ДЕРЕКТАНУ ЖӘНЕ ТАРИХНАМА
ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЕ И ИСТОРИОГРАФИЯ
SOURCE AND HISTORIOGRAPHY
ӘОЖ (УДК) 902.02
МРНТИ 01.03.09
Хазретәлі Тұрсұн
1
1
т.ғ.д.,Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің профессоры Түркістан
қаласы, Қазақстан Республикасы tursunhazret@mail.ru;
Хакан Ас
2
2
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің докторанты, Түркістан қ.,
Қазақстан. hakanas1988@gmail.com
МӘДЕЛІҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫНЫҢ «ҚИУАҒА ЖОРЫҚ ТУРАЛЫ» ЖЫРЫНЫҢ
ТАРИХИЛЫҒЫ
Аңдатпа
Мақала Мәделіқожа Сұлтанқожаұлының «Қиуа жорығы туралы» тарихи жырын жазба деректермен
салыстыра талдауды мақсат етеді. Осы оқиғаға байланысты қазақ тіліндегі жазба деректердің болмауы
тарихи жырдың деректік маңызын айқындайды. Тарихи тақырыпқа арналған көркем туындыда Ресей
әскерінің Хиуа хандығын бағындырудағы әрекетінің мазмұндалуы ғылыми деректермен салыстырылады.
Сырдария облысының әскери губернаторы генерал Н.Н. Головочаевты мадақтауға арналған жырдың
мазмұндық нақтылығы мен көркемдік-идеялық ерекшеліктері сипатталады. Түркістан генерал-
губернаторы К.П. фон Кауфманның жергілікті халықтарға қатысты ұстанған саясаты талданады. Патша
өкіметінің отарлығына қарсы Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілдері Сыздық
Кенесарин, Телқожа Атығайұлы сияқты ұлт-азаттық күрес басшыларының тарихи жырда лайықты
сомдалмауының себептері айқындалады. Мақалада отаршыларға қарсы ұлт-азаттық күрес және оның
дәстүрлі тарихи жадта көрініс табуы жайлы тұжырымдар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |