
тура келеді» [2, 242 б.], – деп көркем шығармада 
диалектизмдерді  қолданудың  уәжсіздігін  баса 
айтып,  нормаға  қатысты  алғанда,  жауапсыздық 
қатарында таниды.  
Мұндай  қолданыстарды  уәжді,  мақсатты 
қолданыстар  қатарына  жатқызуға  болмайды.  
Себебі  бұлар  көркем  шығармада  белгілі  бір 
қызмет  атқарып,  кейіпкер  мінезін  аша  түсу 
мақсатында  қолданылып  тұрған  жоқ.  Оның 
үстіне  әдеби  тілге  енгізуге  болатын,  баламасы 
жоқ  кәсіби  сөз  т.б.  деуге  де  келмейді.  Мұндай 
қолданыстар  негізінен  әдеби  тілде  баламасы 
бар,  әдеби  тілдегі  нұсқамен  лексикалық,  фоне-
тикалық  дублеттер  тудыратын  қолданыстар  бо-
лып келеді. Авторлық баяндаудағы мұндай қол-

114                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
даныс  көркем  туындының  тілін  шұбарлайды, 
оқырманға  беймәлім  сөздер  шығарманың  тіліне 
кері  әсерін  тигізіп,  оның  тілін  түсініксіз  етеді. 
Диалектілерді орынсыз қолдану, әдеби емес сөз-
дерді  мақсатсыз  пайдалану  тілге  нұқсан  кел-
тіріп,  әдеби  тіл  нормаларын  тұрақтандырып, 
дамытуға кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы орайда 
Ә.Т.  Қайдардың: «Әрбір  қаламгер  өз  шығарма-
ларында  белгілі бір өлкеге тән диалектизмдерді 
кейіпкерлердің  аузына  салып  сөйлетуге  ерікті. 
Бірақ  ондай  сөздер  әдеби  тілі  нормасы  бола 
алмайды.  Ал  жазушының  өзі  болса,  жергілікті 
кейіпкерлерше  емес,  жазушы  ретінде  шынайы 
көркем  сөздің  үлгісімен  баяндап,  авторлық 
ремаркада  әдеби  норманы  қатаң  сақтауы  керек. 
Бұл  қағидаға  ұлы  ақын-жазушылардан  бастап, 
көркем  сөз  саласында  бағын  сынаушы  жас 
талапкерге дейін түгел бой ұсынуы қажет», − [3] 
деген  тұжырымын  көркем  шығармада  диалек-
тизмдерді  қолдануға  қойылатын  қатаң  талап 
деуден  гөрі  ұлттық  әдеби  тілдің  тазалығына 
деген жанашырлық деп түсінген жөн. 
Жергілікті тіл ерекшеліктерінің эстетикалық 
мәні  контекстегі  қолданысы  мен  ішкі  уәжділігі 
негізінде  айқындалады.  Шығармада  жергілікті 
тіл  ерекшеліктерінің  қолданылуы  белгілі  бір 
аймақтың  колоритін,  шығарманың  шынайылы-
ғын береді. Ол, ең алдымен, шығарманың тақы-
рыбына,  мазмұнына,  суреттелетін  оқиғаларға, 
автордың  мақсатына,  эстетикалық  идеалы  мен 
шеберлігіне  байланысты.  Алайда  әдеби  тілде 
жергілікті ерекшеліктерді шамадан тыс қолдану 
да  шығарманың  тілін  шұбарландырып,  түсінік-
сіздікке  ұрындырары  сөзсіз.  Осыған  орай,  ака-
демик  Р.  Сыздық: «Түсініксіз  болатын  сөздер – 
белгілі  бір  аймақта  ғана  жұмсалатын  жергілікті 
сөздер,  олардың  ішінде  диалектизмдер  мен 
жергілікті  кәсіби  сөздер,  көне  немесе  сирек 
қолданылатын  сөздер  және  жазушының  өзі 
ұсынған  жаңа  қолданыстар.  Демек,  лексикалық 
норма проблемасының бір ұшы – көркем шығар-
ма  тілінде  диалектизмдердің  көрінісіне  барып 
тіреледі.  
Жазушы  әдетте  айтпақ  ойын  оқырманға 
әсерлі,  дәл  жеткізу  үшін  әр  алуан  стильдік 
құралдарды  іздейді. Мұндайда эмоциялық әсері 
үлкен,  экспрессиялық  бояуы  қалың  сөздерді 
таңдайды.  Халықтың  сөйлеу  тіліндегі  кейбір 
сөздердің, оның ішінде диалектизмдердің осын-
дай  қасиеті  күшті  болады.  Сондықтан  автор 
кейіпкерлерінің  тілінде  де,  өз  тілінде  де  (баян-
дауында  да)  мұндай  сөздерде  әдейі  қолданады. 
Бірақ  осы  қолданыста  бір  жөн  (мотив)  болу 
керек  және  стильдік  жүк  арқалаған  бейтаныс 
сөздің  өзін  «таныстырып»  жұмсау,  яғни  түсі-
нікті  болуын  көздеу  мақсаты  қалып  қалмауға 
тиіс» [2, 242 б.], – дегенді ескертеді. 
Батыс  өңірінің  тұрғындар  тіліндегі  жергі-
лікті ерекшеліктердің көпшілігі сол өңірге көрші 
отырған  түркі  халықтарының  әсерімен  де  бай-
ланысты. Ә. Нұрмағамбетов «Қазақ тілі говорла-
рының батыс тобы» атты еңбегінде Маңғыстау-
да  мекен  еткен  тайпалардың  Алтай,  Моңғолия  
төңірегіндегі  ру,  тайпалармен  байланысты  бол-
ғанын  айта  келіп,  осы  байланыстың  тілдегі 
көрінісі  ретінде  көне  қалдықтарды  сөз  етеді. 
Республиканың  батысындағы  қазақтардың  ал-
ғашқы  отаны – Алтай,  Моңғолия  даласы  төңі-
регі  болғаны  дәл  қазіргі  кездегі  осындағы 
халықтар  мен  қазақ  халқы  құрамындағы  ру-
тайпа  аттарының  дыбыстық  сәйкестігінен 
көрінетінін,  ғалым осы өңірдегі кейбір сөздерге 
тіл  тарихы  тұрғысынан  талдау  жасай  келіп, 
олардың  төркінін  қарақалпақ,  ноғай  тілдерінен 
табуға  болатынын  айтады.  Яғни  батыс  диалек-
тісіндегі  ноғай,  қарақалпақ,  татар,  башқұрт  тіл-
дері элементтері соңғы  кезде  ғана  халықтардың 
көршілес  отыруының  нәтижесіндегі  ауыс-түйіс 
емес,  ноғай  ордасы  дәуірінен  қалған  із  екенін 
дәлелдейді [4, 200 б.].  
Сонымен қатар диалектолог ғалым С. Омар-
бековтың  еңбектерінде    Маңғыстау  қазақтары 
тілінде  түрікпен,  қарақалпақ  тілінен  ауысқан 
сөздердің көп кездесетінін айтады [5; 65 б.].  
XVIII-XIX  ғасырлардағы  Маңғыстау  ақын-
жырауларының  тілін  арнайы  зерттеген  ғалым  
Б.  Нұрдәулетова  бұл  өңірдегі  ақын-жыраулар 
мұсылманша  сауатты  болуына  байланысты 
оларға түркі жазба әдеби тілдерінің әсері ерекше 
болғанын  айта  келіп: «Осы  өлкенің  ауызша 
поэзиясында  ортағасырлық  түркі  жазба  әде-
биетінің ерекше тілдік дәстүрінің қалыптасуына 
тағы  бір  себеп – ғасырлар  бойы  қарақалпақ, 
түрікмен  халықтарымен  іргелес  отырып,  мә-
дени,  әдеби  байланыста  болуы.  Қарақалпақ 
қосуқшылары, түрікмен шайырлары, маңғыстау-
лық  жыршылар  өмірде  де,  өнерде  де  іргелес 
жүріп, бір-бірінен үйренген, қатар жырлаған. Ал 
бұл халықтардың көркем әдеби тілі ортаазиялық 
түркі  жазба  әдеби  тілінің  негізінде  өркен 
жайғаны белгілі» [6, 52 б.], – дейді.   
Әрбір  субъектінің  жасына,  қызметіне,  өмір 
сүрген  ортасына,  күнделікті  тіршілігіне  қарай 
сөз  қолданысы  да  басқалардан  ерекшеленетіні 
белгілі. Олай болса, жазушы образ сомдауда осы 
ерекшеліктерді  мүмкіндігінше  мол  қамтуға 
тырысып,  экстралингвистикалық  факторларды 
ескеруі  тиіс.  Ж.  Мұхамбетов  көркем  шығарма-
дағы  диалектизмдердің  қолданылу  ерекшелік-
теріне  талдау  жасай  келіп,  жазушы  тілін,  сөз 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   115 
 
 
қолдану  ерекшеліктерін  сөз  еткенде,  ең  алды-
мен, екі фактіге, атап айтқанда,  белгілі бір сөз-
дерді  қолдануда  автордың  өзіндік  позициясын, 
мақсатын  түсіну;  автор    бейнесінің  ерекшелік-
теріне мән беру керектігін айтады [7, 56 б.].   
Академик Р. Сыздық қазақ көркем әдебиеті-
нің  проза  саласындағы  лексикалық  нормаларды 
танып-білуде  бүгінгі  таңда  мынадай  сәттерге 
(объектілерге) назар аудару қажеттігін айтады:  
1)  диалектизмдердің  (жергілікті  элементтер-
дің)  жұмсалуы,  яғни  орыс  тіл  білімінде  диалек-
тизация деп аталатын құбылыстың қазіргі қазақ 
көркем  әдебиеті  тіліндегі  көрінісі,  күй-қалпы, 
өріс алу бағыты;   
2)  жалпыхалықтық  тілге  тән  бейнелі  (об-
разды)  сөздерді  жұмсау  тәсілі,  фразеологизм-
дердің сөгілуі;   
3) қарапайым, көне, сирек кездесетін сөздер-
дің жұмсалуы;  
4)  синонимдерді  таңдау,  идеографиялық 
және стильдік синонимдердің қолданысы;  
5)  лексикалық  жаңа  қолданыстардың  орын 
алуы  (қажетсіз  тұста  жаңадан  сөз  жасау  немесе 
қажеті бар жерде ұсынылған жаңа қолданыстың 
сәтті-сәтсіз болуы);  
6)  штамп  сөздер  мен  тіркестерді  қолдану, 
сөздердің  тіркесу  аясын  кеңіту  арқылы  сөз 
мағыналарын  жаңғырту;  
7)  лексикалық  варианттардың  қолданысы, 
яғни морфологиялық, орфографиялық, семанти-
калық, генезистік т.б. жарыспалы элементтердің 
дұрыс-бұрыс жұмсалуы;  
8)  белгілі  бір  сөз  тудырушы  элементтердің 
және  синтаксистік  тәсілдердің  көркем  әдебиет 
тілінде активтенуі;  
9)  көркем  әдеби  тіл  арқылы  лексиканың 
стильдік  жіктерге  (поэтизм,  қарапайым  сөздер, 
канцеляризм т.т.) ажыратыла түсуі. 
Былай  деп  тұжырым  жасайды: «Сөз  жоқ, 
жалпы  көпшілікке  ортақ  емес,  қолдану  аясы 
шектеулі  сөздер  мен  тұлға-тәсілдерді  ешбір 
себепсіз  тоғытып  жұмсау  принципінде  әдеби 
нормаға,  оның  ішінде  ұлттық  көркем  сөз  нор-
масына  қайшы  екендігі  даусыз,  бірақ  текстіге 
бейтаныс  элементтердің  қолданылу  себептерін, 
уәжді-уәжсіздігін, қажеттілік дәрежесін, лексика 
қазынасын  байыту  мүмкіндігін  т.т.  жан-жақты  
 
 
 
түгел  есепке  алған  күнде  ғана  «иісі»  диалек-
тизмнен  қашудың  жөн  еместігі  және  әңгіменің 
бір  ұшы  жазушы  шеберлігіне  (автор  идеясына 
қызмет  еттіре  білу  сипатына)  тікелей  қатысты 
екендігі  байқалады.  Демек,  бұл  жерде  норма 
проблемасы  стилистика  мәселелерімен  ұштас-
тырыла қаралуға тиіс. 
Көркем  әдебиет  тілінде  диалектизмдердің, 
кәсіби  сөздердің  немесе  басқа  да  тосын  қол-
даныстардың  орын  алуын  сөз  еткенде,  оларды 
әрдайым  нормадан  ауытқу,  тіл  мәдениетін  бұзу 
деп тануға болмайды. Бүгінгі қазақ көркем сөзі-
нің  тіл  мәдениетін  сақтау  дегенде,  біздіңше,  ең 
алдымен  сөзді  дәл  қолданбау,  яғни  сөзді  ор-
нымен  дұрыс  жұмсай  алмау,  қажетсіз  кірме 
сөздерді  енгізу,  әдеби  норма  сыртында  тұрған 
элементтерді  ешбір  зәруліксіз  текстіге  енгізуді 
айту керек»  [2, 246 б.].   
Ғалым  тұжырымдарын  негізге  ала  отырып, 
көркем  әдебиет  тіліндегі  жергілікті  тіл  ерек-
шеліктерінің  қолданылу  сипатын  сөз  еткенде, 
олардың мақсатты-мақсатсыз, уәжді-уәжсіз қол-
данылуына,  шығармаға  арқау  болып  отырған 
негізгі  тақырыпқа  қатысына,  жазушы  немесе 
кейіпкер  тілінде  берілу  ерекшеліктеріне  ерекше 
мән бере қараған жөн. 
__________________ 
1.  Сарыбаев  Ш.  Қазақ  тіл  білімі  мәселелері.  Вопросы 
казахского языкознания. –     Алматы, 2000. – 621 б. 
2. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 
272 б.  
3.  Қайдар  Ә.Т. Сөз  өнері  дертпен  тең//Қазақ әдебиеті, 
1983, 29 июль. 
4.  Нұрмағамбетов  Ә.  Қазақ  тілі  говорларының  батыс 
тобы. – Алматы, 1978. 
5. Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті 
ерекшеліктер. – Алма-Ата: Ғылым, 1965. – 201 б.  
6.  Нұрдәулетова  Б. XVIII-ХІХ  ғасырлардағы  Маңғыстау 
ақын-жырауларының  тілдік  ерекшеліктері:  филол.  ғыл. 
канд. ... дисс. – Алматы, 1999. – 138 б. 
7.  Мұхамбетов  Ж.  Көркем  мәтіндердегі  диалектизм-
дердің  этномәдени  мәні:  филол.  ғыл.  канд. ... дисс. – 
Алматы, 2007. – 118 б.  
* * * 
В статье рассматриваются местные особенности языка, 
колорит  одной  местности,  который  помогает  увидеть 
истину. 
* * * 
In the composition of local feature of language are applied 
known color of one edge, where we can see truth of 
composition. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет