Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет182/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   493
жолдарын  (ТГЖД)  салу  ісі  қолға  алына  бастады,  сөйтіп  темір  жол  құрылысы  1934  жылы  аяқталады. 

Құжаттарда сол жылғы сатып алынған 3 мұнаймен жүретін паровоздың жарамсыз күйде жеткізілгені 2 

платформаның,  жабық  2  вагонның,  2  цистернаның,  2  матовоздың  жеткізілгені  айтылады.  Ал  көмірмен 

жүретін үш жаңа № 4, № 11, № 8 паровоздар және 4 тізбекті платформалар жеткізілген. Жалпы парктегі 

12 вагонның тек 9 пайдаланылған [8, 540] .  

 Тар  табанды  темір  жолдардың  аралығындағы  станциялар  бір-біріне  өте  жақын  орналасты.  Өйткені 

Шымкент  қорғасын  заводына  Ащысайдың  қорғасынын  жеткізіп  тұру  қажет  еді.  Сонымен  қатар 

поликомбинат айналасындағы түрлі рудниктермен байланыс орнату да маңызды болатын. «Түркістаннан 

Ащысай  поселкесіне  дейін  78  км  қашықтықта  тар  табанды  темір  жолы  (УЖД  узкоколейная  железная 

дорога)  салынған.  Бұл  салынған  жолдардағы  ең  күрделі  бөлік  Ұйық-Ащысайдан  18  км  жердегі  таулы 

орындар  болса  керек.  Кейбір  орындардағы  ылди  35-38  мың  км  қашықтыққа  дейін  созылған.  30-

жылдардағы  аштықтың  куәсі  ретінде  осы  жол  бойында  жатқан  мыңдаған  жұмысшылардың  зиратын 

айтуға болады. Қазір оның орындарында жатқан қорымдар Серго станциясында төбешік болып жатыр. 

Осындай ауыртпалықтарға қарамастан 1933 жылы 1 қарашада Түркістаннан Серго станциясына алғашқы 

№ 159 Коломенский деген  жеңіл паровоз әкелінеді. Бұл оқиға жергілікті халық үшін үлкен мереке той 

тәрізді болды. Алғашқы УЖД Серго станциясынан Ақжар поселкесіне дейін 4,5 км қашықтықты құрады. 

Ал Ақжар поселкесіне дейін салынған жол уақытша болатын. Түркістаннан 30 км қашықтықта Ащысайға 

салынған жол, Хантағыға қарай 8 км-ге созылған. Соғыс жылдарының басында Мырғалымсай кенішінен 

Хантағы  кен  байыту  фабрикасына  дейін  тағы  жол  салынады.  Бұл  темір  жолдарының  соғысқа  оқ-дәрі 

тасымалдауда  стартегиялық  маңызы  зор  болды.  Уақыт  өте  келе  Кентау  қаласында  Батыс  кеніштеріне 

қарай  тартылған  сонымен  қатар  Байылдырға  тартылған  тар  табанды  темір  жолдары  пайда  болды»  [9. 

Өңірді сумен қамтама ету саласы да құлдырап жатқан екен. Түркістан ст. № 137 пикеттен Қотырбұлақта, 

Хантағы, Иқансу, Көкқия және Азорный пункттерінде Верстингтон насосы орнатылған.  

 Сонымен  архив  құжаттарынан  30-жылдарда  жұмысшылардың  баспана  мәселесінің,  тұрмыс-

тіршілігінің,  сосын  шахталардағы  еңбек  жағдайының,  Түркістан  таулы  темір  жолдарындағы  жұмыс 

барысының жылдан-жылға ауырлай түскенін көреміз.  

 Хантағы  кен  байыту  фабрикасы  жөнінде.  Ащысай  мен  Хантағы  аралығына  тар  табанды  темір 

жолдары  тартылған  соң  1933  жылы  Хантағы  кен  байыту  фабрикасы  тұрғызылды.  Ол  Түркістан  таулы 

темір  жолының  бойындағы  Хантағы  поселкесі  территориясында  және  бұрынғы  Хантағы  руднигі 

аумағынан орын алды. Фабрика Ташкент темір жолындағы Түркістан станциясы және Ащысай руднигі 

аралығын  қосатын  Қотырбұлақ  станциялары  арқылы  өтті.  Қотыр  бұлақ  пен  Ащысай  руднигінің 

қашықтығы  27  км  болса,  Түркістан  станциясына  дейін  –  31  км  құрайды.  Ал  кейін  Мырғалымсай 

руднигімен ТГЖД (Туркестанский горнозаводская железная дорога) арқылы жалғасады.  

 Хантағы кен байыту фабрикасы алғашында тәулігіне 25 тн руданы өңдеді. Кейін 1935 және 1939 жж 

фабрика бірнеше рет қайта құрылып, күшейтілді. Соған сәйкес 1933 жылы фабрика тәулігіне 100 тн өнім 

берсе, 1939 жылы ол – 150 тн-ға дейін өсті. Сонымен бір мезгілде 1939 ж. қорғасын-мыс концентраттарын 

іріктеп  бөлу  және  кенді  байыту  мақсатында  қатты  бөлшектерді  суда  айыру  процесін  іске  асыратын 

аппаратура яғни, сусыздандыру бөлімі салынады.  

 Кен орындарынан мынадай түрлі-түсті металдар алынды

 Тау жыныстары: кальцит, пирит, темір гидроокислдері, магневит, гематит, кварц, пирит және кволин 

тобындағы минералдар. 

 Алғашқы  және  гидротермалды  руда  минералдары  –  галенит,  пирит,  сфелерит,  тетраэдрит, 

халькопирит, марказит, аргентит, алтын. 

Желілі  (өзекті)  минералдар:  барий,  кальцит,  доломит,  кварц,  анкерит,  арогонит,  марганец  –  шпат 

араласқан, баритокальцит, флюорит. 

 Супергенді  минералдар:  церуссит,  анлезит,  халбкозин,  табиғи  мыс,  апатит,  жасыл  мысты,  көк  мыс, 

меланжерит, темір қышқылдары мен гидроқышқылдар, марганец және басқа. 

 Аталған минералдар ішінен галеит, церуссит, күміс және бариттің өндірістік салмағы зор. 

 Рудаларды зерттеу барысында қорғасын мол шоғырланған бөліктерде күміс араласқан рудалардың да 

бар екенін көруге болады. 

 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

132 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет