Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


-40 жылдардағы Қазақстандағы ғылым мен мәдениет



бет15/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
31. 1920-40 жылдардағы Қазақстандағы ғылым мен мәдениет.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанның мәдени дамуында кейбір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек. Оны тұтастай бір мәдени төңкеріс деп атайық.
1921 жылдың маусымында Қазақстан партия ұйымының бірінші конференциясы қазақтан шыққан сауатты қызметкерлердің көбі мүмкіндігінше саяси – ағарту жұмысына жіберілсін, өйткені қазақ тілін білетін адамдар болмаса, бұл жұмыс бәрі бір істелмей тұра береді деп көрсетті. Сөйтіп, жергілікті ұлттардың өкілдерінен жергілікті халықтың тілін, психологиясын білетін адамдардан мәдени – ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берді.
Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары- кітапханалар, мұражайлар, театрлар, жұмысшы клубтары, халық университеттері,көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қызыл отаулар, қызыл керуендерден тұрды.
Мәдени ошақтар жалпы жұртшылыққа қызмет етумен бірге қазақ әйелдерінін еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың арасында ағарту жұмысын жүргізуге, сауаттарын ашуғаназар аударды.
Еңбекшілерді саяси және мәдени жағынан ағарту ісінде кітапханалардың маңызы зор болды. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98000 кітабы бар 139 кітапхана болса,1925 жылы олардың саны 300-ге жетті.
Ғылыми қызметті ұйымдастыру және жетілдіру үшін зиялылар 1920 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамына бірікті. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының мүшелері А. Чулошников, Ф. Рязанов, Ә. Диваев, М. Тынышбаев, В.В. Бартольд, В. Радлов, М. Дулатулылардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді.
20-жылдарда Қазақстанда алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: Химия-биологиялық зертхана, Өсімдіктерді қорғау өлкелік станциясы, Санитарлық-бактериологиялық институты, Тыңайтқыштар және ауылшаруашылық топырақ зерттеу институты пайда болды. 1932 жылы КСРО FA-ның қазақстандық базасы құрылды. Қазақстандық базаның тұңғыш төрағасы болып академик, түркітанушы А.Н. Самойлович тағайындалды. 30-жылдары жергілікті ғалымдар да қалыптаса бастады. Тарих, геология, лингвистика, химия сияқты және т.б. салаларды зерттеуде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.
Қазақ ғылымының жас өкілі Қ. Сәтбаевқа ғылымға сіңірген еңбегі үшін геология-минералогия ғылымдарының докторы атағы берілді. ХX ғасырдың 30-жылдарында республикада тоталитарлық жүйе орнағаннан кейін А. Байтұрсынұлы, А. Самойлович, С. Асфендияров, Қ. Жұбанов тағы басқа ғылым қайраткерлері қуғын-сүргінге ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет