Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет59/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   122
     4. 
Пестицидтердің  ыдырауы.  Пестицидтердің  түрлі 
топтарының  ыдырау  жолдары  әр  түрлі:  фосфорорганикалық 
қосылыстар  мен  карбаматтар  оңай  гидролизденеді,  ал 
хлорорганикалық  қосылыстар  микробиологиялық  әсер  етудің 
нәтижесінде баяу ыдырайды. 
     Табиғи  ортаға  түскен  пестицидтер  биоталық  және  абиоталық 
жолмен ыдырауы мүмкін. Биоталық жолмен,  яғни ферменттердің 
әсерімен  ыдырауда  тотығу,  тотықсыздану  реакциялары  және 
гидролиз жетекші рөл атқарады. Ал абиоталық жолмен ыдырауда 
фотохимиялық, тотығу-тотықсыздану реакциялары мен гидролиз 
белсенділік 
көрсетеді. 
Фотохимиялық 
 
реакцияларда 
ультракүлгін  сәулелердің  энергиясы  барынша  көп  кездесетін 
реакциялар әрекет етеді. Демек, фотолиздік деструкция қоршаған 
ортада  пестицидтердің  өзгеру  механизмдерінің  бірі  болып 
саналады.  Пестицидтер  фотолизі  аса  күрделі  физикалық-
химиялық  процесс  болып  табылады,  ол  мынадай  көптеген 
факторларға: 
қосылыстардың 
химиялық 
табиғаты 
мен 
құрылысына,  олардың  физикалық  күйіне,  жарық  толқынының 
қарқыны  мен  ұзындығына,  ортаның  табиғатына,  катализаторлар 
мен тотықтырғыштың бар-жоқтығына тәуелді болады. Қайталама 
фотохимиялық  процестердің  өтуі  фотоөнімдердің  көбеюіне  әкеп 
тірейді, ал олардың ұқсастығын анықтау қиындыққа түседі және 
көптеген  эксперименттер  жүргізуді  қажет  етеді.  Сондықтан  іс 
жүзінде  жаңа  пестицидтік  қосылыстар  мен  препараттарды 
өндіріске 
және 
қолдануға 
енгізу 
алдында 
фотолиздік 
зерттеулерден өт-кізу дұрыс болмақ. 
     Ал  тотығу-тотықсыздану  реакцияларының  арасында  тотығу 
реакциялары  айтарлықтай  орын  алады,  өйткені  олар  қазіргі 


 
 
 
123
 
уақытта  экосферада  кең  таралған  ауыр  металдар  иондарымен 
катализденеді.  Бұл  жағдайда  түзілген  органикалық  радикалдар 
бұдан әрі көптеген реакцияларға қатысады. 
     Гидролиздік  ыдырау  реакцияларына  ең  алдымен  карбон  және 
фосфор  қышқылдарының  күрделі  эфирлері  қатысады.  Фосфор 
қышқылының 
күрделі 
эфирлері 
ауылшаруашылық 
зиянкестерімен  күрес  жүргізу  құралдарының  арасында  барған 
сайын  зор  маңызға  ие  болуда.  Мұнда  әңгіме  ең  алдымен 
үшорынбасқан  фосфаттар  туралы  болып  отыр,  өйткені  ОН− 
иондарының  қатысуында  олар  екіорынбасқан  фосфаттарға 
айналады. 
     Биоталық  ыдырау  процестері  абиоталық  жолмен  ыдырауға 
қарағанда  айтарлықтай  тез  өтеді.  Оның  ыдырату  жылдамдығы 
ферменттердің  концентрациясына,  яғни  тиісті  пестицидтермен 
өңделуге  жататын  микроорганизмдердің  мөлшеріне  байланысты. 
Әдетте,  жылу  қанды  жануарлардың  организміндегі  метаболизм 
процестері 
өзіндік 
жылу 
реттеу 
жүйелері 
жоқ 
организмдердегімен салыстырғанда тезірек жүзеге асырылады. 
     Ластаушы  заттарды  ыдыратуда  тотығу  процесінің  алатын 
орны  ерекше.  Ферменттерге  тән  қоспалар  –  оксигеназ  бен 
дегидрогеназ  тотығу  процесінің  катализаторлары  қызметін 
атқарады.  −С=С−    қос  байланысының  тотығуынан  эпоксидтер 
түзіледі. 
     Тотықсыздану  реакцияларынан  кетондардың  екінші  реттік 
спирттерге  және  нитроқосылыстардың  аминдерге  айналуын 
атауға болады. 
     Суда ерігіштігі жоғары қосылыстардың, мысалы, гидроксилдік 
топтары  бар  қосылыстардың  түзілуіне  себепші  болатын  тотығу 
және  тотықсыздану  реакциялары  биоталық  ыдырау  процесінде 
ерекше  орын  алады.  Бұл  метаболиттер  көп  клеткалы  ор-
ганизмдерден, оның ішінде адам организмінен оңай шығарылады 
және  организмнің  заттар  алмасуынан  да  шығады.  Сөйтіп,  тіпті 
метаболиттердің  өздері  де  уытты  болып  қалғанда  да,  организм 
улы заттардан арылуы мүмкін. 


 
 
124  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Ферменттер  гидролизі  кезінде  күрделі  эфирлердің  ыдырауы 
абиоталық  гидролиздегідей  өтеді.  Күрделі  эфирлердің  ыдырауы 
тек арнайы әсер ететін ферменттердің қатысуымен жүзеге асады. 
     Организм  үшін  жат  болып  табылатын  заттардың  бастапқы 
метаболиттері 
организмдегі 
зат 
алмасудың 
эндогендік 
өнімдерімен 
(ацетаттармен, 
амин 
қышқылдарымен, 
көмірсулармен,  сондай-ақ  қант  қышқылдарымен)  қосылуда 
конъюгация  реакциясы  жүреді.  Бұл  процесс  негізінен  адам  мен 
жануарлардың  бауырында  өтеді.  Түзілген  өнімдер  конъюгаттар, 
әдетте, организмнен оңай шығарылады. 
     Биосферадағы 
пестицидтер 
тағдырында 
биологиялық 
өзгерулер  маңызды  рөл  атқарады,  оларды  кейбір  жағдайларда 
экожүйелерге  енгізілетін  пестицидтердің  экологиялық  зиянын 
азайту  үшін  пайдалануға  болады.  Мәселен,  қазіргі  кезге  дейін 
кеңі-нен пайдаланылатын тиофос инсектициді мен оның туыстас 
қосылыстары  биологиялық  өзгерулерден  кейін  айтарлықтай 
пайдалы қосылыстарға айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет