Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет68/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   122
Құс саңғырығы өсімдіктерге тез әсер ететін, құрамында біршама 
қоректік  заттары  бар,  аса  бағалы  органикалық  тыңайтқыш.  Құс 
саңғырығының құрамында (құрғақ зат мөлшерімен есептегенде) 4 
–  6  %  азот,  3,5  –  5  %  фосфор,  2,4  –  3,5  %  калий  бар.  Мұ-ның 
құрамы  да  олардың  қандай  құстардан  дайындалғанына  қарай 
өзгереді. 
Әсіресе, 
тауық 
қораларында 
дайындалған 
тыңайтқыштың  құрамында  қоректік  заттардың  сапасы  молырақ 
болады.  Жылына  бір  құстан  12  кг  шамасында  саңғырық 
жиналады. Есептеулерге қарағанда, бір жылда бір тауықтан 6  – 7 
кг, үйректен 7-9 кг, қаздан 10-12 кг саңғырық жиналады екен. Бір 
ерекшелігі  –  құс  саңғырығының  құрамындағы  азот  тез  бөлініп, 
ауаға  ұшып  кетуге  бейім  тұрады.  Оны  сақтаудың  бір  тәсілі  көң, 
ағаш  үгінділері  сияқты  төсеніш  төсеу  керек.  Саңғырық 
құрамындағы  азот  осындай  төсеніштерге  сіңеді  де,  жақсы 
сақталады. 


 
 
136  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
Қорда.  Бұл  өсімдік  тектес  органикалық  заттардың  қалдықтарын, 
қала, ауыл-селодағы тұрмыстық-тұтыну қалдықтарын және басқа 
да  коммуналдық-шаруашылық  қалдықтарын  жиыстырып,  үйінді 
жасап  сақтау  арқасында  пайда  болады.  Қорда  жасауға  негіз 
болатын  материалдар:  көң,  көң  садырасы,  құс  саңғырығы, 
өсімдіктер  сабағы,  ағаш  ұнтағы,  шіріген,  қызған  жемшөп,  қағаз, 
жаңқа, тағы с.с. 
     Қорданың  тиімділігін  арттыру  үшін  оларды  минералдық 
тыңайтқыштармен  қосып,  компост  жасайды,  ағынды  сумен 
араластырып,  біраз  бөктіреді,  сонда  ғана  оның  қоректік  заттары 
ыдырап, дақылдарға сіңімді түрге айналады. 
Органикалық  тыңайтқыштарды  енгізу  мерзімі,  әдістері  және 
мөлшері.  Ауылшаруашылық  дақылдарының  өнімі  мен  сапасына 
тыңайтқыштардың  әсері  –  шаруашылықтағы    егіншілік 
мәдениетіне,  топырақтың  құнарлылығына,  дақылдың  сортына 
бай-ланысты  болады.  Сондықтан  ауылшаруашылық  дақылына 
берілетін  тыңайтқыштардың  мөлшерін,  тәсілдерін  анықтағанда 
осындай жағдайларды еске алу керек. 
     Дақылдардың  өсіп-жетілу  кезеңі  басынан  аяғына  дейін 
қоректік заттармен толық, жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі 
үшін  тыңайтқыштарды  топыраққа  әр  түрлі  мезгілде  енгізеді. 
Тыңайтқыштардың  бір  бөлігін  дақылдарды  сеппестен  бұрын, 
топырақты  сүдігерге  өңдегенде  шашады.  Мұны  негізгі 
тыңайтқыштар  деп  атайды,  ал  қалған  бөлігін  көктемде  тұқым 
себу  ал-дында,  немесе  тұқыммен  бірге  себеді,  кейін  үстеп 
қоректендіреді. 
     Ауыспалы  егісте  көң  қолдану  мөлшері  аймақтың  топырақ-
климат 
ерекшеліктеріне, 
алғы 
дақылдың, 
қолданылған 
тыңайтқыштардың  түріне  және  басқа  жағдайларға  байланысты 
белгіленеді. 
     Танапқа шашылған көңді тез арада топырақ қабатына енгізеді. 
Ескеретін  жай  –  егіске  шашылған  көңді  сол  күні  топырақ 
қабатына  енгізіп  үлгеру  керек.  Бұршақ  тұқымдас  дақылдардың 
тамырында түйнек бактериясының арқасында оған азот қоры мол 
жиналады.  Бұл  дақылдар  ауадан  азот  жинайды,  ал  оны  күшейту 
үшін  олардың  тұқымдарын  екпестен  бұрын  нитрагинмен  немесе 


 
 
 
137
 
арнаулы препараттармен өңдейді. Сонда бұлардың атмосферадан 
азот  сіңіруі  күшейеді.  Сонымен  қатар,  жасыл  тыңайтқыштардың 
құрамында  фосфор  және  калий  элементтері  жоқтың  қасы 
болғандықтан, топырақты өңдемес бұрын оған фосфор мен калий 
тыңайтқыштарын енгізу тиімді болып табылады. 
     Бұршақты  дақылдарды  тыңайтқышқа  арнап  өсіру  үшін  күздік 
бидай,  сүрлемдік  жүгері,  тағы  басқа  алғы  дақылдарды  жинап 
алғаннан кейін егістік танап суарылады, содан 3 – 4 күн өткен соң 
(топырақтың кебуіне байланысты) егістікті бір мезгілде тырмалай 
отырып,  24  –  26  см  тереңдікте  жыртады.  Асбұршақтың  және 
сиыржоңышқаның  тұқымын  гектарына  80  –  100  кг,  ал 
ноғатықтың тұқымын 100  – 120 кг мөлшерінде себеді. Ескеретін 
жайт – бұршақ дақылдардың біртегіс өніп-өсуінің шешуші шарты 
– негізгі дақылды жинап алысымен, танапты суарып, жырту, жер 
жырту  мен  тұқым  себу  арасында  мүмкіндігінше  алшақтық 
болдырмау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет