Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Кесте. Мемлекеттік басқарудың бюрократиялық және менеджериальдық моделінің салыстырмалы сипаты



бет11/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

11 Кесте. Мемлекеттік басқарудың бюрократиялық және менеджериальдық моделінің салыстырмалы сипаты

Айырмашылық критерийі

Басқару моделі

Бюрократиялық

Менеджериалдық

Көңілді фокусировкалау

Жеке қажеттіліктері мен перспективаларында

Тұтынушының қажеттіліктері мен перспективаларында

Ішкі құрылым мен қатынастар түрі

Міндеттер мен жауапкершілікті нақты бөлу арқылы иерархиялық құрылым. Қатаң "пирамидалдық" құрылым

Сенім мен өзара толықтыру қатынастары басым ұйымның желілік модельі бір команда сияқты өзара әрекеттестікте болады

Жеке қызметті бағалау

Игерілген ресурстар көлемі бойынша және міндетті атқару көлемі бойынша

Тұтынушылар үшін құнды болып табылатын нәтижелер бойынша

Құрылым икемділігі

Төменгі ұйым бір рет анықталған және мүлдем анықталған процедура бойынша жұмыс істейді

Әрекеттің салыстырмалы түрдегі жоғары Алгоритмі өндірістік қызметтерге талаптар өзгерген сайын өзгеріп отырады

Кері байланыс

Формальды көбінесе бір бағыттағы сипатта

Нақты әрекет етуші тұрақты коммуникация

Еңбекті бөлу құрылымы

тікелей қызмет етудің аналитикалық жұмыстарды қатаң иерархиялық түрде бөлу

«Бірінші қатардағы» шенеуініктердің клиенттермен жұмыстарды жетілдіру бойынша аналитикалық жұмыстарды ынталандыру

Жапониядағы мемлекеттік аппараттың тиімділігінің жоғары болуы элитарлық мемлекеттік қызмет құру есебінен болып отыр, ол дарынды адамдарды тартып және елдегі ақылды білімді адамдарды жұмысқа тарту есебінен мүмкін болып отыр. Ол сайыстық емтихандар тапсыру арқасында мүмкін болды. Ал тиімді қызметкерлерді жұмысқа тарту еңбекақының жоғарылығы және зейнеткерлік кепілдіктердің арқасында мүмкін болып отыр. Жапонияда мемлекеттік менеджмент барлық деңгейде де бар, лауазымдағы жылжу, лауазымының өсуі, санкциялар және зейнеткерлік жұмыстары кадр бойынша Ұлттық басқармаға жүктелген.


АҚШ мемлекеттік қызметкерлерді сайыспен жұмысқа алу 1983 жылы енгізілді және бүгінгі күні 90% федералдық қызмет конкурс негізінде ғана мемлекеттік қызметке алынады.
Оңтүстік Кореяның тәжірибесі қызық. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары штаттық лауазымға 160 кандидат үміткер болды және Кандидаттар 12 пән бойынша күрделі емтихандардан қорыққан жоқ, ол емтихандардың ішінде профильдік экономика, іскери менеджмент және мемлекеттік әкімшіліктік болды. Осындай кадрлық саясаттың нәтижесінде 1988 жылы Оңтүстік Кореядағы 70% мемлекеттік қызметкердің университеттік дипломы болды.
Мемлекеттік менеджмент тиімділікті арттыруға бағытталуы керек, оған мыналар кіреді:
Өздері жауап беретін тиісті агенттер мен министрліктер арасындағы мақсаттар мен міндеттердің үйлестігі мен дискуссиясы;
Тиімділікті арттыру үшін өлшеу механизмдерін енгізу және құру, оған нақты нәтижеге негізделген еңбекақы кіреді;
Мекеме мен оның бағдарламаларының дұрыстығы мен тиімділігін бағалау мониторингіге ақпараттарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Ұйымдағы нақты құрылған бюджеттік құралдар мен күтілетін нәтижелерге негізінде шығындарды зерттеу (нәтиже бойынша бюджеттеу);
Мекеменің мазмұны жағынан жақын әрекеттерінің тиімділігін салыстыру немесе әр түрлі мекемелердегі жетілдіруге болатын ұқсас әрекеттерді салыстыру.
Ұйымдастырушылық қызметтен басқа мемлекеттік менеджмент мемлекеттік секторда шешім қабылдаудың жаңа түріне бағытталады, оған бақылауды жетілдіру дәл және қоғамдық қызметті ұсынушылардың жақсы зерттелген ақпараттары кіреді; бюджеттік жоспарлау туралы ақпаратты; қызмет сапасын жақсартуға арналған мемлекеттік қызметкерлердің мотивациясы мен ынталандырулар кіреді. Мемлекеттік ұйымда менеджеризмді енгізуде жеке бақылаудың бес түрін атауға болады, олар қызметкердің жауапкершілігі үшін қажет:

  • Құқықтық бақылау (заңнамалық реттеу);

  • Қаржылық бақылау (мемлекеттік қаржы қалай шығындалып жатыр);

- Саясатты жүзеге асыру (мақсатқа қол жеткізу, уәдені орындау күтулер);
- Демократиялық бақылау (ақпарат және кеңес беру таңдалулы ұйымдарды азаматтарға кеңес беру );
- Этикалық бақылау (этикалық нормаларға байланысты әрекеттер )
- Сыни менеджеризм бірнеше бағытта жүргізіледі.
Біріншіден, сыншылар азаматтарды клиент ретінде қарастыруға қарсы, сонымен қатар «үкімет» нарық емес және «азаматтар» клиенттер емес деп дәлелдейді ал саяси білік көзі "Әкімшілік барлық азаматтардың әр түрлі қоғамдық мүдделерін қорғауы керек. Мемлекеттік әкімшілік табыс алуды көздемейді, ол қызмет көрсетуші жүйе оның мақсаты заңнамалық қызметтерді орындау болып табылады, ол акционерлік қоғамның акционерлік бағасын өндіруші емес».
Екіншіден, нарықтық жағдайдағы ережені алмастыру мүмкін емес. Демократиялық басқару үшін мемлекеттік бюрократияны бәсекелестік емес құқық басқаруы керек.
Үшіншіден, табысты шығыспен салыстыру, клиентке бағытталу, тауар мен қызметті өндіру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттері. Мемлекет кәсіпорын емес. Мемлекеттің әрекеттері тиімді ғана емес, сонымен қатар құқықтық, демократиялық легитимді және саяси түрде жауапты болуы керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Вебер М. Политика как призвание и профессия //Избр. произведения. М.: Прогресс, 1990. С.665.
2. Гумплович. Л. Общее учение о государстве / СПб., 1910.- с.47.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет