Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет276/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   493
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

201 


қауіпсіздік  жүйесін  құру  қажеттілігі  арта  түседі.  Ең  бастысы  экономикалық  ынтымақтастық  пен 

мемлекеттердің өзара тәуелділігінің өсуінің маңызы зор [2]. 

Халықаралық  жүйедегі  проблемаларды  шешу  үшін  көрсетуі  тиіс  жағымды  өзгеріс  либералдарға 

келесідей  болып  көрінеді:  мемлекет  дәстүрлі  күш  саясатынан  және  түрлі  коалицияларға  бейімделуден 

алшақ болып, моральды қағидаларға сүйенуі тиіс. Либералды парадигманы жақтаушылары анархия мен 

зорлықты  келісілген  саяси  әрекеттермен,  соның  ішінде  ұлтүсті  институттар  мен  дипломатияның 

көмегімен жеңуді ұсынады. Дипломатияның мемлекеттік құрылымының негізі ретінде таралуы да бейбіт 

қатар өмір сүруге жағымды жағдайлар тудырады.  

Шектеушісі фактор ретінде әскери тұрғыда күш көрсетуді басты либералдар халықаралық деңгейдегі 

соғысқа қарсы заңдық нормаларды жасау мен қалыптастыруды қажет деп санайды. Сондай-ақ, әлемдік 

шиеленісті  бәсеңдетуге  қарусыздандыру,  оны  таратуды  бақылаудың  шараларын  және  тоталитарлы 

мемлекеттердің санынын азайту септігін тигізеді. Қауіпсіздік мәселелері жаңа сипатта жүзеге асырылып, 

енді бұдан әрі, олардың орнына экономикалық және мәдени факторлар тартылады. 

Интеллектуалдық дағдарыспен байланысты постпозитивизм парадигмасының пайда болуы мен дамуы 

жатады.  Постпозитивизм  халықаралық  қатынастар  теорияларында  барлық  алдыңғы  бағыттарының  ең 

алдымен  гносеологиялық  деңгейде  қарама-қарсылығы  ретінде  бекітілді.  Оның  өкілдері  адамның 

ақиқаттың  және  соның  ішінде  айрықша  саясат  саласын  объективті  заңдарын  тану  қабілеттерін 

сенімсіздікпен бағалайды. Постпозитивизмнің негізін салушылардың ішінде Юрген Хабермасты, Ричард 

Рортиді, Джеймс Уокерді айтуға болады. Алайда, алғашында постпозитивизм көбіне философия ретінде 

белгілі  болды,  кейінірек  оның  халықаралық  қатынастар  теорияларында  да  сәйкесінше  бағыты  пайда 

болды [3]. 

ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдарында  постпозитивистер  өздерінің  қарсыластарының  толық  және 

конструктивсіз  сынаудан  ғылыми  диалог  пен  жемісті  идеяларға  көше  бастады.  Мысалы,  олар 

қауіпсіздіктің  түсіндірмесіне  әскериден  бөлек,  саяси,  экономикалық,  экологиялық  және  әлеуметтік 

аспектілерді қоса отырып, оның кеңейтілуіне үлкен үлес қосқаны белгілі.  

Постпозитивистер қазіргі қоғам мен халықаралық жүйенің нашар басқармалы екендігіне сенімді және 

оған  халықтың  мемлекеттік  билікке  сенімінің  төмендеуі,  саяси  партиялардың  әлсіреуі,  жаһанды 

мәселелердің  асқындауы,  мемлекеттердің  өзара  тәуелділігінің  артуы,  қауіпсіздіктің  терроризм,  есірткі 

бизнесі, агрессивті ұлтшылдық, діни фундаментализм сияқты жаңа қатерлерінің пайда болуы дәлел бола 

алады.  


Мемлекет халықаралық саясаттың басты субъектісі позициясын жоғалтуда. Оны болашақта әлеуметтік 

топқа және аймаққа біртіндеп дефрагментациясы немесе жаһанды экономикалық интеграцияның әсерінен 

деградация күтуде. Алайда саясат субъектілері, өте көмескі анықталады: олар түрлі әлеуметтік топтармен 

қатар,  жеке  адам  да.  Саясатқа  қоғамдық  институттар  мен  экономикалық  қатынастардың  әсері 

ескерілмейді. 

Конструктивизм теория парадигмасы ретінде 1990-шы жж. пайда болды және халықаралық саясат пен 

норма,  сәйкестік,  мәдениет  сияқты  әлеуметтік  концепциялардың  теорияларын  жинақтау  әрекеті  болып 

табылады. Бұл бағыт өзінің неореализмге қатысты сыншылдығымен, сонымен қатар негізгі ережелерінің 

мазмұнымен  постпозитивизмнің  кейбір  түрлеріне  жақын  болып  келеді.  Неореалистердің  ізімен, 

конструктивистер  халықаралық  саясаттағы  құрылымдық  қатынастардың  белгілі  рөлін,  анархияның 

мемлекеттің қылығына әсерін ұлттық мүдде мен күштің маңызын мойындайды. 

Мемлекеттің  басты  мақсаты  қауіпсіздік  мәселесіне  қатысты  емес.  Мемлекеттер  ұзақмерзімді  ортақ 

мүдделерге  ие  болып,  халықаралық  жүйенің  жағдайына  белсенді  түрде  әсер  ете  алады.  Мемлекет 

мүдделері оның сәйкестігін  «құрастыру» үдерісінде  қалыптасады.  Саясаттың  барлық субъектілері жаңа 

сәйкестікті туындауына алып келетін уақыт аралығында өзгереді.  

Неолибералдар  өздерінің  дербес  ғылыми  бағыттарына  айналдыруға  үміткер  болғанымен,  толық 

ілімдерін  ұсына  алмады.  Олардың  жұмыстары  жалпы  теорияның  жеке  аспектілерін  ғана  қамтыды. 

Неореалистердің  көптеген  постулаттарымен  келісе  отырып,  неолибералдар  оларға  өзгеше  түсіндірме 

берді.  Осылайша,  халықаралық  жүйенің  анархиялығын  мойындай  отырып,  оның  мемлекет  саясатына 

әсері  туралы  айтатын  неореалистердің  пікірлерін  асыра  сілтеушілік  деп  қарастырады.  Олардың 

жұмыстарында,  мемлекеттердің  ынтымақтастығына,  саяси  экономия  мәселелеріне,  экология  және 

қауіпсіздіктің  байланысына,  демократиялық  режимдердің  таратылуына  және  бейбітшіліктің 

нығайтылуына  көбірек  көңіл  бөлініп,  халықаралық  институттардың  дербес  рөлдері  айрықша  аталып 

өтіледі. 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет