Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Қазақстандағы 20-30 жылдардағы аштық



бет13/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

27.Қазақстандағы 20-30 жылдардағы аштық.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады. Тұрар Рысқұлов өзінің «Даладағы аштық» атты мақаласында бұл жылдары аштықтың әрбір адамды қамтығанын, қазақтарға үнемі қырылып қалу қаупі төнгенін атап өтті. С. Меңдешев Қазақстанның орталық және солтүстік губернияларында болып: «Дала қырғыздары (қазақтары) қыстауда өз отбасыларымен бірге аштықтан қырылып жатыр» деп жазды.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді. Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді.

28. 1920-40 жылдардағы сауатсыздықпен күрес.
1919 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі(ХКК) сауатсыздықты жою туралы Декретке қол қойды. Мемлекет ауылға жаппай мәдени жорық ұйымдастыруды жариялады.
1920 жылы жергілікті Халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды,олар сауатсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен,педагог кадрларды даярлаумен,курстар мен мектептерді ұйымдастырумен,көмекші оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданды.
1920-21 оқу жылында Қазақстанда 2,5 мыңға жуық сауатсыздықты жою пункттерінде 70 мыңдай адам оқыды. Сауатсыздықты жоюдың көшпелі пункттері, әйелдер арасында сауатсыздықты жою үшін қызыл отаулар, коммуна мектептері, мектеп - интернаттар, рабфактар(жұмысшы факультеттері) құрыла бастады.
Сауатсыздықты жою бойынша мемелекеттік бағдарламаны насихаттауда "Сауатсыздық жойылсын" жалпыодақтық қоғамы үлкен рөл атқарды. Қоғамның қазақстандық филиалы 1924 жылы құрылды.
Қазақтардың көбі тоталитарлық жүйенің ақылға сыйымсыз саясатының салдарынан орын алған 1931-33 жылдардағы аштық кезінде қоныстанған жерлерінен көшіп кетуге мәжбүр болды. Кеңес билігінің халық арасындағы сауатсыздықты жою науқанының жағымды жақтары 1928 жылы латын жазуына көшкен кезде тағы да біршама төмендеп қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет