Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


жылдардағы саяси қуғын-сүргін



бет12/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
26.1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жауларыжәне олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың қажеттігі» жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т.б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге үшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да 3 млн 777 мың адамды соттап, оның 643 мыңына ату үкімі орындалған. 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, миллиондаған адамдарды лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды.Ашық сот отырыстары 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т.б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нұрсейітов, М. Ғатаулин т.б. басшыларының үстінен жүргізілген сот ісі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. «Халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. Л. Мирзоян, Y. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов, О. Жандосов, Т. Жүргенов, O. Исаев, С. Қожанов, С. Меңдешев сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды. 1920-1940 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің негізгі көрінісі- мемлекет органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормаларымен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап ату жазасына кесу, құқығынан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді шаралар кеңінен қолданылды.Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады. Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар М. Жұмабаев, C. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар А. Байтүрсынұлы, С. Асфендияров т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет