Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет279/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

204 


келеді. Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО елдеріндегі саяси өмірге белсенді қатысуды күшейту АҚШ-

тың  ұлттық  мүдделеріне  сәйкес  келеді  және  тарихқа  сәйкес  өзінің  халқымен  әрекеттесетін  өкілдік 

үкіметтер өздерінің көрші мемлекеттеріне қатысты агрессияға бармайды. 1991 жылғы АҚШ-ның ұлттық 

қауіпсіздік стратегиясына сәйкес, демократия жекелеген тұлғалардың құқықтары мен адам құқықтарын 

сақтауды, экономикалық еркіндікті қолдап тұрақтылыққа атсалысады. 

АҚШ-тың  президенті  Клинтон  қырғи-қабақ  соғысынан  кейінгі  сыртқы  саясат  стратегиясын 

жетілдірмегеніне  талай  рет  сынға  алынды.  Бірақ,  оның  сыртқы  саясаты  келісілген  көзқараспен 

негізделген (underpinned by a consistent worldview) және «демократияны кеңейту» (democratic enlargement) 

тұжырымдамасында баяндалған. Бұл тұжырымдаманы дамыта отырып, Клинтон мен оның кеңесшілері 

Американдық ұлттық мүдделерді іске асыруды өзінің саяси құндылықтарын шетелде таратуға сүйенген 

американдық  либералдық  интернационалист  традициясы  шеңберінде  жұмыс  жасады.  Олардың 

американдық  қауіпсіздік  пен  өркендеуге  демеу  бола  алатын  ашық  нарықтарды  кеңейту  мен  либералды 

демократияның дамуына жәрдемдесу сияқты амбициялары «жақсылық бірлігі» (unity of goodness) және 

«демократиялық  құндылықтарға»  сенімнің  көрінісі  болды.  Демократияны  дамыту  саясаттағы 

салыстырмалы  жаңа  саласын  кеңейтудің  логикалық  жалғасы  болды,  сондықтан  да  Клинтонның 

администрациясы  экономикалық  міндеттерге  және  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  қол  жеткізу 

тұрғысынан айқын тұжырымдап, сыртқы саясатқа біріктіруге тырысты. 

1993  жылы  Клинтон  әкімшілігі  бұл  көзқарастарға  негізделген  стратегиясын  қалыптастырды.  Ұлттық 

қауіпсіздік  бойынща  кеңесші  Энтони  Лейк,  демократиялық  кеңейту  тұжырымдамасын  ұсынды.  Ол 

«демократия мен нарықтық экономика үстемдік еткен мемлекеттер бар әлемде, біздің еліміз анағұрлым 

қауіпсіз, өркендеген әрі ықпалды болады, ал әлем (humane, гуманный) гуманды және бейбіт болады» деп 

мәлімдеді.  Осылайша  Лейк  «тежеу  доктринасынан  кейін  ашық  нарықтық  демократия  қауымдастығын 

кеңейту  стратегиясы  болу  керек»  деп  қорытындады.  Бірнеше  күннен  кейін  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы 

алдында  Билл  Клинтон  «біздің  ең  басты  мақсатымыз  нарықтық  демократияға  сүйенген  әлемдік 

қауымдастықты кеңейту мен күшейту болуы тиіс» деп мәлімдеді. 

Демократияны  кеңейту  мәселелері  Клинтон  тұсындағы  американдық  сыртқы  саясатын  негіздеу 

риторикасы негізінде жатты. Лейктің сөзі АҚШ-тың ұлтты қауіпсіздік стратегиясына толығымен сәйкес 

келді.  Кірігу  мен  кеңейту  стратегиясында  жарияланған  американдық  саясаттың  басты  мақсаттары 

қатарына  –  АҚШ  қауіпсіздігін  күшейту,  елдегі  өркендеу  мен  демократияны  дамыту  мәселелері  кірді. 

Клинтон  тұсындағы  ұлттық  қауіпсіздік  стратегиясының  мазмұны  аз  өзгерістерге  ұшырады.  Екінші 

мерзімдегі  мақсат  пен  міндеттерге  келгенде  Лейк,  демократияға  қарағанда  назарын  қауіпсіздік  пен 

экономика  мәселелеріне  көбірек  бөлді  және  алдыңғы  мерзіміндегі  жаһандық  риторикадан  назарын 

Еуропа аймағына ауыстырды [9]. 

Дж. Буш тұсындағы демократияны дамыту мәселелері оның Ирактағы соғысы әрекеттері салдарынан 

бірталай сынға алынды. Демократияның АҚШ-тың сыртқы саясатында алатын орны туралы пікірталастар 

символдар, мифтер және басқа да абстракциялар негізінде жүреді. Буш тұсындағы демократияны тарату 

мәселелері Египет, Индонезия, Либерия, Ресей, Украина және Венесуэла сияқты мемлекеттер төңірегінде 

айтылады. 

Президент  Барак  Обама  алдыңғы  АҚШ  әкімшілігінен  мұра  еткен  сыртқы  саясаттағы  бірталай 

мәселелермен  бетпе  бет  келді.  Елдегі  және  әлемдегі  қаржы  дағдарысы  аталған  мәселелерді  біршама 

күрделендірді.  Әлемдік  қауымдастық  тарапынан  АҚШ-тың  демократияландыру  саясатына  сенімнің 

төмендеуі  салдарынан  Обама  әкімшілігі  АҚШ-тың  демократияландыру  саясатын  қайта  қарастыруға 

мәжбүр  болды.  Жаңа  президент  АҚШ-тың  шетелдегі  еркіндікті  қолдау  риторикасын  жұмсартып, 

Американың демократиялық қалпын қайта құруға шараларды іске асыра бастайды. 2009 жылдың екінші 

жартысынан бастап АҚШ демократияны тарату шараларын белсенді жүзеге асыра бастайды. АҚШ-тың 

лауазымды  тұлғалары  демократия  мен  адам  құқықтарын  сақтау  мәселелері  төңірегінде  жүйелі  әрі 

табанды түрде айта бастайды. Обама әкімшілігі демократия саласындағы саясаты бойынша өзіндік тәсілге 

жүгініп, демократияны сақтау үшін институцоналдық және нормативтік шеңбердегі түрлі бастамаларды 

қолдау мен көпжақты қатынастардың маңыздылығын атап өтеді [11].  

Обама  әкімшілігінің  ерекшелігі  –  Буш  пен  Клинтоннан  өзгеше  Обама  тұсында  АҚШ  сыртқы 

саясатында  –  демократияны  тарату  мәселелері  сыртқы  саясаттың  бірінші  дәрежелі  мүдделердің 

қатарында болған жоқ. 

ХХ  ғасыр  мен  ХХІ  ғасырлар  тоғысындағы  АҚШ  сыртқы  саясаты  реализм  ағымындағы 

тұжырымдамаларына  негізделген.  Бұл  АҚШ-тың  сыртқы  саясатының  дәстүрлі  тәсілдемелердің  біріне 

жатады.  Халықаралық  қатынастарда  мемлекеттер  тек  өздерінің  мүмкіншіліктеріне  ғана  сенуге  мәжбүр 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

205 


және халықаралық қатынастардың негізінде мемлекеттердің ұлттық мүдделері жатқандығы, ал олардың 

реттеушісі – ұлы державалар арасындағы күш тепе-теңдігі сияқты реализмнің тезистері толығымен қазіргі 

АҚШ  сыртқы  саясатында  өз  көрінісін  табуда.  Сонымен  қатар,  КСРО  ыдырағаннан  кейін  АҚШ-тың 

академиялық  топтарында  униполярлық  тұжырымдамасы  кеңінен  дами  бастайды.  Американдық 

зерттеушілердің  бір  тобы  қырғи-қабақ  соғысынан  кейін,  әлемнің  биполярлық  жүйесі  ыдырап, 

халықаралық  қатынастарда  тек  бір  мемлекет  үстемдік  ететін  униполярлы  жүйе  тұжырымдамасын 

пайымдады. Олардың пікірінше, қуатты мемлекетке сай, әскери, экономикалық, саяси ресурстар тек бір 

үстем мемлекет Америка Құрама Штаттарында шоғырланған. Мұндай пікірлер мен пайымдаулар АҚШ-

тың сыртқы саясатына тікелей әсер етті деуге болады, себебі бұл мемлекетте саяси шешім қабылдаудың 

бір  ерекшелігінің  қатарына  халықаралық  қатынастар  саласындағы  теоретиктер  мен  зерттеушілердің 

АҚШ-тың үкіметтік құрылымдарда да қызмет атқарулары жатады. Осылайша, саяси реализм  идеялары 

мен тезистері, одан кейінгі әлемнің униполярлық жүйесіндегі АҚШ-тың үстемдік позициясы АҚШ-тың 

сыртқы саясатының қалыптасуына да бірталай ықпал етті. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 



1. Бжезинский  Зб.  Выбор.  Глобальное  господство  или  глобальное  лидерство  /Пер.  с  англ.  –  М.: 

Междунар. отношения, 2004. 

2. George, A. Presidential  Decisionmaking in Foreign Policy: The Effective  Use of Information and  Advice, 

Boulder, CO: Westview, 1980, P. 218. 

3. Krasner, Stephan. Defending the National Interest, Princeton, NJ: Princeton University Press, 1978. P. 15 

4. Huntington,  Samuel  P.  The  Erosion  of  American  National  Interests  //  The  Domestic  Sources  of  American 

Foreign Policy: Insights and Evidence, ed. Eugene R. Wittkopf and James M. McCormick. New York: Rowman& 

Littlefield, 1999. P. 12. 

5. Sumner W., Folkways. New-York: Dover, Inc., 1959. 

6. Paul,  Christopher.  Marines  on  the  Beach.  The  Politics  of  U.S.  Military  Intervention  Decision  Making. 

PraegerSecurityInternational. Westport, Connecticut. London, 2008 

7. Электронный  ресурс  –  Режим  доступа.  -  URL:http://www.democrats.org/a/party/platform.html 

Терентьев  А.  «Новый  мировой  порядок»  США  или  европейское  мироустройство  Мировая  экономика  и 

международные отношения, 2003, № 7 

8. Джордж ФРИДМАН(George Friedman), Stratfor . лектронный ресурс] – Режим доступа. 

URL:  http://www.kontinent.org/article_rus_4a971af8eeb05.html  Михайлов  В.  Афганистан  превратился  в 

мировой центр напряженности // Независимое Военное Обозрение. - 2009. – 3 апр. 

9. Нир Б. Барак Обама для начинающих. Всё о новом президенте США = BarackObamaForBeginners: 

AnEssentialGuide. 

— 

М.:Европа,2009 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 


ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

206 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет