Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет69/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122
Бактериялық  тыңайтқыштар.  Бактериялық  тыңайтқыштар  – 
құрамында  өсімдікке  пайдалы  топырақ  микроорганизмдері  бар 
препараттар. 
Бұл 
өсімдік 
тамырының 
айналасына 
микроорганизмдердің 
жиналуына 
жағдай 
туғызады 
да, 
топырақтағы  био-химиялық  процестерді  күшейтіп,  өсімдіктің 
тамыры 
арқылы 
қоректенуін 
жақсартады. 
Мұндай 
микроорганизмдерден  дайындалған  препаратты  бактериялық 
тыңайтқыштар  деп  атайды.  Бактериялық  тыңайтқыштар 
топырақты  тиісті  микроорганизм-дермен  байытады.  Бұл 
тыңайтқыштарды  дайындауда  жергілікті  жердің  топырағынан 
немесе  сол  жердегі  өсімдік  тамырынан  бөлініп  алынған 
микроорганизмдерді  қолданғанда  жақсы  нәтиже  беретінін 
ескерген  жөн.  Бактериялық  тыңайтқыштардың  түріне  қарай 
өсімдік  фосфор,  азот,  тағы  басқа  элементтерді  көбірек  сіңіреді. 
Мұнда  микробтар  әрқашан  өсімдікке  жетіспейтін  биологиялық 
заттарды құрайды. 
Нитрагин – бұршақ тұқымдас өсімдіктерге қолданылады, түйнек 
бактериялары  өсімдік  тамырында  өсіп  көбейеді.  Осымен  қатар 
нитрагиннің 
көмегімен 
атмосфера 
азотын 
биологиялық 
айналымға қосуға жол ашылады. Нитрагин препаратының негізін 


 
 
138  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
түйнек  бактериялары  құрайды.  Бұршақ  тұқымдас  өсім-діктердің 
түріне қарай түйнек бактерияларының түрі де әр алуан болады. 
     Бұршақ тұқымдас дақылдың әр түрі үшін тек өзіне белгіленген 
нитрагинді ғана пайдаланады. Бұршақ тұқымдастар тіршілігіндегі 
түйнек  бактерияларының  белсенді  рөлін  ескере  отырып,  оларды 
өсімдіктерге  қолдан  жұқтырады.  Нитрагин  қолданғанда  бұршақ 
пішені  өнімінің  қосымша  өнімі  гектарына  шамамен  1,5  –  2 
центнерге артады. 
Нитрагинді  қолдану.  Тұқымды  себер  алдында  бір  шөлмектегі 
нитрагинді  200  миллилитр  суға  езеді  де,  оны  ұсақ  тұқымдардың 
(жоңышқа  немесе  беде  тұқымы)  10  килограмына,  ірі 
тұқымдардың  (бұршақ,  лобия,  сиыржоңышқа,  тағы  басқа 
тұқымдар)  20  килограмына  бүркеді.  Содан  соң  тұқымды 
жақсылап араластырады. 
     Нитрагинді  тұқымға  тек  көлеңкелі  жерде  ғана  жұқтырады. 
Өйткені күн сәулесі түйнек бактерияларын жойып жібереді. 
Азотбактерин  –  құрамында  азот  бактериясы  бар  тыңайтқыш. 
Азотбактеринді  де  зауыттардағы  қоректік  ортада  (агар-агарда) 
дайындайды.  Оны  бұршақ  тұқымдастардан  басқа  дақылға 
қолданады.  Әсіресе,  көкөніс  пен  картопқа  өте  пайдалы.  Басқа 
мик-роорганизмдерге  қарағанда  азотбактер  ылғалды  көбірек 
қажет етеді. 
     Күріш  егістігінде  де  азотбактер  кездеседі.  Ол  өнебойы  су 
астында  болатын  күріштің  тамыр  жүйесі  жайылған  топырақтың 
азот режимін жақсартады. Азотбактеринді тұқымды шашатын, не 
түйнектерді отырғызатын күні ғана араластырады. Азотбактерин 
топырақта  бос  күйінде  болады,  ол  ондағы  түрлі  органикалық 
қалдықтарды пайдаланып, атмосферадан азот жинайды. 
     Дақылдардың  тұқымын  түрлі  зиянкестерден  қорғау  үшін 
әдетте  химиялық  препараттармен  уландырады.  Бұл  шараларды 
тұқымды  азотбактеринмен  өңдеудің  алдынан  жүргізеді.  Өйткені 
түрлі  химиялық  улы  заттар  азотбактер  клеткаларын  жойып 
жібереді.  Ал  азотобактер  жұқтырылған  тұқымдар  тез  арада 
себіледі. 
Фосфорбактерин  –  құрамында  көп  мөлшерде,  мәселен  бір 
гектарында  6  –  8,5  млрд  микроорганизм  спорасы  бар  сұр  түсті 


 
 
 
139
 
тыңайтқыш, фосфор басқа элементтер сияқты белоктар құрамына 
енеді.  Бірақ  табиғатта  фосфор  көбінесе  тау  жыныстарының 
құрамында  кездеседі.  Фосфор  қосылыстарының  айналымы  аса 
күрделі емес. Топырақта фосфордың қиын түрде еритін тұздарын 
және  органикалық  фосфорды  өсімдіктерге  сіңімді  күйге 
айналдыратын  ерекше  фосфор  бактериялары  бар.  Бұл  бактерия-
лардың  ерекшілігі  –  фосфордың  органикалық  қосылыстарын 
ыдыратып,  ондағы фосфорды  өсімдік  сіңіре  алатындай  дәрежеге 
келтіреді. 
     Солтүстік  Қазақстанның  топырағы  және  бірқатар  қара 
топырақтар  осындай  қосылыстарға  бай  келеді.  Топырақтағы 
осындай күрделі фосфор қосылыстарының  ыдырап, өсімдіктерде 
қоректік  затқа  айналуында  топырақ  микроорганизмдері  елеулі 
рөл атқарады. 
     Фосфорбактеринді  сұйық  күйінде  қолданады.  Ол  үшін 
сыйымдылығы жарты литрлік шөлмектерге қоректік заттарға бай 
сұйық орта құйылады, оған бактериялар жұқтырып, жылы жерде 
өсіріледі  де,  кейін  шаруашылықта  қолданылады.  Тұқымның  бір 
гектарға  себілетін  мөлшеріне  тыңайтқыштың  50  миллилитрін 
жұмсайды.  Бір  гектар  жерге  отырғызылатын  картоп  түйнегіне 
150 миллилитр тыңайтқыш қолданылады. 
     Фосфорбактеринді  құрғақ  күйінде  гектарына  15  г  шамасында 
жұмсайды. Фосфор бактериялары басқа бактерияларға қарағанда 
гранозанға төзімді келеді. 
     Тың  және  тыңайған  жерлерде  фосфорбактеринмен  өңделген 
жаздық  бидайдың  гектарынан  алынатын  қосымша  өнім  2,1 
центнерден айналады. 
     Фосфорбактерин  оңтүстіктегі  қуаңшылық  жерлерде  жақсы 
нәтиже береді. 
     Басқа  бактериялық  тыңайтқыштар  тәрізді  фосфорбактерин  де 
дақылдардың өнімін арттырап қана қоймайды, сонымен бірге, ол 
өнімнің  сапасын  да  жақсартады,  өсімдіктегі  белок  мөлшерін 
арттырады,  картоптың  крахмалын  жарты  пайызға  көтеруге 
мүмкіндік 
береді. 
Қант 
қызылшасының 
қанттылығын 
фосфорбактерин 0,1 – 0,4 пайызға жоғарылатады. 


 
 
140  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Дәнді дақылдар тұқымын себер алдында препаратпен өңдейді. 
Жаздық  бидай,  сұлы  және  арпаның  гектарына  5  г,  күздік  бидай 
мен 
жүгеріге 
10 
г 
препарат 
қолданылады. 
Құрғақ 
фосфорбактеринді сумен езуге де болады. 
     АМБ  бактериялық  тыңайтқышы.  Топырақтың  құнарлылығын 
арттыруда  зор  маңызы  бар  микроорганизмдердің  негізгі  екі  түрі 
анықталған.  Бірінші  түрі  –    өсімдік  қалдықтарын  қарашірікке 
дейін  ыдыратады.  Бұған  аэробты  және  анаэробты  бактерия-лар 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет