6. Мәдени өсімдіктерді осы заманғы қорғау құралдары.
Паразиттер мен ауру қоздырғыштардың кеңінен қолданылатын
пестицидтерге айтарлықтай тез бейімделуіне байланысты оларды
қолданудың тиімділігі кеміп келе жатқаны және барған сайын
олардың жаңа түрлерін табу қажеттігі әлдеқашан түсінікті
болған. Осыған қарамастан, экологиялық тұрғыдан алғанда
ескірген пестицидтер түрлерін жаңа үлгідегі, қоршаған ортаны
аса ластамайтын препараттармен ауыстыру мәселесі алға
қойылды. Ал мұндай заттар табылған әрі ауыл шаруашылығында
пайдаланылуда.
Зиянкес жәндіктерге күшті әсер ететін мүлде өзгеше
препараттарды
табудың
болашағы
зор,
өйткені
олар
экожүйелердегі тірі организмдердің басқа топтарына зиян
келтірмейтін талғамалы әсер етуші инсектицидтерді жасап
шығаруға мүмкіндік береді. Мұнда талғамалы әсер ететін уытсыз
инсектицидтер ретіндігі түрпілі материалдарды (абразив
материалдар) пайдалану осыған мысал бола алады.
Түрпілі материал дегеніміз – аса қатты, берік қасиеті бар, әрі
түйіршіктері жәндіктерге жанасқанда өздерінің өткір ұштарымен
зиянкестердің хитинді жабындысынан организмнен ылғалдың
булануына тосқауыл болатын беткі қабатын қырып түсіретін
128 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
ұнтақ тәрізді заттар. Осындай түрпілі ұнтақтың үстімен жорғалап
өткен жәндік бірте-бірте құрғап кетуден тіршілігінен айырылады.
Мұндай түрпілі ұнтақтар адам мен үй жануарларына улы емес,
әрі қауіп төндірмейді. Қазірде корунд, пемза, тау жынысы –
диатомит секілді табиғи заттар түрпілі инсектицидтер ретінде
тәжірибеден өткен.
Кешенді немесе құрама өсімдіктер қорғау жүйесі барған сайын
кең қолдау тауып келеді. Ол мыналардан тұрады:
− барынша экологиялық сенімді пестицидтерді қолдану;
− биологиялық қорғау әдістерін пайдалану;
− белгілі бір дақылдарды өсірудің жаңа интенсивті
технологиясын жасау және енгізу.
Өсімдіктерді қорғау бағдарламасының өзекті компоненті
биопестицидтер болуда. Олар а) микробиопрепараттар, ә)
алыну әдістеріне қарамастан, биохимиялық препараттар, б)
пестицид-тік, инсектицидтік және басқа қасиеттерге ие
генетикалық
түрлендірілген
өсімдіктерге
жіктеледі.
Биопестицидтер қоршаған орта жағдайларында барынша ерекше,
едәуір күрделі, шамалы тұрақты препараттар болып есептеледі
және экожүйедегі өзара әсері туралы көп білімді қажет етеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде, негізінен Батыс Еуропа мен
АҚШ-та биопестицидтерді іс жүзінде пайдалануға зор көңіл
бөлінуде, өйткені олар синтездік химиялық пестицидтерді
қолдану көлемін азайтуға және экологиялық таза азық-түлік
өнімдерін алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған табиғи
ортаның ластануын кемітуге мүмкіндік беретін құралдар ретінде
қарастырылады. Ал дамушы елдерде биопестицидтер жергілікті
ресурстарды пайдалану негізінде өсімдіктерді қорғауға арналған
препараттар өндіруді жолға қоюға, сөйтіп химиялық препарат-
тарды импорттаудан бас тартуға жеткізетін перспективалық
құрал ретінде қарастырылады. Мұндай үрдістер гендік
инженерия әдістерімен шығарылған жүгері, мақта, картоп
сорттарын ұдайы арттырудан көрінеді.
Бүгінде экономикалық болжамдар жасайтын әр түрлі қызмет
мекемелерінің бағалауы бойынша барлық пестицидтердің
129
әлемдік нарықтағы үлесі шамамен 29 млрд доллар деп
есептелуде.
Достарыңызбен бөлісу: |