Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Қазақстандағы ұжымдастыру және индустрияландыру -оң және теріс нәтижелері



бет11/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
24.Қазақстандағы ұжымдастыру және индустрияландыру -оң және теріс нәтижелері
Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері:
1) Халық дәстүрі бұзылды.
2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады.
3) Лагерьлер жүйесі орнықты.
4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.
Оң әсері
1) Жаңа техника мен технология меңгерілді.
2) Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді.
3) Еңбек өнімділігі артты.
4) Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.
Ұжымдастырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері:
1) Аштықтан түрлі індеттен қырылған халық көрсеткіші 40
2) Республикадан 1 млн астам адам көшіп кетті
3) Ұжымдастырудан бұрын 40,5 млн мал болса,одан 4,5 млн қалған
4) 1931-33 ж арасында аштықтың қорытындылары: 6,2 млн адам болды,2,1 млн адам аштықтан қырылған.
Қазақстанға ешқандай оң әсері болмады деп ойлаймын. Себебі ұжымдастыру халыққа тек зардап әкелді.

25.“Кіші Қазан” саясаты және оның салдары.
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету
“Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар: Қазақ ауылын кеңестендіру; Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу; Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.
Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді. Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. 
Оның бағыты: 1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет