7-дәріс. Көне түркі жазуы: әліпбиі мен графикасы
Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этно-
генезі, түркі халықтарының тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне
қатысы, графикасы мен грамматикасы, лексикасы, қазіргі түркі
тілдерімен сабақтастығы туралы еңбектер аз емес. Көне
замандағы ауызша сөйлеу жүйесі беймәлім жазу таңбаларын
қазіргі тіл дамуының тұтынушысы бола отырып, аршу, дүдәмал
дыбыстық тілге кодтау, код таңбаларының мәнін көрсету, кодтың
(әліпбидің) кілтін түзу қаншалықты қиын екенін ескерсек, көне
түркі жазуына “барған” ғалымдардың еңбегі өлшеусіз екенін
көреміз. Сондықтан көне түркі жазуы туралы қазақ тіл білімін-де
бірыңғай пікір қалыптастырған Ғ.Айдаров, А.Аманжолов,
Ә.Қайдар, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдардың
зерттеулерін жоғары бағалай келе, зерттеушілердің көне түркі
152
жазуының әліпбиін құрастырып, ондағы әріп таңбаларының
мәнін, берілу тәсілдерін, дыбыстық заңдылықтары туралы
жазған еңбектерін пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы
дауысты дыбыстардың таңбалану жүйесі мен ішінара дауыссыз
дыбыстардың емлесі туралы сөз қозғағымыз келеді.
Көне түркі жазулы ескерткіштердің табылу аймағы үлкен:
Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск,
Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есік,
Шемонайха, Ертіс, Қырғызстан Қошқар өңірі. Бұл әр аймақтың
графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелігімен көрінеді дегенді
білдіреді. Дегенмен жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне сүйене
отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық
ере-кшеліктерді тануға мүмкіндік бар деп ойлаймыз.
Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35
графеманың 4-і ғана дауысты фонеманы, ал 31-і дауыссыз фо-
неманы және үнді қатаң тіркесін бергені бүгінде айқындалған
жайт. Сонда көне түркі жазуы дауысты фонеманың 4 инвариан-
тымен тілдегі 9 вариантын (а-е-ә, ы-і, о-ұ, ө-ү),
дауыссыздардың 20-дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10
инвариант фонема-ны (б, д, ғ, й, қ, л, н, р, с, т ) берген түркі
тілдеріндегі үндесім құбылысын дауыссыздар санын
көбейтумен шешкен графика болып табылады.
Осыған байланысты графикасында а-е (э~ә) фонемасын
белгілейтін таңба неге сөз ішінде және сөз басында берілмеді,
керісінше, <о-ө> фонемасы неліктен сөз басында және ортасын-да
таңбаланды деген сауал төңірегінде ойланып көрелік.
Достарыңызбен бөлісу: |