Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Ұлы Отан соғысының кезеңдері



бет17/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

34. Ұлы Отан соғысының кезеңдері.
1941 жылы 22 маусымда таңертең гитлерлік Германия Кеңес Одағына шабуыл жасады. Германияға Румыния, Венгрия, Италия мен Финляндия жақтасты. 1940 жылы жасалған «Барбаросса» жоспарына сәйкес Германия аз уақыт ішінде (6-10 аптада) Архангельск – Волга – Астрахань жолағына шығуды жоспарлаған. Бұл блицкриг – аяқасты соғысқа қадам еді. Осылай Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысының негізгі 3 кезеңі бар.
Бірінші кезең (22 маусым 1941 ж.–18 қараша 1942 ж.) соғыс басталған уақыттан бастап кеңес әскерінің Сталинград түбіндегі шабуылының басталуына дейін аралық. Бұл КСРО-ға ең ауыр кезең болды.
Екінші кезең (19 қараша 1942 ж. –1943 ж. соңы) – соғыстағы түбірлі өзгеріс кезеңі. Сталинград шайқасы, Курск шайқасы, Днепр шайқасы, экономикадағы сынық, партизандық қозғалыстың өрлеуі. Үшінші кезең(1943 жылдың соңы – 8 мамыр 1945 ж.) – Ұлы Отан соғысын қорытындылаушы кезең. 1944 жылы кеңес экономикасы соғыс жылдарындағы ең биік белеске көтерілді. Өнеркәсіп, көлік қатынасы, ауыл шаруашылығы дами түсті. Әсіресе әскери өнеркәсіп тез көтерілді. 1944 жыл Кеңес Қарулы Күштерінің жеңісімен есте қалды. КСРО-ның барлық шекарасы фашистік басқыншылардан тазартылды. Кеңес Одағы Еуропа елдеріне көмекке келді – Кеңес Әскері Польша, Румыния, Болгария, Венгрия, Чехословакия, Югославияны босатты, қарқынды ұрыспен Норвегияға дейін жетті. Румыния мен Болгария Германияға соғыс жариялады. Финляндия соғыстан шығып кетті. 30 сәуірде рейхстагқа Жеңіс туы орнатылады. 8 мамырда фашистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгу актісіне қол қойылады. 9 мамыр – Жеңіс күні болып белгіленеді. 1945 жылдың 17 шілде 2 тамыз аралығында Берлин маңы – Потсдамда КСРО, АҚШ пен Ұлыбритания үкімет басшыларының Үшінші конференциясы өтеді. Басшылар соғыстан кейін Еуропада бейбітшілік орнату, неміс мәселелері және басқа да сұрақтарға қатысты маңызды шешімдер қабылдайды. 24 маусым 1945 жылы Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс шеруі өтеді.
35.Қазақстандықтар-Кеңес Одағының Батырлары.
Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі бір орденмен, төртеуі екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың ішінде қазақ қыздары - Әлия Молдагулова мен Мәншук Мәметова бар. Төрт қазақстандық ушқыш - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. 1941 жылы Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан аман-есен алып шықты.
1941 жылы 26 маусымда әуеде от-жалынға оранған бомбалаушы ұшағын жау танкісі колоннасы үстіне құлатып, жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсекбаев пен ұшақ экипажына 1996 жылы 2 мамырда Ресей Федерациясының Батыры атағы берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет