206 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
жолдардың күрделі және орташа жөндеулерден өткізілуі, жаңа
жолдардың салынуы ауаға көліктен бөлінетін улы газдардың
мөлшерін әлдеқайда азайтып отыр.
Алматы
ауасының тазара бастауына 3 – 7 жыл
аралықтарындағы жаңа көліктердің көбейе түсуі де өз үлесін
қосып келеді. Статистика орталығының мәліметтеріне сүйенсек,
зиянды қалдықтар бөлетін тұрақты көздерде де бұрынғы
жылдарға қарағанда ауаның ластануы 2,6 мың тоннаға
төмендеген. Оған жылу-энергетика орталықтарына заманауи
үлгідегі шаңтазартқыш жабдықтарды орналастыру, жылу
пештерін газдан мазутқа көшіру (Алматы халықаралық әуежайы,
т.б. шағын орталықтар), сондай-ақ жеке тұрғын үй секторын
көгілдір отынға көшіру жұмыстары да көп ықпал етті. Мысалы,
2012 жылы 64 шақырым газ құбыры тартылып, 20 мыңдай үй
оның игілігін көре бастады.
Қорыта айтқанда, Алматы әкімдігі үзбей атқарып келе жатқан
игі шаралардың нәтижесі айтарлықтай көрініс беріп отыр. Оны
соңғы жылдардың алғашқы тоқсандарындағы көрсеткіштерден
анық байқауға болады. 2013 жылдың бірінші тоқсанында ауаның
ластану көрсеткіші 10,9 (ИЗА5) болса, ол 2012 жылы – 13,3, 2010
жылы – 13,5 болған еді.
Іске сәт дейік! Газет Атамекен 2013ж.
Достарыңызбен бөлісу: