Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет21/53
Дата26.02.2017
өлшемі5,1 Mb.
#5002
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53

* * * 
The article deals with the role of word order and actual 
membership in the formation of a text. Generally these two 
categories are very important in text formation. As states O. 
Moscolskaya the word order helps to build up combinations 
between sentences to combine the components from 
grammatical point of view, as well as to emphasize the meaning 
of the sentence. A. Mamedov states about it: The analize of the 
event word order demands the address to larger frame than 
sentence frame. It does not depend on which genre the text is
but the word order differs from one text to another. It means 
that the word order in scientific texts is completely differs from 
the word order in literary texts. 
Sometimes the actual membership is understood as the 
meaning membership. In order to express some opinion clearly 
the sentences joined in connected way and form the text. Y. 
Lotman writes about actual membership: "The actual 
membership of sentence reflects the functional perspectives of 
the sentence, in other words the manner of joining of the 
sentence in the act of communication. 
 
 
 
 
Ж. К. Киынова 
 
ҚАЗІРГІ ДІНИ СТИЛЬ ЖӘНЕ ИСЛАМ ЛЕКСИКАСЫН  
ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
Қазіргі кезең лингвистикасының, оның ішін-
де функционалды стилистика саласының көкей-
есті мәселелерінің біреуі – функционалды стиль-
дер  жүйесіне  діні,  немесе  шіркеу-діни  стилін 
(Крысин  Л.П.,  Крылова  О.А.  т.б.)  кіргізуі  және 
осы  мәселеге  қатысты  ғалымдардың  әртүрлі  
 
 
көзқарастарының  дау  тудыруы.  Бұл  қазіргі  за-
манда  қоғамдық  өмірдің  маңызды  салаларының 
бірі  – дін аясын қамтамасыз ететін стиль қажет-
тілігінен  пайда  болды.  Орыс  тілінің  стилисти-
калық  энциклопедиялық  сөздігі  аталмыш  діни 
стильге  келесідей  анықтама  береді: «Церковно-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   135 
 
 
религиозный стиль – функциональная разновид-
ность  современного  русского  литературного 
языка,  обслуживающая  сферу  церковно-рели-
гиозной  деятельности  и  соотносящаяся  с  рели-
гиозной  формой  общественного  сознания» 
[1:612].  Қазіргі  кезде  діни  стильдің  дін  сала-
сында белсенді қызмет істеуі, жеке стиль болып 
қалыптасуы айқын.  Оның тек өзіне тән ерекше, 
стилистикалық  белгіленген  лексикалық,  морфо-
логиялық,  синтаксистік  құралдар  жүйесі  және 
объективті стильқұраушы факторлары бар. Дәс-
түрлі,  әдеби  тілде  қалыптасқан    стильдер  әр-
түрлі, тек өздеріне лайық салаларға қызмет етуі-
не  байланысты  әртүрлі  қоғамдық  сананы  қам-
тиды: ауызекі стиль - әдеттегі сананы, ғылыми – 
ғылымдық,  ресми-іскерлік – құқықтық,  публи-
цистикалық – идеологиялық,  әдеби – эстети-
калық,  ал  діни  стиль – діндік  сананың  көрсет-
кіші болып табылады. 
Жалпы  діни  дискурстың  пайда  болуына  және 
жеке  функционалды  стиль  болып  қалыптасуы-
на  қоғамдағы  өзгерістер  тура  әсерін  тигізеді. 
Тарихты еске алатын болсақ, Қазан төнкерісінен 
кейін  дін  тақырыбына  табу  қойылып,  кеңес 
дәуірінде аттеисттік идеология кеңінен насихат-
талған,  соның  нәтижесінде  қоғам  мүшелерінің 
дінге  көз  қарастары  теріс  болып,  оны  социа-
листік  болмысқа  қарама-қарсы  келетін    ақиқат 
ретінде  танылатын  қағида  (догма)  деп  қабыл-
даған. Кейін, кеңес дәуірі аяқталып, одақтас рес-
публикалар  егемендікке  ие  болып,  жеке  мем-
лекет  болып  қалыптасуымен  бірге  ұмыт  болған 
жалпы  адамзат  рухани  құндылықтары  қайта 
оралуы  басталды. XX ғасырдың  соңында  орын 
алған  посткеңестік  кезеңдегі    қоғамдық-саяси 
және  мәдени  өзгерістер  қоғамдық  сананың  са-
палы  өзгеруіне  әкеледі,  сол  посткеңестік  кеңіс-
тіктегі мәдени-тарихи парадигмаларының ауысуы 
діндік  сананың,  сонымен  байланысты  ерекше 
дүниетанымның  қалыптасуына,  ықпалын  тигіз-
ді.  Ал  тіл – қоғамдық  құбылыс  болғандықтан 
қоғамдағы  өзгерістердің  барлығына  әрекет 
етеді. Сондықтан тілдің перифериясына қолдан-
бағандылықтан  шығып  кеткен,  дінге  байла-
нысты  лексика  қайта  орала  бастайды.  Орыс 
тілінде дінге байланысты лексиканы шіркеусла-
вян  тілінен  христиан  дінін  қабылдаумен  бірге 
ауысқан  сөздер  құраса,  қазақ  тілінде – ол 
көбінесе  араб  тілінен,  ислам  дінімен  бірге 
келген сөздер. Дінге байланысты лексемалардың 
кеңінен қолданылу динамикасы қоғамның дінге 
аса  көңіл  бөлуін  дәлелдейді.  Осыған  байла-
нысты  Оноприенко  С  «Библеизмы  в  современ-
ном  русском  языке»  атты  кандидаттық  диссер-
тациясында  осы  Қасиетті  кітаптағы  сөздердің 
қазіргі  тілде  қолданылу  себептерін  зерттеп, 
осылайша пікір айтады: «За свою тысячелетнюю 
историю  Русская  Православная  церковь  во 
многом  повлияла  на  образ  жизни,  склад  нацио-
нального  характера,  культуру  и  искусство  рус-
ского народа, а церковнославянский язык оказал 
большое  воздействие  на  развитие  русского 
языка. Изменение отношения общества к церкви 
сказались и на русском языке. В русский язык и 
литературу решительно вторгаются реалии, свя-
занные  с  возрождением  большого  пласта 
духовной  жизни – христианства.  Лингвисти-
ческий  материал,  относящийся  к  данной  об-
ласти,  охватывает  не  только  обширные  слои 
полузабытой  русской  и  старославянской  лек-
сики и фразеологии, но и графику, фонетику, ор-
фоэпию, стилистику текста» [2:9].   
Соңғы кезде діни дискурсты жан-жақты, әр-
түрлі  аспектіден  зерттеу  ғалымдардың  аса  қы-
зығушылығын  тудырып  отыр  және  осы  мәселе 
қазіргі  тіл  білімінде  көкейтесті  мәселелердің 
бірі  болып  табылады.  Әсіресе  тілдің  функ-
ционалды  түр  бөлігінің  бірі – діни  дискурстың 
ішкі  жіктелуіне  байланысты  бірнеше  көзқа-
растар  қалыптасты:  діни  тілді  әлемнің  тілдік 
бейнесінің  бір  үзіндісі  ретінде  зерделеу,  діни 
мәтінді  зерттеуде  стилистикалық,  жанрлық, 
коммуникативтік,  әлеуметті  лингвистикалық, 
теолингвистикалық  т.б.  көзқарастар.  Осыған 
байланысты соңғы онжылдықта танымал ғалым-
дардың  көптеген,  діни  коммуникацияны  зерде-
леу  еңбектері  жарық  көрді.  Діни  комуникация-
сын  зерттеулер  негізін  стилистикалық  көзқарас 
құрайды,  оның  өзін  екі  бағытқа  бөлуге  болады. 
Бірінші  бағыт – рухани  сөйлеудің  қазіргі  әдеби 
тілдің  стилистикалық  жүйесі  дамуындағы  қыз-
метін  қарастыру,  сол  тілдің  стилистикалық  ре-
сурсының  кеңеюін,  байуын  және  функционал-
ды-стилистикалық парадигмасын нақтылау. 
Қазіргі  сөйлеу  тәжірибесінің  міндетті  бір 
құрамы  ретіндегі  рухани  сөйлеудің  қажеттілігі 
әдеби  тілдің  стилистикалық  жүйесінде  болып 
жатқан  кейбір  өзгерістерге  өз  ықпалын  тигізді. 
Осыған  орай  бірнеше  семантика-стилистикалық 
үрдістерді белгілеуге болады: тілдің периферия-
сында қалып қалған тілдік элементтердің реаби-
литациясына, олардың «қайта жаңдануына» экс-
тралингвистикалық  факторлар  себеп  болды; 
діни  лексиканың  негативті  стилистикалық  баға-
лануынан  «босауы»,  яғни  деатеизация  үрдісінің 
орын  алуы  (Бугаева 2008);  конфессионалды 
лексика  мен  идиоматиканың  пассивті  сөздіктен 
жалпы  қолдананысқа  өтуі;  діни  тақырыптағы 
көнеславянизмдердің  семантикалық  трансфор-
мациясы; көнеславян шығу тегі бар жалпыәдеби 

136                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
сөздерді  қайта    бұрыңғы  қалпына  келтіру  және 
кең  қолданысқа  тарту  (Костомаров 1994); діни 
тақырыптық  топқа  жататын  сөздердің  лекси-
калық мағынасының тарылуы / кеңейуі. 
Діни  қатынас  аясының  стилистикалық  зер-
делеуінің екінші бағыты діни мәтіндердің тілден 
тыс  және  тілдік  қасиеттерін  зерттеуді  қамтиды. 
Осы  мәселеге  қатысты  еңбектерде  қазіргі  ру-
хани  сөйлеудің  стилистикалық  мәртебесі  анық-
талып,  діни  стильдің  экстралингвистикалық 
параметрлері  айқындалады;  діни  мәтіндерде 
қызмет  ететін  әрдеңгейлі  стильбелгілейтін  құ-
ралдарды анықтау; мазмұндық маңызы бар және 
аталмыш  стильге  тән  тілдік  параметрлерді  ай-
қын көрсететін мәтін жанрларын сипаттау (Кры-
син 1996, 2003; Кожина 1997, 2008; Крылова 
2000, 2003, 2007; Прохватилова 2004, 2008; 
Ярмульская 2006, 2008 и  др.).  Дискурсивті  көз-
қарас  діни  коммуникациясының  сөйлеу  типтері 
мен  жанрларын  біріктіретін  құндылықтарды, 
интенцияларды,  мақсаттарды  зерделеумен  бай-
ланысты. Сонымен қатар діни дискурс дискурс-
тың  институционалды  типтерімен  бір  қатарда 
қарастырылады (Карасик 1999) және белгілі бір 
құндылықтар  жүйесін  құрайтын  күрделі  ком-
муникативті-мәдени  феномен  болып  табылады 
(Бобырева 2007). 
Діни  коммуникацияны  зерттеудегі  әлеумет-
тік  лингвистикалық  көзқарас  адамның  белгілі 
бір  дін-конфессионалдық  қатыстылығын  тілдік 
фактілер  арқылы  дәлелдеу.  Мысалы,  И.В.Бу-
гаеваның  жұмыстарында  бірыңғай  әлеуметтік 
ұстанымдары  және  құндылық  бағдарлары 
бойынша  біріккен  бір  топ  адамдарға  тән  сөй-
леуді  діндік  социолект  (религиолект)  деген 
ұғымдар  ұсынылды.  Діни  дискурсты  зерттеу 
барысында  ғалымдар  (Гадомский 2008, Кон-
чаревич 2004) қалыптасқан  әртүрлі  көзқарастар 
әлеуметтік  маңызы  зор  дін  аясында  адамның 
сөйлеу  әрекетін  тіл  шеңберінде  зерделейтін 
теолингвистика  атты  жаңа  кешенді    ғылыми 
пән құру идеясы ұсынылды. Дін мен тілдің ара-
қатынасы,  сол  екі  бір  біріне  қарама-қарсы  қо-
ғамдық  сананың  формаларының  байланысын 
Н.Б.Мечковская  «Язык  и  религия»  атты  кіта-
бында  жан-жақты  зерттеп,  антропоцентристік 
лингвистикаға  зор  үлесін  қосты: «По  характеру 
своего  содержания  язык  и  религия  занимают  в 
ряду  других  форм  общественного  сознания 
крайние  точки:  это  полярные  противополож-
ности.  Язык  заключает  в  себе  самую  простую, 
элементарную  картину  мира;  религия – самую 
сложную,  при  этом  в  содержание  религии 
входят  компоненты  разной  психической  при-
роды  (чувстенно-наглядной,  логической,  эмо-
циональной,  интуитивной,  трансцедентной). 
Язык  и  религия,  с  точки  зрения  философии, 
относятся  к  категориям  духовной  культуры 
человечества.  Это  две  формы  общественного 
сознания  (наряду  с  обыденным,  или  массовым, 
сознанием,  моралью  и  правом,  искусством, 
наукой,  философией,  идеологией),  т.е.  два 
отображения мира в сознании человечества, два 
разных  образа  мира...» [3:23].   Ғалымның  осы 
еңбегі  жарық  көргеннен  бастап  көне  әлемдік 
діндердің  тілдегі  көрінісі  аса  қызығушылық 
таныта  бастады.  Біздің  ойымызша,  дәл  осы 
еңбек  теолинвистика  атты  жаңа  ғылымның 
қалыптасуына себепші болды. 
XX ғасыр аяғындағы қоғамдық өмірде орын 
алған  түбегейлі  өзгерістер  әртүрлі  семанти-
калық  үрдістерді  қарқындатты,  олардың  іншін-
дегі  ең  белсендісі – архаизация  және  деар-
хаизация  деп  айтуға  болады.  Әдетте,  сөз  өзінің 
тарихындағы  белгілі  бір  кезеңдерден  өтіп 
барып,  ескіріп  бара  жатқан,  немесе  ескірген 
сөздер  қатарына  ауысады:  пайда  болған  кезеңі, 
жаңалығын  жоғалту  және  сөздің  бейтарап 
сөздер  қатарына  ауысуы,  белсенді  сөз  қолда-
нуынан  шығып  кетуі.  Бірақ  сөз  ескірген  сөздер 
қатарына  өтіп  кетсе  де,  ол  тілден  мүлдем  жо-
ғалып  кетпейді.  Олар  мәдениет,  әдебиет 
мәтіндерінде пайдаланып, белгілі бір қоғамдық-
тарихи  кезеңдерде  өздерінің  мағынасын  ма-
ңызды  қылып,  белсенді  қызмет  істей  бастайды. 
Сондықтан  ескірген  және  ескіріп,  көңеріп  бара 
жатқан  реңктері  бар  сөздердің  «қайта  жаң-
дануы»,  олардың  белсенді  қолданысқа    қайта 
оралуы  (лексикалық  деархаизация  үрдісі) – сөз 
тарихындағы  қашанда  жаңа  бір  кезең. XX 
ғасырдың  аяғындағы – XXI ғасырдың  басын-
дағы  белсенді  сөйлеу  қолданысына  қайта 
оралған сөздерді бірнеше топқа бөлуге болады: 
1. Белгілі  бір  тіл  иеленушілердің  қоғамдық 
өмірін  және  болмыс-тұрмысын  белгілейтін  реа-
лий – сөздер. 
2. Дін  аясына  қатысты  сөздер  және  халық-
тың салт-дәстүрін, рухани, моральды құндылық-
тарын бейнелеп көрсететін «жоғары» лексика. 
3. Кеңестік  болмысқа  жат, 1917 жылғы 
Қазан  төңкерілісінен  кейін  ескірген  лексикалық 
бірліктер.  Бірақ  олар  шет  елдік  өмір  (капита-
листік  мемлекеттердегі  болмыс)  реалийлерін 
атау  үшін  қолданылған,  сондықтан  да  тілде  өз 
қызметін ары қарай атқара берген. 
Қайта  оралған  сөздердің  тематикалық  топ-
тарының  ішінде  ең  үлкені – ол  дін  лексикасы. 
Қазіргі  кезеңде  аталмыш  лексика  кең  қол-
данысқа ие, ол, әрине, қоғам мүшелерінің дінге 
деген  көзқарастарын  білдіреді  және  жаңа 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   137 
 
 
уақыттың  мәдени  реалияларына  сәйкес  лексика 
болып  қабылданады.  Басқа  қайта  оралған  сөз-
дермен  салыстырғанда  дін  тақырыптағы  бел-
сенді  қолданыстағы  сөздер  семантикалық 
өзгерістерге  ұшыраған  жоқ.  Кеңестік  өкімет 
орнатылған  жылдарда  бұл  сөздер  адамдардың 
тілдік  санасынан  шығып,  лексикалық  жүйенің 
перифериясына 
жылжытылған. 
Сондықтан 
қазіргі таңда осы сөздерді анықтап, діндік ұғым-
дар  мен  терминдердің  мағынасын  түсіндіретін 
арнайы сөздіктер, энциклопедиялар құру қажет-  
тілігі  пісіп  жетті.  Осы  орайда  Г.Н.Склярев-
скаяның  «Словарь  православной  церковной 
культуры»  атты  сөздігі  шіркеу  реалийлерді  то-
лығымен  ашып  түсіндіреді.  Аталмыш  сөздіктің 
ең басты мәселесі - діншілдікке жаңа көзқарасты 
қалыптастыру  және  қоғамның  рухани  өмірін 
белгілейтін  лексиканы  қалпына  келтіру.  Осы 
көлемді,  мәдениеттану  жағынан  маңызы  зор 
лексикалық  разрядтың    лексикографиялық 
сипаттамасы  мен  лингвистикалық  талдауынан 
басқа  сөздік  сол  сөзге  қатысты    әртүрлі  мәлі-
меттерді,  яғни энциклопедиялық көрсеткіштер-
ді  береді.  Кеңес  дәуіріндегі  сөздіктерде  сөздің 
толық  дефинициясы  берілмей  ғана  қалмай, 
сонымен  қатар  осындай  сөздердің  актуалды 
емес,  олардың  қолдану  аясы  шектеулі  екендігі 
көрсетіліп  өтетін.  Бұл  сол  кеңес  дәуіріндегі 
атеизмді  насихаттау,  діндік  лексиканы  қол-
дануға  табу,  яғни  тыйым  салынуымен  түсін-
діріледі.  Мысалы, «Үлкен  академиялық  сөз-
діктен»  алынған  келесі  сөздік  мақалада  келе-
сідей  дефиниция  кездестіреміз: «Православие – 
христианское  вероучение,  сложившееся  в  Ви-
зантии, в отличие от господствующего на Западе 
католицизма, являвшееся официальной религией 
в  России» (БАС,  т. 11). Бұл  жерде  есімшенің 
өткен шақ формасы қолданылған. 
Бүкіл  адамзат  тарихтың,  қоғамдық  өмірдің 
едеуір  бөлігін  діндік  шеңбер  құрайды.  Дін 
адамның  айырықша  әрекетінің  күрделі  әлемі 
болып 
табылады, 
сондықтан 
да 
діндік 
дүниетаным,  салт-дәстүр  және  діндік  мораль 
халықтың күнделікті өміріне еніп, оның ұлттық 
ерекшеліктерін  сіңіріп  алады.  Діндік  тілді 
әлемнің  тілдік  бейнесінің  фрагменті  ретінде 
зерделеу  соңғы  кездері  актуалды  мәселелердің 
бірі  болып  табылады..  Аталған  себептер  діндік 
лексиканы  экзотикалық  лексиканың  бір  бөлігі 
ретінде  қабылдануының,  сондықтан  да  бала-
масыз,  яғни  басқа  тілдерге  аударылмайтынды-
ғының  көрсеткіші  болып  табылады.  Діндік  лек-
сиканың  бір  тілден  екінші  тілге  аударылуында 
көп жағдайда баламасыз болып табылатындығы 
-  белгілі  бір  діннің  сол  халықтың  мәдени-
психологиялық ерекшеліктерін қамтитыны. Мы-
салы:  церковь – мечеть,  кирха – костел – 
синагога; священник – поп (батюшка) – мулла – 
пастор – ксендз – раввин – лама; обедня – месса 
–  імша;  игумен  (православия  монастырінің  ба-
стығы) – аббат  (католиктер  монастырінің 
бастығы) т.б.  
А.А.Алдашева  «Аударматану:  лингвистика-
лық  және  лигвомәдени  мәселелер»  атты  моно-
графиясында  діні  теологиялық  атауларды  бала-
масыз лексика қатарына жатқыза отырып, былай 
деп  жазады: «Ұлттық-мәдени  ерекшеліктерді 
білдіретін  реалийлердің  тағы  бір  тобы – діни 
теологялық  атаулар.  Діни  атаулар  да – тілдің 
кумулятивті қызметінің жемісі. Әрбір тілде діни 
ұғымдарды,  түсініктерді  қамтитын  термин 
сөздер,  сөз  тіркестері,  тұрақты  тіркестер  бар. 
Діни наным-сенімнің, діни салттың ұқсастығына 
қарай  мағыналық  көлемінде  жуықтық  болатын 
діни  атаулар,  діни  шен,  санат  аталымдар  кез-
деседі;  мысалы,  орыс  тіліндегі  пост  – «пред-
писываемое  церковными  правилами  воздер-
жание от скромной пищи, а также период такого 
воздержания» (СРЯ, III, 321); қазақ  қауымдас-
тығындағы  діни  салт-дәстүрдің  бірі  ораза – 
«отыз  күн  бойы  күн  шыққаннан  күн  батқанға 
дейін ас-су ішуге болмайтын, діни бес парыздың 
бірі» (ҚТТС, 7, 447) дегендерді  білдіреді;  екі 
тілдегі  діни  терминді  ортақтастыратын  жағдай 
дифференциалды семалардың бірінің (воздержа-
ние от скромной пищи – ас-су ішуге болмайтын) 
мағыналық  жуықтығы.  Осыған  байланысты 
екітілді  сөздік  пост – ораза  қатарларын  сөз-
діктегі  нақпа-нақ  сәйкестік  ретінде  көрсетед. 
Пост – ораза  қатарлары  бұдан  ширек  ғасыр 
бұрын  екі  халықтың  мәдениетінде  қоғамдық-
саяси  мазмұны  бәсең,  жұмсалу  жиілігі  төмен 
лексикалық  единицалар  болды.  Аудармашылар 
бұларды  функционалдық  қызметі  қосалқы, 
контексте эстетикалық функциясы жоқ, ақпарат 
беруге  қатысты  тілдік  элемент  деп  есептейді. 
Сондай-ақ  діни  шен,  санат  атаулары  да  екі 
халықтың  мәдениетінде  бар  (пірәдар,  қазірет, 
муфти – поп,  священник,  дьякон);  алайда  олар-
дың мағыналық-ұғымдық көлемінде айырмашы-
лықтар бар, сонымен қатар әр тілдегі санат, шен 
атауларының  ұлттық-мәдени  белгісі  өте  айқын. 
Демек,  түпнұсқаның  мазмұнын  сақтау  мүддесі 
үшін  теологиялық  терминдердің  ұлттық  мәде-
ниетке  тән  сипаттарын  ескермей  пайдалану 
барлық  уақытта  да  бірдей  сәтте  бола бермейді» 
[4:187-188].    
Әр  халықтың  діни  қағидаларына  және  діни 
салт-дәстүріне  қатысты  ерекшеліктерді  нақты 
танытатын  қатар - теологиялық  мазмұндағы 

138                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
фразалық  тіркестер.  Қазақ  халқының  діни 
салттарды ұстану дағдысынан тұрақталған бата 
беру, жеті нан пісіру және оны тарату, топы-
рақ  салу  фразлар  басқа  тілдерде  кездеспейді; 
бұлар  ұлттық  мәдениетке  негізделген  түсінік, 
ұғымның күрделі тұрақты атаулары. Өзге мәде-
ниеттегі  діни  дәстүрді  білдіретін  күрделі  атау-
ларға  балама  ету  сәтті  емес,  өйткені  әр  кон-
текстегі фразалардың ұлтық бояуы-колориті өте 
жоғары,  олардың  мағыналары  жақын  болғаны-
мен,  бір-біріне  функционалды  балама  бола  ал-
майды. 
Қазіргі  кезде  ислам  діни  лексикасын  басқа 
тілдерге,  әсіресе  орыс  тіліне  аудару  мәселелері 
ғалымдар арасында аса қызуғушылық танытады. 
Ресей  мемлекетінде  бірнеше  ғасырлар  бойы 
Ислам  діні  кең  тарағанына  қарамастан,  мұсыл-
мандық  діни  лексикасы  орыс  тілімен  игеріл-
меген.  Себебі  мұсылмандарға  араналған  қа-
сиетті  мәтін – Қоран  түпнұсқасы  теқ  қана  араб 
тілінде  берілген.  Революцияға  дейінгі  ресейлік 
мұсылмандық  дін  ілімін  таратушылардың  ең-
бектері  араб  немесе  басқа  ұлттық  (көнетатар, 
даргин, құмық) тілдерінде жазылған.  
Бір  тілден  екінші  тілге  сөзді  аударудың  екі 
тәсілі  бар:  мағынасы  тепе-тең  лексика-семан-
тикалық бірлікті іздестіру; транскрипция немесе 
транслитерация  арқылы  сөздің  айтылуын, 
жазылуын  беру.  Осы  орайда  араб  тілінен  енген 
діни  терминдерді  басқа  тілдерге,  соның  ішінде 
орыс  тіліне  аудару  ізденуді,  фондық  ақпаратты 
жақсы  меңгеруді,  жалпы  айтқанада  аударма-
шының  лингвоэтникалық  құзыретінің  қалып-
тасуын  талап  етеді.  Діни  лексикаға  толықтай 
балама  іздеп  табу  көптеген  жағдайда  мүмкін 
емес.  Мысалы,  малик  (малаик)  возможно  пере-
вести  как  ангел,  Иблис – Сатана,  иман – вера, 
инкар – неверие,  саля  (ас-салят) – молитва, 
саум – пост, джанна (джаннат) – рай – осын-
дай  эквиваленттері  бар  сөздер  де  аударманың 
дәлме-дәл болуын екі талай етеді. 
Көбінесе  ислам  діни  терминдердің  орыс 
тіліне  аударылуында  христиан  мәдениетінің 
ұғымдары  мен  бейнелері  қолданылады.  Бірақта 
дін  ілімінің  қыр-сырларына  үңілетін  болсақ 
мұсылмандық  Ібіліс  христиан  дәстүріндегі 
Сатана бейнесіне тепе-тең бола алмайды. Жан-
нат  концепциясы  да  салыстырылған  екі  дінде 
әртүрлі.  Салят – міндетті  түрде  күнделікті  бес 
уақыт  оқылатын  намаз,  басқа,  өз  атынан  оқы-
латын сүрелерді дуа деп атайды. Ол орыс тіліне  
мольба,  взывание,  просьба  деп  аударылады.  О 
дүниені  загробный  мир  деп  аударылуы  мұсыл-
мандық  рәсімдерге  қараама-қайшы  болып  ке-
леді,  олар  өлген  адамды  табытқа  салып  жерле-
меген. 
Айтылған  жайыттар мұсылмандық діни тер-
миндердің  орыс  тіліне  аударуды  жоққа  шығар-
майды, алайда аудармашылар орыс тілді мұсыл-
мандарға  түсінікті  болатын,  осындай  діни  әде-
биетті  қабылдауда  қиындықтар  туғызтпайтын 
басқа,  тиімді  жолдарын  іздеу  қажет,  мысалы 
кітапта  қосымша  түсініктемелер,  сілтемелер, 
ексертулер беру. 
Діни  лексика  баламасыз  болуына  байла-
нысты көптеген жағдайда  сипаттама  аударманы 
қажет  етеді:  таввакуль – «упование  на  Бога, 
умение снять с себя любую моральную и психо-
логическую  тяжесть  после  выполнения  всего 
необходимого,  проявления  смирения,  вверив 
себя  воле  Господа  и  положившись  на  его  все-
силие и всезнание» [5:461]. Сөз транслитерация 
немесе  транскрипция  арқылы  жазылады,  содан 
кейін  оның  түсіндірмесі  беріледі.  Біздің  ойы-
мызша,  діни  мәтіннің  басқа  тілде  аудармасын 
ұсыну  сол  кітапта  кездесетін  сөздерге  міндетті 
түрде  түсініктемелер  болу  керек,  сонда  оқыр-
мандар аударманы толық қабылдай алады. 
Қазіргі  кезеңде  ислам  діни  лексикасының 
орыс  тіліне  ауысуы  бастапқы  сатысында,  сон-
дықтан  да  лексемалардың  фонемдық  құры-
лымының  орнықсыздығымен  сипатталынады. 
Осыдан орыс тілінде сәйкестігі жоқ дыбыстарды 
дұрыс  графикалық  берілу  мәселесі  пайда 
болады.  Фонетикалық  (фонемдік)  алмасу  сөзді 
транслитерация  немесе  транскрипция  арқылы 
аударылуында 
айқын 
көрінеді. 
Мысалы, 
артикльдерді  аударғанда:  ас-салам,  аль-китаб, 
аль-кудси т.б. 
Қорыта  айтқанда,  қазіргі  антропоцентристік 
лингвистиканың көкейтесті мәселерінің біреуі – 
ол  тілдің  функционалды  жүйесінде  діни 
стильдің  қалыптасуы  және  діни  теологиялық 
терминдердің  басқа  тілдерге  аудару  мәселелері. 
Қазіргі  діни  дискурс  феноменін  зерттеу  көп 
ізденістерді талап етеді.  
_______________
 
1.  Крылова  О.А.  Церковно-религиозный  стиль // 
Стилистический  энциклопедический  словарь  русского 
языка. – М., 2003. 
2.  Оноприенко  С.  Библеизмы  в  современном  русском 
литературном языке: Автореф. дис. … канд. филол. наук. – 
Воронеж, 1997. – 19с. 
3.  Мечковская  Н.Б.  Язык  и  религия:  Пособие  для 
студентов  гуман.  вузов. – М.:  Агенство  «ФАИР», 1998. – 
352 с. 
4.  Алдашева А.А. Аударматану: лингвистикалық және 
лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 1998. – 215 б,. 
5.  Аляутдинов  Ш.  Путь  к  вере  и  совершенству. – М., 
2005. 
* * * 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   139 
 
 
The article is devoted to the study of a modern religious 
style in the system of the functional-stylistic and cultural-
historical paradigms of language. It discusses the different 
approaches of scientists to study this phenomenon, as well as 
specific examples of the semantic-stylistic processes associated  
 
 
 
 
 
with the rehabilitation of linguistic elements, caught on the 
periphery of the language. The Islamic religious vocabulary 
translation ways from the Kazakh language into Russian 
languag and the ability to transfer the equivalent in semantics 
Church Slavonics are analyzed in the article. 
 
 
 
С. С. Койлыбаева 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет