Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет27/54
Дата22.12.2016
өлшемі2,7 Mb.
#281
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54

144 
және оларды пайдалану үшін инфрақұрылым объектілерін қосқанда арнайы ғимараттары бар емдеу - 
профилактикалық мақсатта игерілген және пайдаланылатын жерлер». 
3. Рекреациялық аумақтар мен курорттардың мәртебесін төмендету және оларды жерлердің басқа 
категорияларына  ауыстыру  тек  ерекше  жағдайларда  (олардың  ерекше  маңызын  жоғалтуына  әкеп 
соққан табиғи катаклизмдер) ғана жүзеге асырылатынын заң жүзінде бекіту. 
4.  Рекреациялық  аумақтар  мен  курорттарды  қаржыландырудың  (бюджеттік,  жеке  және  өзге  де 
көздер, мысалы, оларға барғаны үшін төлем алу) біркелкі жүйесін бекітуді ұсыну. 
5.  Рекреациялық  аумақтар  мен  курорттардағы  қорғау  және  буферлік  аумақтарда  табиғат 
пайдаланушылар мен жерпайдаланушылардың тұрақты экологиялық қызметін мемлекеттік тараптан 
қолдау және экономикалық мүдделендіру шараларын анықтау. 
6.  Рекреациялық  және  сауықтандыру  табиғат  пайдалану  саласындағы  заңдарды  бұзғаны  үшін 
жауапкершілік шараларын анықтау. 
 
 
1.  Имашев  С.М.  «Право  рекреационного  природопользования  (некоторые  аспекты  теории):  дисс.  канд.  юрид.  наук.  – 
Алматы. – 1991. – 186 с. 
2. «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР заңы  23 қаңтар 2001 ж. – Алматы, 2001. 
3. Положение о Министерстве охраны окружающей среды РК от 6 ноября 2002 года //САПП. – 2002. - № 39. 
4. Положение о Комитете лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 
22 ноября 2002 года // САПП - 2002 г. - № 42. 
5. Положение о Комитете рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан //САПП. 2002. 
№ 
6. Положение о Комитете по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства РК от 28 ноября 2002 года //САПП - 
2002 г. - № 43. 
7.  Имашев  С.М.  «Право  рекреационного  природопользования  (некоторые  аспекты  теории):  дисс.  канд.  юрид.  наук.  – 
Алматы. – 1991. С.127. – 186 с. 
 
 
Л.С. Тұрғанбаева 
 
ӨНЕРКӘСІПТЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ТҮСІНІГІ 
  
Өнеркәсіпте  қоршаған  ортаны  құқықтық  қорғау  ұғымы  және  анықтамасын  өңдеудің  Қазақстан 
Республикасының экологиялық құқық теориясында теориялық мәні жағынан алатын орны зор.  
Қоршаған  ортаны  қорғаудың  жалпы  түсініктемесі  ҚР  Экологиялық  кодексінде  анықталған.  2007 
жылдың  9  қаңтарындағы  Қазақстан  Республикасының  Экологиялық  кодексінің  1-бабының  31-
тармағында  [1]  қоршаған  ортаны  қорғау  –  қоршаған  ортаны  сақтау  мен  қалпына  келтіруге, 
шаруашылық  және  өзге  де  қызметтің  қоршаған  ортаға  теріс  әсерін  болғызбауға  және  оның 
зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі деп көрсетілген.  
Сонымен  қатар  қоршаған  ортаны  қорғау  ұғымы  атақты  ғалым-экологтар  тарапынан  да  зерттеуге 
ие болған. 
Б.В.  Ерофеевтың  пікірінше,  «қоршаған  ортаны  қорғау  –  адамзаттың  шаруашылық  және  өзге  де 
қызметі  түрлерінің  қоршаған  ортаға  теріс  әсерін  болғызбауға  бағытталған  қоршаған  ортаны  сақтау 
және  жақсартуға  бағытталған  шаралар  жүйесі»  [2,  10].  Аталған  анықтама  жеткілікті  түрде 
түсіндірілмеген,  себебі  бұл  жерде  тек  қана  адамның  шаруашылық  және  өзге  де  қызметі  түрлерінің 
қоршаған  ортаға  теріс  әсерін  болғызбауы  ғана  көрсетілген,  сондай-ақ  шаруашылық  қызметтің 
салдарынан  болған  зардаптарды  жоюға  арналған  нұсқаулар  жоқ.  Ал  біздің  жағдайда  табиғатты 
тұтынушы  қаншалықты  шаруашылық  қызметтердің  жағымсыз  әсерін  мүлдем  болдырмауға 
тырысқанымен, оны алдын алу мүмкін емес болып қала береді. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  ұғымына  неғұрлым  нақты  анықтаманы  М. М. Бринчук  ұсынады.  Ол 
қоршаған  ортаны  қорғау  деп  «қоршаған  ортаны  жағымды  күйін  қолдауға,  қоғамдық  даму  мен 
осындай  жай-күйді  қайтадан  қалпына  келтіру  процесіндегі  деградацияны  ескертуге  (егер  ол 
экологиялық тепе-теңдікті қолдау үшін бұзылса) арналған әрекеттерді» таниды [3, 54]. 
Қазақстандық  ғалым  С.Т.  Күлтеевтің  көзқарасы  бойынша,  «қоршаған  ортаны  қорғаудың  мәні 
табиғаттың  қайтадан  жаңару  мүмкіндігін  сақтап  қалуға  жағдай  жасау,  бұл  –  біздің  табиғатқа  деген 
көңіліміздің бір қыры» [4, 41]. 
Өндірісте қоршаған ортаны құқықтық қорғау – қоршаған ортаны қорғауды құраушы бөлігі, демек 
анықтама беру үшін анықталған көрсеткіштің соңғысынан бастау керек. 
Ең  әуелі  өндірісте  қоршаған  ортаны  құқықтық  қорғау  ұғымы  мен  анықтамасында  осы  қорғауды 
жүзеге  асыратын  субъектілерді  нақтылау  керек.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  қоршаған  ортаны 
қорғаудың жалпы түсінігінің жеткіліксіздігінің бір себебі осындай нұсқаулардың болмауында. Әрине, 

Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009                                                                                       
 
 
145
бұл  мемлекеттік  және  қоғамдық  шаралар  ретінде  көрсетілген,  демек,  субъект  ол  –  мемлекет  және 
қоғам,  бірақ  біз  өндірісте  қоршаған  ортаны  құқықтық  қорғау  ұғымы  мен  анықтамасында  нақты 
субъектілерді айқындауымыз қажет, өйткені «мемлекет» және «қоғам» - жинақтық категориялар. Ал 
өндірісте табиғатты тікелей қорғауды бүкіл мемлекет немесе қоғам жүзеге асырмайды. 
Қоршаған ортаны қорғаумен тікелей айналысатын субъектілерге өндірістік кәсіпорындар жатады. 
Оларға өзінің қызметін өндірістік салада жүзеге асыратын кәсіпорындар жатады.  
Аталған сала ҚР 2007 жылдың 11 қаңтарындағы «Лицензиялау туралы» Заңында анықталған [5]. 
Аталмыш заңның 12-бабы «Өндіріс саласында қызметті лицензиялау» деп аталады. Осы бапқа сәйкес 
өндіріс саласының түрлері мынадай болып келеді: 
1)  электр  және  жылу  энергиясын,  электр  станцияларын, электр  жүйесін  және  подстанцияларды 
эксплуатациялауды өндіру, беру және бөлу; 
2) таулы, мұнайлы-химиялық, химиялық, мұнай-газ өңдеуші өндірісті жобалау, эксплуатациялау, 
газ сақтау, мұнай және мұнай өнімдерінің, магистральді газ құбырғыларының, мұнай құбырларының, 
мұнай өнімдері құбырғыларының объектілерін эксплуатациялау; 
3) минералды  шикізатты  қайта  өңдеу  (жалпылама  бөлінген  пайдалы  қазбалардың  қайта  өңдеу 
есебінде); 
4)  тұрғындық  және  коммуналды-тұрмыстық  объектілерді  графикациялауды  эксплуатациялау 
жүйесі; 
5)  монтаж,  химиялық  жөндеу,  бұрғылық,  мұнай-газ  өндірістік,  таулы-шахталы,  металлургиялы, 
энергетикалық  жабдықтарды,  жарғылғыш  заттардан  қорғаушы  электрлі-техникалық  жабдықтар 
жобаланды, дайындалды. Сонымен қатар 0,7 кг/см
2
 жоғары жұмыстық қысыммен және 115
0
С жоғары 
температурада қазаншыны дайындау, 0,7 кг/см

қысымнан жоғарыда жұмыс атқаратын сауыттар мен 
құбырларды  өңдеу  (біркелгі  технологиялық  үрдісте  қолданылатын  жабдықтарды  монтаждау, 
дайындау, жобалау және жөндеу есебінде); 
6)  электр энергиясын қайтадан алып-сату мақсатында сатып алу; 
7)  өлшеу құралдарын жөндеу және өндіру; 
8)  заңды тұлғалардың  түрлі-түсті және қара металды қалдықтарды жинау, сақтау, қайта өңдеу. 
Демек,  осы  салада  қызмет  етуші  барлық  кәсіпорындар  өндірістік  кәсіпорындар  және  өндірісте 
қоршаған ортаның субъектілері деп танылады.  
Өндірістік  кәсіпорындар  өздерінің  өндірістерінде  қоршаған  ортаны  қорғаумен  тікелей 
айналысады,  өндірісте  қоршаған  ортаны  қорғаудың  субъектісі  болып  аталған  салада  экологиялық 
бақылау функциясын атқаратын мемлекеттік органдар бола алады. Олар өндірістік кәсіпорындардың 
табиғатты қорғау туралы міндеті ұмытуға жол бермейді, экономикалық қызығушылықтар және үлкен 
өнім  жинау  үшін  кәсіпорындар  табиғатты  қорғаушы  технологиялармен  жабдықтауға  дұрыс  көңіл 
бөлмейді, утилизациямен айналысуға, өндірістік қоқыстардың таралмауына жол ашады. Мемлекеттік 
органдар  қоршаған  ортаны  қорғауды  ұйымдастырумен  және  табиғатты  қорғауға  арналған  іс-
шаралардың координаталарын анықтаумен айналысады. Олар тек бір ғана кәсіпорын мәліметтерімен 
емес, барлық аудан немесе өндірістік сала аймағында экологиялық ақпаратпен қамтылған. 
 
Өндірісте қоршаған ортаны құқықтық қорғау түсінігі және анықтамасы өткізілетін іс-шаралардың 
мазмұнында көрініс табады. Сонымен қатар олар ҚР Экологиялық кодексінде анықталған. Сонымен,  
«Шаруашылық  және  өзге  де  қызметке  қойылатын  экологиялық  талаптар  және  олардың  түрлері»           
деген  194-бапта  былай  жазылған:  экологиялық  талаптар  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де  қызметке белгіленеді. ҚР ЭК-нің 203-бабында былай 
деп  көрсетілген:  «Өнеркәсіп,  энергетика,  көлік  және  байланыс  объектілерін,  ауыл  шаруашылығы 
мақсатындағы  және  мелиорациялау  объектілерін  пайдалану  белгіленген  экологиялық  талаптар 
ескеріліп  және  экологиялық  тұрғыдан  негізделген  технологиялар,  қоршаған  ортаның  ластануын 
болдырмайтын қажетті тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймағында пайдаланыла отырып 
жүзеге  асырылуы  тиіс.  Аталған  объектіні  пайдалану  кезінде  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 
ететін аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгізілуі тиіс». 
Бұл  бап  бағыттаушы  болып  табылады,  себебі  мұнда  өндірістік  қызметке  қатысты  барлық 
экологиялық  талаптар  көрсетілмеген,  бірақ  белгіленген  экологиялық  талаптарды  есепке  алу  туралы 
айтылған. Ал олар ҚР ЭК-нің 199-бабында айқындалған: «Жалпы экологиялық талаптар және табиғат 
пайдаланушылардың  шаруашылық  және  өзге  де  объектілерді  пайдалануға  беру  мен  пайдалану 
кезіндегі жауапкершілігі».  
Әрбір объектіде табиғатты тұтынушы міндетті: 
1)  бақылаушы  органдардың  бір-біріне  әсері  үшін  өндірістік  экологиялық  бақылауды  өткізуді 
ұйымдастыруға жауапты жұмыскерлерді тағайындауға  немесе арнай бөлімше құруға; 

ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
 
146 
2)  аса  қауіпсіз  тәсілмен  барлық  операцияларды  жүргізуге  және  қоршаған  орта  мен  мүлікті, 
жұмыскерлердің  өмірі  мен  денсаулығын  қорғау  мақсатында  қауіпсіз  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз 
етуге;  
3)  қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органдардың аумақтық органдарымен келісілген 
барлық  қызмет  түрлері  бойынша  қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  нормативтік-техникалық 
құжаттарды дайындауға және бекітуге;  
4)  жұмыс  учаскесінде  (объектісінде)  техникалық  және  экологиялық  қауіпсіздік  жағдайларын 
тексеру  журналдарын  жүргізуге,  яғни  табиғатты  пайдаланудағы  жауапты    лауазымды  адам  тауып 
алған кемшіліктерді оларды шеттету мерзімдерін көрсете отырып, жүргізуі қажет.   
Табиғатты  пайдаланушыда  Қазақстан  Республикасының  экологиялық  заңдылықтарын  бұзудың 
нәтижесінде,  табиғат  апаттары  мен  табиғи  катаклизмдердің  нәтижесінде  туындаған  авариялық 
құбылыстарды шеттету және таратуға байланысты іс-әрекеттердің жоспары болуы керек.  
Адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына,  сонымен  қатар  қоршаған  ортаның  ластану  мүмкіндігіне 
қауіп  төндіретін  қауіп-қатер  немесе    экологиялық  талаптардың,  нормалардың,  ережелер  мен  
нұсқаулардан  қандай  да  бір  бұзу  жағдайларын  тауып  алған  жұмыскер    туындаған  жағдайды  өзіне 
берілген  өкілеттік  шегінде  тез  арада  шеттету  және  алыстату  шараларын    қолдануға  және  ол  туралы 
дипетчерге немесе басшыға хабарлауға міндетті.  
Өнеркәсіптік  іс-әрекеттерге барлық экологиялық талаптардың талдаулары  екі негізгі іс-шаралар 
тобын көрсетуге мүмкіндік береді:  
-  қоршаған ортаға жағымсыз өндірістік  қызметтердің ықпал етуін залалсыздандыру іс-шаралары;  
-  бұзылған қоршаған ортаның жағдайын қайта қалпына келтіруге байланысты іс-шаралар.  
Осы  факторларды  есепке  ала  отырып,  өнеркәсіпте  қоршаған  ортаны  қорғаудың  анықтамасын 
реттеуге  болады:  Сәйкесінше,  қоршаған  ортаны  қорғау  –  қоршаған  ортаны  сақтау  мен  қалпына 
келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның 
зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. 
 
 
1. 
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. 2007жыл 9 қаңтар/ «Заңгер» анықтамалық жүйе. 
2. 
Ерофеев Б.В. Экологическое право. – М.: ИД «Форум» - ИНФРА-М,2009. С.10 
3. 
Бринчук М.М. Экологическое право (Право окружающей среды). – М.: Юристь, 1998  
4. 
Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. –Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2003. 
5. 
«Лицензиялау туралы» ҚР-ның  Заңы/ 2007 жыл 11 қаңтар.
 
 
 
 
Қ.Ө. Қарабеков 
 
ТАРИХИ-МӘДЕНИ МАҚСАТТАҒЫ ЖЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қазақстан  Республикасы  тұрақты  дамуға  көшу  кезеңінде,  туристік  қызметтің  есебінен  түсетін 
кірістердің  есебінен  еліміздің  экономикасының  дамуына  әрекет  ететін  факторлардың  бірі  ретінде  - 
өзінің  тарихи-мәдени  мұрасын  қорғау  мәселелеріне  ерекше  көңіл  аударады.  Сондықтан  Қазақстан 
Республикасының  2008-2010  жылдарға  арналған  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  орта  мерзімді 
жоспарында көзделген міндеттердің бірі – еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен тиімді пайдалануды 
қамтамасыз ету [1]. Бұл салада келесі бағыттар бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады: 
-  еліміздің  тарихи-мәдени  мұрасын  сақтау  мен  тиімді  пайдалану  бойынша  жұмыстарды 
жалғастыру; 
- тарихи-мәдени мұраға халықтың басым бөлігінің қол жеткізуін қамтамасыз ету; 
-  әлемдік  мәдени  кеңістікке  енуді  жалғастыру  және  отандық  мәдениет  пен  өнерді  елімізде  және 
шетелдерде танымал ету; 
- халықтың рухани-білім деңгейін әдебиеттердің әлеуметтік маңызды түрлерін шығару жолымен 
жоғарылату.      
Тарихи-мәдени мақсаттағы жерді құқықтық қорғау деп нені түсінеміз? 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  бұл  туралы  нақты  түсінік  жоқ,  бірақ  оны  жерді 
қорғаудың жалпы түсінігінен құрастыруға болады.  
Қазақстан  Республикасының  2003  жылғы  20  маусымдағы  Жер  кодексінің  139-бабына  сәйкес, 
жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi 
ауыл  шаруашылығы  мен  орман  шаруашылығы  айналымынан  негiзсiз  алып  қоюды  болдырмауға, 
сондай-ақ  топырақтың  құнарлылығын  қалпына  келтiру  мен  арттыруға  бағытталған  құқықтық, 
ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды [2].  

Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009                                                                                       
 
 
147
Бұл  түсінік  тарихи-мәдени  мақсаттағы  жерді  құқықтық  қорғау  үшін  сәйкес  келмейді,  өйткені 
өздерінің  құнарлылық  айырмашылықтары  болатын  ауыл  шаруашылығы  және  орман  шаруашылығы 
мақсатындағы жерлердің ерекшеліктерін ескерген. Тарихи-мәдени мақсаттағы жер әрқашан құнарлы 
болып  табылмайды,  өйткені,  негізінен  олар  тарихи-мәдени  мұра  объектілерін  орналастыру  үшін 
арналған. 
Тарихи-мәдени  мақсаттағы  жерді  құқықтық  қорғаудың  бірінші  ерекшелігі,  берілген  жер 
санатының ерекшеліктерінен туындайды. 
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 127-бабына сәйкес, тарихи-мәдени мұра объектілері, 
оның  ішінде  тарих  және  мәдениет  ескерткіштері  орналасқан  жер  учаскелері  тарихи-мәдени 
мақсаттағы  жерлер  деп  танылады.  Бұдан  мынаны  анықтауға  болады:  а)  әдетте,  бұл  жер  аз  өнім 
беретін  болып  табылады,  өйткені  көптеген  жылдар  бойы  пайдаланушылар  оларды  арнайы 
құнарландырумен  және  суландырумен  айналыспаған;  ә)  бұл  жердің  құндылығы  оларда  орналасқан 
объектілермен  анықталады;  б)  жерде  тек  тарих  пен  мәдениет  ескерткіштері  ғана  орналаспаған, 
сонымен қатар басқа да объектілер бар.   
Бұл  қандай  обьектілер  екенін  білу  үшін,  Қазақстан  Республикасының  1992  жылғы  2  шілдедегі  
№ 1488-XII «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына қараймыз [3].  
Заңның  3-бабының  11т.  сәйкес,  тарихи-мәдени  мұра  объектілері  –  тарихи  оқиғалар  нәтижесінде 
пайда  болған,  тарих,  археология,  сәулет,  қала  құрылысы,  өнер,  ғылым  мен  техника,  эстетика, 
этнология немесе антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен 
байланысты  бейнелеу,  мүсін,  қолданбалы  өнер,  ғылым  мен  техника  туындылары  және  материалдық 
мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері. 
Тарихи-мәдени мұра объектілерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады: 
1)  археология  ескерткіштері  –  тұрақтар,  қалашықтар,  қорғандар,  ежелгі  қоныстардың, 
бекіністердің,  өндірістердің,  арналардың,  жолдардың  қалдықтары,  ежелгі  қорымдар,  тас  мүсіндер, 
жартастағы  бейнелер  мен  жазбалар,  ежелгі  елді  мекендердің  тарихи  мәдени  қабатының  учаскелері 
және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар; 
2)  қала  құрылысы  мен  сәулет  ескерткіштері  –  сәулет  ансамбльдері  мен  кешендері,  тарихи 
орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің  ежелгі жоспарлануы 
мен  құрылысының  қалдықтары; азаматтық,  тұрғын  үй,  өнеркәсіптік,  әскери,  ғибадат  ету  сәулетінің, 
халық  сәулетшілігінің  құрылыстары,  сондай-ақ  олармен  байланысты  монументтік,  сәндік-
қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты; 
3)  тарих  және  мәдениет  ескерткіштері  –  Тарих  және  мәдениет  ескерткіштерінің  мемлекеттік 
тізіміне  енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам 
жасаған  немесе  адам  мен  табиғаттың  бірлескен  туындысы  болып  табылатын  жекелеген  кесендер, 
ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафтар және басқа да көрікті жерлер. 
Тарихи-мәдени  мақсаттағы  жерді  құқықтық  қорғаудың  бірінші  ерекшелігі,  бұнда  екі  жақты 
қатынасты  жүзеге  асыру  қажеттілігінде,  өйткені  тек  жер  ғана  емес,  онда  орналасқан  объектілер  де 
қорғалуға  жатады.  Бұл  жерде  Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексінің  52-бабының  ережелері 
«Жер учаскесiне құқық және онда орналасқан үйге (құрылысқа, ғимаратқа) құқық» әрекет етуі тиіс: 
 «Үйге  (ғимаратқа)  меншік  құқығы  осы  Кодексте  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  аталған 
үйлер  (ғимараттар)  орналасқан  жер  учаскесіне  заңнамада  белгіленген  тәртіппен  меншік  құқығын 
білдіреді.  Мемлекеттік  заңды  тұлғалардың  үйге  (ғимаратқа)  шаруашылық  жүргізу  құқығы  немесе 
оралымды  басқару  құқығы  көрсетілген  объектілердің  жер  учаскесіне  белгіленген  тәртіппен  тұрақты 
жер пайдалану құқығын білдіреді. 
Көрсетілген құқықтар бір-бірінен ажыратылмайды». 
Жер  участогіне  құқық  пен  онда  орналасқан  объектілерге  құқық  ажыратылмайтындығы  сияқты, 
осы санаттағы жерді және онда орналасқан объектілерді қорғау да  ажыратылмауға тиіс.  
Тиісті қорғаушы нормалар осы объектілерді қорғауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде 
орын алған. 
Алайда  Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексі  және    Қазақстан  Республикасының  «Тарихи-
мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы да тар бағытталған болып табылады, 
яғни  тарихи-мәдени  мақсаттағы  жерді  және  тарихи-мәдени  мұраны    қорғаудағы  кешенді  қатынасты 
реттемейді.  
Тарихи-мәдени мақсаттағы жерді  қорғаудың екінші  ерекшелігі, өткізілетін шаралардың мазмұны 
болып  табылады.  Сонымен,  Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексінің  140-бабында  белгіленген 
жалпы шаралардан айырмашылығы, бұл жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар 
жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру 
мақсатында,  сондай-ақ  карантиндiк  зиянкестер  мен  өсiмдiк  аурулары  жұққан  жердiң  топырақ 

ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
 
148 
құнарлылығын  қалпына  келтiру  және  оны  уақтылы  шаруашылық  айналымға  тарту  бойынша 
шараларды жүргізуге міндетті емес.  
Бірақ  Қазақстан  Республикасының  «Тарихи-мәдени  мұра  объектілерін  қорғау  және  пайдалану 
туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері міндеттері 
болып мыналар табылады: 
1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;  
2)  облыстардың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың),  аудандардың  (облыстық 
маңызы  бар  қалалардың)  жергілікті  атқарушы  органдарын  меншік  құқықтарының  болуы  мүмкін 
немесе болған өзгерістері туралы хабардар ету;  
3)    халықаралық  және  республикалық  маңызы  бар  тарих  және  мәдениет  ескерткіштерінде 
ғылыми-реставрациялау  жұмыстарын  жүргізуді  —  уәкілетті  органмен,  жергілікті  маңызы  бар  тарих 
және  мәдениет  ескерткіштерінде  ғылыми-реставрациялау  жұмыстарын  жүргізуді  облыстардың 
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу; 
4)
 
облыстардың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың),  аудандардың  (облыстық 
маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленген 
тәртіп  пен  шекте  тарих  және  мәдениет  ескерткiшiне  ғылыми,  мәдени  және  өзге  де  мақсаттарда  қол 
жеткiзудi қамтамасыз ету.  
Бұл  міндеттемелер  тең  дәрежеде  тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін  пайдаланушыларға  да 
қатысты болып табылады. 
Бірақ  аталған  міндеттер  Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексінде  көзделмеген,  бұл  біздің 
көзқарасымыз  бойынша  дұрыс  емес  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексіне 
толықтырулар енгізу қажет.  
Тарихи-мәдени  мақсаттағы  жерді  құқықтық  қорғаудың  үшінші  ерекшелігі,  осы  жерді  пайдалану 
және  қорғаумен  байланысты  туындайтын  қатынастарды  реттейтін  арнайы  нормативтік-құқықтық 
база болып табылады.    
Бұнда қайнар көздердің үш тобын қарастыруға болады. 
Бірінші  топ  –  бұл  Қазақстан  Республикасының  жер  және  экологиялық  заңнамасының 
нормативтік-құқықтық  актілері.  Бұл  топқа  Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексі  жатады,  онда 
жерді  қорғау  бойынша  жалпы  экологиялық  талаптар  белгіленген,  сонымен  қатар  арнайы  бап  -  127-
бап  «Тарихи-мәдени  мақсаттағы  жер»  орын  алған.  Тағы  да  осы  топқа  жерді  пайдалану  кезіндегі 
экологиялық  талаптар  белгіленген  2007  жылғы  9  қаңтардағы  Қазақстан  Республикасының 
Экологиялық кодексін жатқызуға болады.   
Екінші  топ  –  тарихи-мәдени  мұра  объектілеріне  қатысты  нормативтік-құқықтық  актілер.  Бұл  - 
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және 
пайдалану  туралы»  Заңы,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  16  шілдедегі 
«Қазақстан  Республикасындағы  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  қызметі  туралы»  Заңы.  Бұл 
заңның  6-бабында  ерекше  реттелетін  және  қала  құрылысымен  бекітілетін  сәулет,  қала  құрылысы 
және құрылыс қызметінің объектілері аталған.  
Ерекше  реттелетін  және  қала  құрылысымен  бекітілетін  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс 
қызметінің  объектілері  былай  бөлінеді:  1)  ерекше  реттелетін  және  қала  құрылысымен  бекітілетін 
аумақтық объектілер;  
2) ерекше реттелетін және қала құрылысымен бекітілетін елді мекендер;  
3)  ерекше  реттелуді  және  (немесе)  қала  құрылысымен  бекітілуді  талап  ететін  жекелеген 
қозғалмайтын мүлік обьектілері.   
 Сонымен, мысалы, ерекше реттелетін және қала құрылысымен бекітілетін аумақтық объектілерге 
тарихи-мәдени мұра объектілерінің және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектілердің аумақтары; 
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен ерекше реттелетін және бекітілетін елді мекендерге 
– тарихи, мәдени құндылығы бар елді мекендер және олардың бөлігі мен оларға жапсарлас аумақтар 
немесе  қорғалатын  ландшафтық  объектілер,  сонымен  қатар  қорықтар  мен  ұлттық  парктердегі 
мекендер;  ерекше  реттелуді  және  (немесе)  қала  құрылысымен  бекітілуді  талап  ететін  жекелеген 
қозғалмайтын  мүлік  объектілеріне  –  тарих  пен  мәдениет  ескерткіштері  және  олардың  ансамбльдері 
жатады.   
Тағы да құқықтық қорғау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 
«Мемлекеттік  қорғауға  жататын  объектілердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  кейбір  мәселелері» 
Қаулысымен  де  жүзеге  асырылады.  Бұл  қаулымен  Мемлекеттік  қорғауға  жататын  объектілерді 
анықтау  Ережесі  және  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  қорғауға  жататын  объектілердің 
Тізімі бекітілген.    

Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009                                                                                       

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет