Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
203
АҚШ-тың басқа белгілі зерттеушісі С. Хантингтонның пікірінше, АҚШ-тың үстемдігі, аталмыш
мемлекеттің еркін әрі либералды болуымен ақталды. Және осыған орай, АҚШ-тың жаһандық жетекші
мәртебесіндегі миссиясы – бүкіл әлем бойынша өзінің идеологиялық құндылықтарын тарату боп
табылады. Униполярлық, бір жағынан, басқа мемлекеттер тарапынан АҚШ-қа қатысты қауіптің
болмауымен де нығайтылды. Әлемнің униполярлық тәртібінің орнауына АҚШ-тың жетекшілері де
мүдделі болды. Американдық саяси жетекшілердің сол уақыттағы сөздерінде американдық ғалымдар мен
зерттеушілер қалпытастырып келе жатқан идеялар басым болды: яғни, АҚШ – жаһандық көшбасшы,
және оның миссиясы – либералды-демократиялық құндылықтарға негізделген жаңа саяси және
экономикалық халықаралық тәртіп орнату боп табылады [4, c.12].
Демократиялық бейбітшілік теориясын дамытуға Майкл Дойл айрықша күш салды. Ол соғыс пен
бейбітшілік туралы дисскусияға Канттың философиялық мұрасын қатыстырды. 1983 жылы, «Философия
және қоғамдық істер» (Philosophy and public affairs) журналында шыққан «Кант, либералды мұра мен
халықаралық істер» атты мақаласында ол, мемлекеттер өздерінің ішкі саясатында сүйенетін
құндылықтарға сыртқы саясатта да сүйенеді деген Канттың идеясын одан әрі дамытты. Дойлдың
пікірінше, демократиялық мемлекеттердің құндылықтар ортақтастығы олардың арасындағы бейбітшілік
одақтың кеңеюі мен күшеюіне атсалысады. Сонымен қатар, демократиялар арасындағы бейбітшілік одақ
автократияларға қатысты агрессивтілікке негізделген [7].
1993 жылы Брюс Рассет өзінің «Демократиялық бейбітшілікті түсіну» атты еңбегінде демократиялық
бейбітшілік механизмінің толық ұғымын беруге тырысты. Рассеттің пікірінше, демократиялар
арасындағы бейбітшіліктің бірінші себебі – ол мәдени-нормативтік себептерге байланысты және ол ішкі
және сыртқы саясат мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау механизмі құндылықтық негіздерге
сүйенген. Бұл мәселе бойынша Рассеттің аргументациясы Кант идеяларына негізделген. Демократиялар
арасындағы бейбітшіліктің екінші себебі – құрылымдық-институционалдық мәселелерге байланысты.
Соғыс пен бейбітшілік сұрақтары бойынша авантюристік саясатты жүргізу мүмкіншіліктері ішкі саяси
институционалдық шектеулерді танумен пайымдалады. Саяси авантюризмді шектейтін факторлар
қатарына – биліктің бөлінуі, тежемелер мен теңестірмелер жүйесі, үкіметтің парламентке есеп беруі,
депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілік, мемлекеттік шешімдерді алдын ала көпшілік
алдында талқылау қажеттігі жатыр. Рассет бойынша, тіпті егер демократиялардың ішінде шиеленіс пайда
болған кездің өзінде, бұл мәселе билік әрекетіне азаматтық институттардың бақылау күшінің арқасында
бейбіт жолмен шешілуі әбден мүмкін.
Жалпы демократиялық бейбітшілік теориясының негізгі қағидаларын келесідей пайымдауға болады:
біріншіден, демократиялық тұрғыдан ұйымдастырылған жүйелер белгілі бір шектеулер шеңберінде
әрекет етеді, және бұл шектеулер оларды басқа демократиялармен қатынастарда неғұрлым бейбіт әрекет
етуге мәжбүрлейді; екіншіден, басқа жүйе түрлеріне қатысты демократия бейбіт болуы міндетті емес;
үшіншіден, қазіргі халықаралық қатынастарда демократиялар автократияларға қарағанда басқа
демократияларға қатысты қатаң күштеуді азырақ пайдаланады; төртіншіден, демократиялар арасында
салыстырмалы бейбітшіліктің болуы геосаяси не экономикалық сипаттағы себептерге байланысты емес,
ал демократияның кейбір ерекшеліктеріне байланысты.
Демократиялық бейбітшілік теориясы Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясатына айтарлықтай
ықпал етті. Атап айтсақ, демократияны тарату болашақтағы соғыстардың алдын алу құралы деп
мәлімденеді. 1992 жылдың ақпан айында АҚШ-ның мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер, қырғи-қабақ
соғысы аяқталғаннан кейін АҚШ «демократия, саяси және экономикалық еркіндік сияқты ортақ
құндылықтарға негізделген тұрақты бейбітшілік – демократиялық бейбітшілік» орнатуға мүмкіншілікке
қол жеткізді деп атап өтеді.
1990 жылдың тамыз айында қабылданған ұлттық қаупсіздік стратегиясында Дж. Буш, Кеңестер Одағы
ыдырағаннан кейінгі сыртқы саясатты қалыптастыру мәселелеріне тоқталып өтеді. Оның ішінде,
саясаттағы басымдықтарды атай отырып, ең алдымен АҚШ-тың еркін және тәуелсіз ұлт ретінде дамуына,
оның іргелі құндылықтары мен адамдар мен институттарының қауіпсіздігін сақтай отырып, өзінің
одақтастарымен саясатында ұстанатын мәселелері туралы айтып кетеді. Және де демократия мен оның
идеялары кең таралып, тұрақты және қауіпсіз әлемде аталған американдық мүдделерге жету тиімдірек
боп табылады деп атап кетеді Дж. Буш [8].
1990 жылдардың басындағы АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында барлық әлемде ашық,
демократиялық және өкілдік саяси жүйелерді дамытуды – стратегияның мақсаттарының бірі ретінде
қарастырылады. Адам құқықтарын қадірлеуді қамтамасыз ететін демократиялық жүйелердің
демократиялы мен ашық болуы, халықаралық нормаларды қадірлеуді күшейту АҚШ үшін маңызды боп
|