Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет277/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

202 


Институттардың  дербес  рөлі  олардың  заңдылық  пен  ықпалдасудың  нақты  түрлерін  қамтамасыз  ету 

арқылы мемлекетті күшейтуге немесе әлсірету арқылы халықаралық саясатқа  үлкен өсім бере алуымен 

анықталады. Мысалға, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аймақтық альянстардың құрамында болуы, тиімді 

сыртқы және қорғаныс саясатына құрал бола отырып, мемлекеттің күшін көбейтеді. 

Институттардың салыстырмалы дербестігі олардың жаңа жағдайларға төселе алуында көрініс табады. 

Ең  маңыздысы,  бұл  ұйымның  нормалары  мен  ережелері  орын  алған  саяси  жағдайға  жауап  бере 

алатындай  және  мемлекетаралық  ынтымақтастық  жолында  қиындықтарға  төтеп  бере  алатындай 

болулары  керек.  Сол  кезде,  НАТО-ны  құруға  көп  қаражат  жұмсаған  мемлекеттерге,  осы  ұйымды 

таратудан гөрі жаңа жағдайларға бейімдеу тиімді болып табылады. 

Неолибералды  көзқарасқа  сәйкес,  мысал  ретінде  әскери-теңіз  базаларына  емес,  флоттың  ұшақ 

тасымалдау  байланыстарына  сүйенуі  тиіс  АҚШ-тың  Азия-Тынық  мұхиты  аймағында  әрекетін  айтуға 

болады. Олар мобильділеу, нақты бір мемлекеттерге аз байланады, сондықтан да түрлі әскери әрекеттер 

театрларында кең мақсатты міндеттерді орындай алады. Осы тұрғыда, АҚШ-тың НАТО-ны сандық және 

функционалдық  жағынан  сақтау  және  кеңейту  әрекеттері  дұрыс  көрінеді.  Бұл  постбиполярлы  әлемнің 

хаосына  қарсы  тұруға  және  Шығыс  Еуропа  елдеріндегі  либералды  реформаларды  қолдауға  жақсы 

мүмкіндіктер  тудырады.  Кейбір  неолибералды  көзқарастар  президент  Бил  Клинтонның  әкімшілігі 

тұсында көрініс тапты [5]. 

АҚШ-тың сыртқы саясаты тұжырымдамалары қалыптасуының бір ерекшелігі – бұл елдің саяси ғылым 

өкілдерінің өздерінің академиялық қызметімен қатар кей уақытта мемлекеттік, үкіметтік құрылымдарда 

да жұмыс атқаруы.  

ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдардың  басында  АҚШ-ның  Президенті  Дж.  Буш,  КСРО-ның  ыдырауы 

салдарынан халықаралық аренада бір «полюстің» жойылуы туралы мәлімдеді. Нәтижесінде, бұл оқиғалар 

АҚШ жетекшілік ететін униполярлы әлемнің пайда болуына әкелді деген көзқарасты білдірді. Бұл тезис 

американдық академиялық топтардың өкілдері арасында қолдау тауып, одан әрі дамуын тапты. Әлемнің 

униполярлы моделіне сәйкес, халықаралық қатынастар жүйесі өзінің күші мен ықпалымен ерекшеленетін 

тек бір «күш орталығына» ғана сүйенеді. Аталмыш күш орталығы бүкіл халықаралық қауымдастыққа өз 

ниетін  және  шарттарын  іске  асыруға  мәжбүрлейтіндей  мүмкіншіліктері  бар  мемлекет  боп  табылады. 

Сонымен қатар, күш орталығы жеке мемлекет не мемлекеттердің бірлестігі құрылыуына алып келеді. 

Американдық саяси шолушысы Ч. Краутхэммер жазған еді. Өзінің “The unipolar moment” мақаласында 

Краутхэммер  қырғи-қабақ  соғысынан  кейінгі  әлем  –  униполярлы  әлем  сипатына  ие  деген  пікірді 

білдіреді.  «Бүгін,  екінші  дәрежелі  күштердің  жетіспеушлігі  байқалмайды.  Германия  мен  Жапония 

экономикалық қозғалтқыш елдер боп табылады. Ұлыбритания мен Франция дипломатиялық және белгілі 

бір дәрежеде әскери активтерін дамыта алады. КСРО-ның әскери және саяси сияқты күштердің бірнеше 

элементтеріне  ие,  бірақ  бұл  күштердің  барлығы  қазіргі  уақытта  қарқынды  әлсіреуде.  Қазіргі  уақытта 

бірінші  дәрежелі  тек  бір  күш  бар,  және  жақын  болашақта  бұл  күшпен  еш  мемлекет  бәсекеге  түсе 

алмайды.  Американың  үстемдігі  келесідей  факторлармен  байланысты:  ол  әскери,  саяси  және 

экономикалық активтерге ие ел, және әлемнің өзі таңдаған кез келген жеріндегі қақтығыстарда шешуші 

рольге ие мемлекет боп табылады [6]. 

Униполярлықтың одан да ұғынықты анықтамасын американдық зерттеуші Уильям Уолфортц ұсынды. 

Уолфортц бойынша, бұл «бір мемлекеттің мүмкіндіктері теңдестіру үшін тым үлкен болатын құрылым 

боп келеді. Мемлекеттің мүмкіндіктері соншалықты үлкен мөлшерде шоғырланған кезді көпполярлықтан 

(үш  не  одан  да  көп  аса  күшті  мемлекеттерден  тұратын  құрылым)  және  биполярлықтан  (басқа  елдерге 

қарағанда екі аса күшті мемлекеттен тұратын құрылым) өзгешеленетін құрылым пайда болады. Полюстік 

держава  орнын  иемдену  үшін  мемлекеттер  биліктің  барлық  компоненттері  (халық  саны  мен 

территориясы,  ресурстармен  қамтамасыз  етілуі,  экономикалық  мүмкіншіліктері,  әскери  қуат,  және 

құзыреттілік) тұрғысынан ұтымды жағдайда болулары керек. 1990 жылы аталған талаптарға екі мемлекет 

сай болды. 

Әлемге  белгілі  американдық  зерттеуші  Зб.  Бжезинскидің  еңбектерін  де  атап  өту  қажет.  Оның  аса 

белгілі  еңбегі  «Ұлы  шахмат  тақтасының»  негізгі  идеясы  да  АҚШ-тың  бірінші  және  жалғыз  әлемдік 

держава  болуына  саяды.  Оның  пікірінше,  тіпті  АҚШ-тың  үстемдігі  төмендеген  кездің  өзінде,  қазіргі 

уақыттағы  АҚШ  иемденетін  әлемдік  үстемдікке  бірде  бір  мемлекет  жете  алмайды.  Жалпы,  1990-шы 

жылдар  АҚШ  академиялық  топтарының  жұмыстары  американдықтардың  «қырғи-қабақ  соғыстағы» 

жеңісімен масаттануымен сипатталады және бұл сол кезеңдегі еңбектерде өз көрінісін тапты. Осылайша, 

халықаралық қатынастардың жаңа кезеңі, АҚШ жетекшілік ететін униполярлы әлем – Pax Americana-ның 

қалыптаса бастағаны туралы сөз қозғала бастайды [1].  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет