Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет107/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

й деп көрсетуге болады (құрмет  құрмйт, сурет  сүурйт).
Ал біріккен сөз, кіріккен сөз, бір деммен айтылатын ырғақты
топ сыңарларының алдыңғысындағы еріндік соңғысына әсер ете
алмайды. Мысалы: сол кез – солгез (солгөз емес), соқыр сенім
– соқұр€ сенім (соқұр€сөнүм емес), сутегі – сұутегі (сұутөгү
емес),   сусімір   –   сұусімір   (сұусүмүр   емес),   суығыстырым   –
сұу€ығыстырым,   (сұу€ұғұстырым   емес),   супияз   –   сұупыйаз,
(сұупұйаз емес), сужылан – сұужылан (сұужұлан емес), сужегі
– сұужегі (сұужөгү емес), су етті – сұу€етті (сұу€өттү емес)
т.с.с.  Ереже ескертусіз болмайтыны сияқты үшінші буыннан ар-
тпайтын ерін үндестігі кейде 4-5 буындарға өтіп кетеді. Үш буын
ерін үндесімімен айтылып, төртінші, тіпті бесінші буын езулік, ал
келесі буында ұу, үу тіркесі келетін болса, онда сөз бастан-аяқ ерін
үндестігімен айтылады. Мысалы: сүйкімдену – сүйкүмдөнүу
(сүйкүмденүу емес), бірақ сүйкімденбеу – сүйкүмденбеу.
Төмендегі сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып 
көріңіздер:
түлкілену – түлкүлөнүу 
түркілену – түркүлөнүу 
түнделету – түндөлөтүу 
түрткілену – түрткүлөнүу 
түртпектелу түртпөктөлүу 
түрпілену – түрпүлөнүу
Дауыстылардың үндесімін сөз еткенде үнемі мына бір нәрсені
есте   ұстаған   жөн.   Дауыссыздарға   қарағанда   дауыстылардың   ай-
тылу реңкі өте құбылмалы, тұрақсыз болып келеді. Оның үстіне
жалпы көпшілікке ұсынатын әдебиеттерде (орфографиялық сөздік,
айтылу нормасының анықтағыштары) дауыстыларды белгілейтін
әріп   таңбасы   да   әліпбидегі   дауысты   таңбасынан   ас-пайды   және
сонымен   бірдей   болады.   Сондықтан   әрпіне   қарап,   дыбысын   да
солай оқып, аздап қайшылық туады. Сол себепті тіл үндестігінде
де, ерін үндестігінде де, яки жіңішке буыннан жуан буынға (ә→а)
және еріндік дауыстыдан езулік  дауыстыға бірте-бірте ауысарда,
үнемі   дауыстыға   қатысты   «анық   айтылу»,   «солғындау»,
«көмескілену», «ә мен а-ның», немесе «ө мен е-нің», «ү мен і-нің
ортасында   айтылу»,   «жартылай  ө»,   «жар-тылай  е»   болып
дыбысталу деген түсініктерді есте ұстап оты-ру керек. Сонда ғана
сөз  құрамындағы,   тіркес   құрамындағы   бейүндестіктен   құтылуға
болады. Дауысты дыбыс негізгі реңкінен бірден айрылмайды, өз
реңкін сақтай отырып, келесі буын үндесуіне бірте-бірте өтеді.
Ерін үндестігін сақтап, жаттығып көріңіздер:
құрылыс – құр
ұ
лұс бұйығысу – 
бұйұғұсұу бөдененің – 
бөдөнөнүң көпенені – көпөнөнү 
дөңгелекті – дөңгөлөктү тауық –
тауұқ сауықтыру – сауұқтұрұу
Қ
ұралай Күдеринованың
 
«Орфоэпиялық анықтағыш»
(Алматы, 2005.) жинағындағы мақаласынан алынды.
150
151




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет