Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет64/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Түйін сӛздер: Cichorium Intybus L., инулин, флаваноид, пектин, сорбент, катионит, белок 
 
 Кіріспе 
 Cichorium ӛсімдігін ежелден халық медицинасында кеңінен қолданған. Тіпті, ежелгі араб 
пен  армян  медицинасындағы  рецептік  жазбаларға  қарағанда  Сichorium  ӛсімдігі  әртҥрлі  дәрілік 
препараттар қҧрамына кірген. Олар жараны жазуда, асқорыту мҥшелері мен бауырды емдеу ҥшін 
пайдаланылады.  
 Cichorium  ӛсімдігінің  ӛсу  жағдайы  ТМД  елді  мекендерінің  барлық  ӛлкелерінде  таралған. 
Атап  айтсақ,  Еуропа,  Солтҥстік  Индия,  Қытай  мен  Кавказ  ,  Орта  Азия  мемлекеті,  Батыс  Сібір 
жерлерінде  ӛседі.  Ал  біздің  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетіміздің  барлық  ӛңірлерінде  таралған 
десек, артық болмас [1]. 
 Ежелден  Cichorium  емдік  ӛсімдік  болып  танылған.
  Cichorium  емдік  ӛсімдігін  адамды 
шаян,  жылан  шағып,  кесіртке,  жәндіктер  шаққанда  буындарға  тартып  таңуға  болады.  Атақты 
тәжік ғалымы және орта ғасыр Авиценна дәрігері Cichorium ӛсімдігінен жасалған препараттарды 
кӛз,  асқазан,  асқорыту  жолдарындағы  ауруларына  емдік  ретінде  қолданған.  Ал  Ресей 
мемлекетінде алғаш рет 1880 жылы Ярославль бекетінде ӛсіріліп, сыналған [2, 3]. 
 Cichorium  ӛсімдігінің  тамырындағы  ерекше  компонент-глюкозидтік  субстанция  интибин 
(0,032-0,2%), ол-тҥссіз қою, ащы дәмі бар зат. Бҧл затты 1961 жылы ең алғаш Schormuller ӛзінің 
шәкірттерімен  бірге  газдық  хроматография  әдісімен  Cichorium  ӛсімдігінің  қҧрғақ  ҧнтақталған 
экстракт кҥйінде анықтаған [4].  
Cichorium  ӛсімдігі  Ресейдің  еуропалық  бӛлігінде,  Батыс  Сібірден  Алтайға  дейін,  Орта 
Азияда,  Кавказда  таралған.  Cichorium  ӛсімдігі  азық  –  тҥлік  ӛсімдік  ретінде  қолдан  ӛсіріледі. 
Гҥлшоғыры  мен  тамырының  тҧнбасы  орталық  жҥйкежҥйесін  тыныштандырады  және  жҥректің 
жҧмысын  жақсартады.  Авиценна  Cichorium  ӛсімдігін  безгекте,  асқазан  -  ішек  жҧмысы 
бҧзылғанда, жҥрек айну кӛз қабынуында пайдаланылған [5].
 
Cichorium ӛсімдігі тамырының адам ағзасы шаршағанда жалпы кҥш-қуат беретін, қанның 
қҧрамын қалыпқа  келтіретін  қасиеті жоғары. Болгария  елінде  сichorium  ӛсімдігінің қайнатпасы 
мен тҧндырмасы бауыр ауруларына (цирроз, гепатит), ӛт жолдарын айдауда ( ӛттегі тас), бҥйрек 
ауруларына  пайдаланылған.  Ангина  ісіген  кезде,  жҧмсартқыш  ретінде,  ал  тері  ауруларында  – 
экзема, фурункул, карбункул, жараларында да қолданылады [6].  
Еуропа  елдеріне  келсек,  олар  Cichorium  ӛсімдігінің  тамырын  нефрит,  энуреза  мен  кӛк 
бауыр  ауруларын  ,  геморройды  емдеуде  қолданса,  ал  Польша  халқы  Cichorium  ӛсімдігі 
шырынын  ісік  ауруларына  емдік  шӛп  ретінде  қолдануды  іске  асырды.  Ал  Азербайжан  халық 
медицинасында Cichorium ӛсімдігі тамырын қант диабетінің бастапқы сатысын жазуда қолданды 
[7]. 
 Cichorium  ӛсімдігінің  гҥлдері  қосжынысты,  жапырақ  қолтығынан  ӛседі.  Гҥл  шоғыры 
себет. Кҥлтесі кӛгілдір, кӛк, ақшыл тҥсті, алдымен бірігіп бес тісті қуыс гҥл қҧрайды да, гҥлдеген 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
42 
 
кезде  ҧзынынан  жарылып  тілше  гҥлдерге  айналады.  Cichorium  ӛсімдігі  маусым-
қыркҥйекайларында  гҥлдейді.  Жемісі  қазанға  дейін  жетіледі.  Бҧлтты  кҥндері  мҥлдем 
ашылмайды [8]. 
 
Cichorium  ӛсімдігінің  балғын  жапырақтары  жеуге  жарамды,  олардың  қҧрамында  жоғары 
шығымда аскорбин қышқылы бар. Сабағындағы жаңа ӛскен сабақшалары мен жапырақшаларын 
қайнатқан,  қуырған,  тіпті  қамырға  қосып  пісірген.  Бельгияда  оны  алмамен,  кейде  ірімшікпен 
қосып, шарапта қайнатып ішкен [9].
 
 
Зерттеудің мақсаты: Cichorium Intybus L. ӛсімдігі тамырынан инулинді бӛлу. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет