135
шыққан заттардан құралады. Оның құрамында 0,2 % азот және
0,6 % калий бар. Дайындалған қи неғұрлым бос сақталса,
соғұрлым одан қи садырасы да көп бөлінеді және керісінше.
Қи садырасы азот, калий тыңайтқышы ретінде тез әсер етеді.
Бұл тыңайтқышты мал қоралары маңындағы арнаулы орынға
жинап алады. Әр малдан алынатын қи садырасының мөлшері оны
қолда баққан мерзімнің ұзақтығына және түріне байланысты.
Қи садырасы құрамындағы қоректік заттар тез сіңетін
қалпында болады. Олардың пайдалану тиімділігі 60 – 70 %
шамасындай. Осы қасиеті жөнінен қи садырасы минералдық
тыңайтқышқа жақын.
Қи
садырасы негізгі тыңайтқыш ретінде де, үстеп
қоректендіру үшін де қолданылады. Негізгі тыңайтқыш ретінде
әр гектар егістікке 10 – 30 тонна қи садырасын шашады. Қи
садырасын қолданудағы негізгі шарттың бірі – оны танапқа
шашқан соң топырақ ізінше жыртылады.
Қи садырасын мал қораларына тақау жерге жинап, сақтау
керек, ал жинау кезінде оған аздап нашар ертитін фосфор
тыңайтқышын
қосады.
Құрамындағы
қоректік
заттар
өсімдіктерге жақсы сіңімді болғандықтан, мұны дақылдарды
үстеп қорек-тендіруде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: