Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет70/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

Минералдық  тыңайтқыштар.  Өнімнің  мөлшері  мен  сапасын 
арттыру  үшін  өсімдіктер  өсіп-дамуының  әр  кезеңіндегі 
ерекшеліктерді  ескере  отырып,  оларды  қажетті  қоректік 
заттармен  тиісті  мөлшерде  қамтамасыз  ету  үшін  минералдық 
тыңайтқыштар қолданылады. 
     Азотты  минералдық  тыңайтқыштардың  көп  тараған  түрі: 
аммиак  селитрасы,  аммоний  сульфаты,  мочевина  (карбамид), 
азотты сұйық тыңайтқыштар. 
     Аммиак  селитрасы  −    жоғары  концентрациялы  азот 
тыңайтқышы.  Ақ  түсті,  түйіршік  қалпында  шығарылады. 
Құрамында  35 % азот бар, ылғал тартқыш, түйірленбеген түрі тез 
нығыздалып  қалады.  Ол  суда  өте  жақсы  еритін  болғандықтан, 
өсімдіктер оларды бойына тез сіңіреді. Қазақстан топырағы үшін 
аммиак  селитрасы  –  ең  жақсы  азотты  тыңайтқыштардың  бірі. 
Ауадағы  ылғалды  тез  қабылдайтындықтан,  оны  құрғақ  жерде 
сақтайды. 
     Аммиак  селитрасы  құрамындағы  азот  көбіне  нитратты,  ал  аз 
мөлшерде  аммиакты  түрде  болады.  Бұл  тыңайтқышты  ыза  суы 
мен малта тасы топырақ бетіне жақын жатқан жерлерде, сондай-
ақ  ылғалдылығы  шамадан  тыс  аудандарда  және  құмдауыт 
топырақта  сүдігерге  беруге  болмайды,  өйткені  күзгі-қысқы  көп 
ылғалдың  әсерінен  топырақтың  төменгі  қабаттарына  су  сіңіп 
кетуі  мүмкін.  Бұл  тыңайтқышты  күздікті  ерте  көктемде  үстеп 
қоректендіру  үшін,  басқа  дақылдарды  өсіп-өну  кезеңдерінде 
қоректендіру үшін пайдаланған дұрыс. 
Аммоний  сульфаты  немесе  күкірт  қышқылды  аммоний    –  
құрамында 230 % азот бар, ақ немесе сұр түсті, кристалды ұнтақ, 


 
 
 
141
 
оншама  ылғалды  тартпайды,  құрғақтай  жақсы  себіледі.  Бұл 
физиологиялық  қышқылды  тыңайтқыш,    өйткені    оның    күкірт  
қышқылды  қалдығымен  қатар,   0,025 – 0,05 % шамасында таза 
қышқылы  бар.  Суда  тез  ериді,  топыраққа  сіңгіш  келеді  және 
топырақта  аз  жылжиды.  Жауын  суына  көп  шайылмайды.  Бұл 
тыңайтқыштың  осы  қасиеттеріне  байланысты негізгі  тыңайтқыш 
ретінде сүдігерге сіңіруге болады. 
     Аммоний сульфатын қолданғанда өсімдіктер ең алдымен оның 
құрамындағы аммиакты пайдаланады және аз мөлшерде күкіртті 
алады, ал қалған қышқылдар − топырақтың қышқылдауына әсер 
етеді. Сөйтіп, олар сілтілі топырақта өсімдіктің өсіп-дамуына игі 
ықпалын  тигізеді.  Егер  негізгі  тыңайтқыш  ретінде  пайдаланса, 
бұл азоттың нитратты түрінен едәуір тиімді. 
     Аммоний  сульфатының  құрамындағы  аммиакты  азот  –  улы 
зат.  Оны  тұқым  сепкенде  және  дақылдар  өте  жас  кезінде  көп 
қолдануға  болмайды,  өйткені  оның  құрамындағы аммиакты  азот 
жас  өсімдікті  уландыруы  мүмкін.  Бұл  тыңайтқыштарды 
қолданғанда  кейбір  дақылдардың  ерекшелігіне  назар  аударған 
жөн.  Мәселен,  сұлы,  күздік  қарабидай,  зығыр,  картоп  сияқты 
дақылдар 
бұл 
тыңайтқыштарды 
қолданудан 
(оның 
қышқылдығынан) еш зиян шекпейді, ал көкөністер, арпа, жаздық 
бидай,  қант  қызылшасы  аммоний  сульфаты  көп  мөлшерде 
қолданылса,  одан  зақымданады.  Бұл  тыңайтқыш  әсіресе  күріш 
егісі үшін аса қолайлы.  
Мочевина  немесе  карбамид  –  кристалды  ақ  ұнтақ, құрамында  46 
%  азот  бар,  суда  тез  ериді.  Мочевинаның  физикалық  қасиеттері 
жақсы,  ол  ылғалды  аз  тартады,  көп  жабыспайды,  сондықтан  да 
егіске  механикаландыру  арқылы  қолдануға  қолайлы.  Мочеви-
наны 
топырақ 
қабатына 
енгізгенде 
оны 
топырақпен 
араластырады,  әйтпесе  оның  бойындағы  азот  газ  күйіне  ауысып, 
ауаға ұшып кетеді. Мочевинаны барлық топырақтарға қолдануға 
және  кез  келген  мезгілде  сіңіруге  болады.  Топыраққа  шашылған 
мочевина суда тез еріп, көмір қышқылды амонийге айналады, бұл 
процесс  әсіресе  қарашірігі  және  ылғалы  мол  топырақта  тез 
жүреді. Бұл тыңайтқыш өсімдіктің сабақтары мен жапырақтарын 
күйдіреді. 


 
 
142  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет