Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


-сурет. Биоәртүрліліктер үшін пестицидтердің қауіптілігі. (М.С.Панин



Pdf көрінісі
бет61/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   122
13-сурет. Биоәртүрліліктер үшін пестицидтердің қауіптілігі. (М.С.Панин 
хим. экология 2002ж). 
 
    Фосфорорганикалық 
қосылыстар 
топырақта 
ыдырайды, 
олардың  тұрақтылығы  аптамен  өлшенеді.  Мұның  алғашқысы 
едәуір  ұзақ  сақталатындықтан,  қоректік  тізбектерде  кездеседі. 
Сол  себептен  де  организм  қоректік  тізбектің  соңында 
пестицидтерді көп мөлшерде жинақтауы мүмкін. 
     Адамның  агроэкожүйелерге  ксенобиотиктер  ретінде  енгізетін 
пестицидтері  іс  жүзінде  химиялық  «делдалдар»  қызметін 
атқарады.  Адам  олардың  көмегімен  қоректік  ресурстар  үшін 


 
 
126  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
бәсекелестерімен (буынаяқтылармен, арамшөптермен, патогендік 
саңырауқұлақтармен және т.б.) күрес жүргізеді. 
     Пестицидтердің  экологиялық  қауіпсіздігіне  қатысты  тағы  бір 
көрсеткіш бар, ол – күту уақыты. Бұл олармен егістікті өңдеуден 
кейін  пестицидтерден  таза  ауылшаруашылық  өнімдерін  алуға 
қажетті уақыт. Мысалы, хлорсульфурон түсімді жинап алған соң 
бидай  дәндерінен  тез  жойылып  кетеді,  ал  қант  қызылшасында  – 
ол 
іс 
жүзінде 
ыдырамайды 
дерлік. 
Сондықтан 
экотоксикологиялық  тұрғыдан  алғанда  мұндай  күту  уақыты  – 
бұрын  пестицидтермен  өңделген  ауылшаруашылық  өнімдері 
сапасының басты өлшемі (критерийі) болады. 
     Азық-түлік өнімдеріндегі пестицидтердің уыттылығын бағалау 
үшін  олардың  тәуліктік  шекті  дозасын  (Д
тәу
)  пайдаланады.  Ол 
мг/кг  түрінде  көрсетіледі  және  бұл  кезде  ешқандай  ауру 
белгілерін  сезінбестен,  өмір  бойы  күн  сайын  ішке  қабылдайтын 
препарат  мөлшерін  білдіреді.  Мұндай  нормалар  олардың  бүкіл 
тіршілігі  бойында  жануарлардың  екі  түріне,  сондай-ақ  олардың 
ұрпағының екі буынына тәжірибелер жасаудан кейін белгіленеді. 
Эксперименттер  кезінде  ешқандай  ауру  туғызбаған  жоғары  доза 
нөлдік әсер ету концентрациясы (НӘК) деп аталды. Тәжірибедегі 
жануарлар  үшін  зат  алмасудың  физиологиялық  ерекшеліктері 
адамдармен  салыстырғанда  өзгеше  болса  да,  бұл норманы  сөзсіз 
таратуға  болмайды.  Алынған  мағлұматтарды  толық  сеніммен 
пайдалану  үшін  НӘК  мәнін  100-ге  бөліп,  осылайша  адам  үшін 
«тәуліктік шекті дозаны» анықтайды: 
 
                                 Д
тәу
= 0,01 НӘК 
Мұнда, 
    Әр  түрлі  азық-түлік  өнімдеріндегі  пестицидтердің  максимум 
шекті  концентрациясын  анықтау  үшін  күн  сайын  азық-түлік 
өнімдерінің қаншалықты мөлшері пайдаланылатынын білу қажет. 
Осыдан  кейін  дозаны  есептеп  шығару  үшін  тұтынушының  дене 
массасын  білу  керек.  Пестицидтер  үшін  тұтынудың  тәуліктік 
шекті дозасы Дтәу.пестиц. былайша анықталуы мүмкін, мг/кг: 
 
                        


 
 
 
127
 
                                 Д
тәу
 · (дене массасы) 
Д
тәу.пестиц. 
=   
                              Тәулік тағам тұтыну (кг) 
 
     Мұндай 
есептеулер  жүргізуде  ғаламшардың  әр  түрлі 
бөліктерінде  тағамды  қабылдау  ерекшелігін  ескеріп,  оларды 
қатаң  белгіленген  тәртіппен  қолдану  керек.  Негізінен  балықпен 
қоректенетін  эскимос  үшін  пестицидтердің  тәуліктік  шектік 
дозасы  негізінен  өсімдік  текті  азықты  пайдаланатын  қытайға 
қарағанда басқаша мәнге ие болады. 
     Жалпы  алғанда,  пестицидтер  тірі  организмдерге  зиянды  әсер 
етеді: организмнің дамуы, ұрпақ өрбіту қызметі бұзылады, жүйке 
жүйесі  зақымданады  және  т.с.с.  Олар  сәбидің  жолдасы  арқылы 
өсіп  келе  жатқан  нәрестеге  өтіп  кетеді.  Сәбиді  емізетін  ана 
оларды өзінің сүтімен бөліп шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет