ІХ. ТЫҢАЙТҚЫШТАР, ОЛАРДЫҢ БИОСФЕРАНЫҢ ӘР ТҮРЛІ КОМПОНЕНТТЕРІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
1.Тыңайтқыштар дегеніміз
энциклопедиялық
тілмен
айтқанда – бойында өсімдіктердің қоректенуіне қажетті
элементтер кездесетін органикалық және минералдық заттар.
Оларды топыраққа енгізеді, олардың ерітінділерін өсімдіктерге
бүркеді және тұқымды өңдеуге пайдаланады. Тыңайтқыштар
дұрыс пайдаланылатын жағдайларда топырақтың қоректену, су,
ауа, агрономиялық режимдерін жақсартады, дақылдардың
түсімділігі мен сапасын арттырады. Органикалық және
минералдық тыңайтқыштарды пайдалану жоспары негізгі (әдетте
күзде жыртылған жерге енгізеді), егіс алды және егіс кезіндегі
үстеп қо-ректендіруді көздейді.
Органикалық тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге
қажетті қоректену элементтері органикалық қосылыстар – көң,
қи, қорда (компост), жасыл тыңайтқыштар түрінде кездеседі.
Бұлар топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерін
жақсартады, ондағы пайдалы микроорганизмдердің тіршілік
әрекетін жандандырады.
Минералдық тыңайтқыштар – бұлар минералдық қосылыстар,
негізінен алғанда, құрамында өсімдіктердің қоректенуіне қажетті
элементтер кездесетін және топырақтың құнарлылығын арттыру
үшін пайдаланылатын тұздар. Өнеркәсіп азот, фосфор, калий
тыңайтқыштарын, микротыңайтқыштар, қатты (ұнтақ және
түйіршіктелген) және сұйық тыңайтқыштар шығарады. Бұлар
топырақты
қоректік
элементтермен
байытады,
топырақ
ерітіндісінің
реакциясын
өзгертеді,
микробиологиялық
процестерге әсер етеді.