Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет176/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   423
Түйін сӛздер: идиома, идиомалық тіркес, лексикалық форма, фраза, аударма, стилистика, кӛркем 
әдебиет, Н.Келімбетов 
 
Әр  елдің  ӛзінің  әдет-ғҧрпына,  салт-дәстҥріне,  тҧрмыс-тіршілігіне,  мәдениетіне  тән 
идиомалары  болады.  Идиома  (лат.idioma  –  ерекшелік,  айырмашылық)  –  тҥрлі  тілдік 
қҧрылымдарды,  диалектіні,  говорды  әдеби  тілді,  оның  нҧсқасын  және  басқа  тілдің  ӛмір  сҥру 
тҧлғаларын  білдіруге  арналған  ортақ  термин  [1].  Идиомалардың  дара  тҧрғандағы  мағынасы 
тіркестегі  мағынасына  сай  келмейтін,  бірінен-бірін  ажыратып  қарастыруға  келмейтін,  басқа 
тілдерге  тура  мағынада  аударуға  болмайтын  тҧрақты  сӛз  тіркестерін  идиомалық  тіркестер 
немесе идиома дейміз.  
І.Кеңесбаев  «Қазақ  тіл  білімінің  мәселелері»  атты  кітабында  идиомаларға  келесідей 
тҧжырым  береді:  «Тіліміздегі  нақыл  сӛздер  (лексикалық  формасы,  стилистикалық  функциясы 
жағынан)  айрықша  орын  алады  (Біздің  "нақыл  сӛздер"  деп  отырғанымыз  лингвистика  тілімен 
айтқанда - идиомдар, фразалық топтар). Ең алдымен идиом мен фраза деген терминдердің бетін 
ашып,  айырмасын  байқайық.  Идиом  да,  фраза  да  –  белгілі  сӛз  тізбектері;  идиом  тобындағы 
сӛздер ӛзінің жеке тҥрғандағы негізгі мағынасынан айырылып калады да, ӛзара жымдасып, бір 
ғана  негізгі  лексикалык  ҧғым  береді.  Басқаша  айтқанда,  идиом  ішіндегі  компоненттер  ӛзінің 
лексикалық формасы мен мағынасын жоғалтады да, грамматикалық формасын сақтайды; бҧлар 
(компоненттер)  – негізгі бір кесек кҥрделі лексикалық единицаның грамматикалық элементтері 
(мҥшелері) болып есептеледі; идиомның беретін мағынасы оның жеке сыңарларынан шығатын  
мағынамен  байланыспайды.  Мәселен:  ―қабырғаңмен  кеңес‖,  ―қас  пен  кӛздің  арасында‖, 
―жҥрек  жалғау‖,  ―қырғи  қабақ  болу‖,  ―тонның  ішкі  бауындай‖  дегендердің  әрқайсысы  бір-бір 
идиом;  ―қабырғаңмен  кеңес‖  дегеннің  мағынасы  ―қабырға‖,  ―кеңес‖  деген  сӛздердің  тікелей 
мағынасынан туып отырған жоқ (мҧның беретін ҧғымы: ―ойлан‖, ―асықпай, саспай ойлан‖); не 
болмаса:  ―қас  пен  кӛздің  арасында‖  (мҧның  беретін  ҧғымы:  ―кӛзді  ашып-жҧмғанша‖,  ―лезде‖), 
―жҥрек жалғау‖ мҧның беретін ҧғымы: ―азын-аулақ ас ауыз тию‖, ―жеңіл-желпі тамақ ішіп алу‖), 
―қырғиқабақ болу‖ (мҧның беретін ҧғымы ―араздасу‖, ―ӛкпелесу‖ қырын қарау‖), ―тонның ішкі 
бауындай‖  (мҧның  беретін  ҧғымы:  ―ӛте  тату‖,  ―жең  ҧшынан  жалғасқан‖,  ―әкей-ҥкей‖);  ―тҥлен 
тҥрту‖,  тҥйе  ҥстінен  сирақ  ҥйту"  деген  сӛз  тізбектері  де  солай.  Әрбір  идиомның  сыңарлары 
біртегіс  басы  бірігіп  тҧрып  қана  жаңа  мағына  туғызып  тҧр;  идиомды  обороттардың  ішіндегі 
элементтеріне  карай  аңализ  жасап,  сол  элементтердің  мағынасына  қарай  жаңа  идиомдық  ҧғым 
туғызуға  болмайды;  ол  жеке  элементтердің  негізгі  мағынасынан  барып  жасалған  тізбек  идиом 
болмайды, ол фраза болады; мәселен, ―белін қынай буынды‖, ―ата жолын қуу‖, ―егіліп жылау‖, 
―асқар  тау‖,  ―шалқар  кӛл‖,  ―жосадай  қан‖,  ―мидай  дала‖.  Бҧл  тізбектердің  әрқайсысындағы 
компоненттер  ӛзінің  негізгі  мағынасынан  айырылып  қалып  тҥрған  жоқ,  бастапқы  тікелей 
мағынасын сақтап тҧр» [1; 162-163].  
Фразеология теориясының атасы – француз тумасы швейцариялық лингвист Чарльз Балли 
(1865 - 1947). Алғаш рет Балли ӛзінің «Стилистика очеркі» және «Француз стилистикасы» (Bally 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
134 
 
Ch., 1905, 1909) еңбектерінде сӛз тіркестерін жҥйелеген. Балли фразеологияға қатысты тарауды 
«Стилистика очеркі» кітабына енгізген. Бірінші кітабында сӛз тіркестері тӛрт топқа бӛлінген: 1) 
еркін фразалар (les groupements libres), яғни тҧрақтылыққа ие емес комбинациялар; 2) қарапайым 
комбинациялар  (les  groupements  usuels),  атап  айтқанда,  кейбір  ӛзгерістерге  мҥмкіндік  беретін 
компоненттердің  салыстырмалы  тҥрде  бос  қосылыстары  бар  сӛз  тіркестері,  мысалы,  une  grave 
maladie қауіпті ауру (une dangereuse, serieuse maladie- бҧл елеулі, қауіпті ауру; 3) фразеологиялық 
тіркестер  (les  series  phraséologiques),  яғни  екі  ҧғымды  біріктіретін  сӛздер  топтары.  Бҧл 
тіркестердің  тҧрақтылығы  бастапқы  қолданысқа  тҥскен  сәттен  бастап  белгіленеді.  Бҧл 
комбинациялар  компоненттерді  қайта  қҧруға  мҥмкіндік  береді;  4)  фразеологиялық  бірлік 
(фразеологизмдерді  біріктіреді),  яғни  сӛздердің  мағынасын  жоғалтатын  және  бірыңғай 
тҧжырымдамасын  білдіретін  тіркестер.  Мҧндай  тіркестер  компоненттерді  қайта  қҧруға 
мҥмкіндік бермейді. Бҧлардың бастапқылары жай тіркестер де, кейінгілері идиомалық тіркестер. 
Идиомалық  тіркестерге  ағаштан  тҥйін  тҥю  (аса  шебер,  барынша  ӛнерлі),  ағынан  жарылу  (еш 
нәрсені жасырмау, ішіне еш сыр бҥкпеу), ақ тҥйенің қарны жарылу (қарық боп қалу, ит басына 
іркіт тӛгілу), ақ ҥстінен қараны тану (ақты-қараны ажырату, дҧрыс-бҧрысын білу), жемес астан 
ҥміт қылу (босқа дәме ету) және тағы да басқа сияқты жеке тҧрғандағы мағыналарынан мҥлде не 
жартылай айырылып, қалыптасқан тізбектері жатады [2; 15, 35, 256]. 
 Мҧндай  тіркестерді  ӛзге  тілге  сӛзбе-сӛз  аударса,  ешқандай  тҥсінік  бермей,  жай  ғана 
сӛздердің  мағынасыз  тізбегі  болып  шығады.  Сондықтан  идиомалық  сӛз  тіркестерін  басқа  тілге 
жалпы  мағынасына  қарай  аудару  қажет.  Н.Келімбетовтың  ―Ҥміт  ҥзгім  келмейді‖ 
шығармасындағы идиомалардың қалай берілгендігіне қысқаша тоқтала кетейік. Бҧл 2011 жылы 
Алматы  қаласы  «Раритет»  баспасында  басылып  шыққан  туынды.  Шығарманы  қазақ  тілінен 
ағылшын тіліне Н.Келімбетовтың немересі Шынар Келімбетова «I don‘t want to lose hope» деген 
атпен  аударып,  2013  жылы  Лондон  қаласындағы  баспаға  жариялады.  Ең  алдымен  тӛмендегі 
кӛркем шығарма ҥзіндісінен тҥпнҧсқадағы идиомаларды қарастырайық.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет