Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет85/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

о 
ды-
бысынан 
ы 
дыбысына айныған: 
ол+сол=>o+co=>o+cы;o=>ы. 
“еріншіл дауыстылардың аяқ буынында сақталып тұра алма-
уына көне түркілік 
йағмұр
сөзінің қазақ тілінде 
жаңбыр
болып 
айтылатындығы да дәлел (ұ>и) бола алады” дейді ғалым.
Сондай-ақ 
бұл жыл=>биыл, іш+құр=>ышқыр, тұғын=>тын, 
барған соң=>барғасын, аздан соң=>аздасын
болып қалыптануы 
да тіл үндесімінің жетекшілігін дәлелдейтін сияқты. тіл тари-
хынан бірінші буындағы еріндіктің езулікке ауысқан фактілерін 
кездестіреміз: 
ұт-ат, ұда-атқа.
Үшіншіден,
әліпбидегі дауыссыз әріп аттары жеке айтылғанда, 
бір дауысты не аяғынан, не алдынан қосылып айтылады. Ол ашық 
езулік те, қысаң еріндік те емес, қысаң езулік- <ы> фонемасы 
(
бы, қы, ыл, ыр, жы
) т.б. Проф. Ә.Жүнісбек тірек дауыссыздар 
жуан езулік үндесім вариантында қолданылады дейді. Және үш 
дауыстыға негізделген сингарможазуында қысаңдардың тірек 
фонемасы ретінде 
ы
-ны алады.
Төртіншіден, 
қазіргі қазақ тілінде жуан еріндік пен жуан 
езулік, жіңішке еріндік пен жіңішке езулік қатар келе алады: 
қора, жора, сора, мола, молда, күрек, түрен, қола, сұрақ т.б. 
Проф. С.мырзабеков бұл құбылысты “
а
-ның езулік күші 
ы, і 
фонемаларына қарағанда әлсіз, сондықтан да ол жуан еріндік-
терден кейін айтыла береді”деп анықтайды. 
Орақ, құрақ, ұзақ, 
отан, ора
сөздерін айтқанда екінші буындағы езулік дауыстының 
айтылым құрағы еріндікке еріп, жуықтап айтылуы мүмкін. 
С.мырзабеков 
а
дыбысының ат-да кейде [o] болып айтылатын 
кезі де болатынын айтады: 
ойбой, ойхой. 
Яғни ерін, езу дауыс-
тылары бір сөз шенінде я жіңішке үндесімде, я жуан үндесімде 
қатар жұмсала алады, ал бейүндесімде жұмсала алмайды.
Бесіншіден, 
ерін дауыстыларының бірінші буыннан арт-
пайтын сипатын кірме лексиканың игерілуінен байқауға бо-
лады. мысалы, 
о, у
дыбысына екпін түскен сөздер қазақ тілі-
не 
очередь=>өшірет=>шірет, стол=>үстел, утюг=>үтік, 
русь=>орыс, хамут=>қамыт, чугун=>шөген, пуховый 
=>бөкебай, плюш =>пүліш,
самовар=>самауыр, мұнанай=> 
меновой
болып игерілген. 
ал араб-парсы тілдерінен енген 
ораза (руза), орамал (румал) 
сөздерінде екінші буындағы еріндік фонема басқы позицияға 
ауысқан. 
Сөйлегенде [үт
о
’үк
о
’], [орус] т.с.с. болып дыбысталатын 
сөздерді мұндай орфограммада заңдастыру 1929ж. емле конфе-
ренциясында қабылданған еді. Себебі мұнда і-буындағы ерін-
дік әсерінен келесі буындағы дауыстының еріндікке айналатын 
фонетикалық алмасу тұрғанын ғалымдар байқады. Өйткені
 
мазмұн, мақұл, марқұм, мәжнүн, мәжбүр
сияқты екінші канал 
арқылы енген сөздердегі еріндіктің таңбалануында і-буынның 
әсері жоқ, фонеманың негізгі реңкі берілген.
Алтыншыдан
, еріндік сипат алдымен <


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет