3. Тыңайтқыштарды жіктеу. Құрамына қарай тыңайтқыштар
органикалық, минералдық және бактериялық тыңайтқыштарға
бөлінеді.
Органикалық тыңайтқыштар. Органикалық тыңайтқыштар
тобының құрамындағы қоректік заттар көбінесе органикалық
қосылыстар түрінде болады. Олардың құрамында өсімдіктерге
қажетті бірнеше қоректік заттар болатындықтан, күрделі
тыңайтқыштар қатарына жатады.
Органикалық тыңайтқыштарға көң, көң садырасы, құс
саңғырығы, қорда, шымтезек және жасыл тыңайтқыштар, ағын су
тұнба лайы, тері илеу және тамақ кәсіпорындарының қалдығы
жатады. Органикалық тыңайтқыштардың ішіндегі әсіресе ма-
133
ңыздылары – көң, көң садырасы, құс саңғырығы. Оны төменде
келтірілген кестеден көруге болады.