Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


  В.А.  Богородицкий,  Общий  курс  русской  грамматики,  стр.  99



Pdf көрінісі
бет125/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi

1  В.А.  Богородицкий,  Общий  курс  русской  грамматики,  стр.  99.
1  Р.А.  Будагов,  Введение  в  науку  о языке.  М.,  1965,  стр.23.
3  Р.А.  Будаговтың  аталган  кітабының 235-беті.
112


дегендердің аффикстер екені күмэн тудырмаса керек. Тілдің тарихи 
дамуы  барысында  морфологиялық сіңісу  процесінің эсерінен  бүл 
сөздердің  (тімтін,  тіміскіле)  кұрамындағы  түбір  морфема  мен 
аффикстік  морфемалар  бір-біріне  әбден  кірігіп  жэне  бастапқы 
мағыналары  жойылып,  соның  нәтижесінде  аталған 
сөздер 
морфемаларға ажыратылмайтын сөздерге айналган.
Морфологиялық  сіңісу  продесінің  эсерінен  түбір  мен  аффикс 
те,  түбір  мен  түбір  де,  аффикс  пен  аффикс  те  бір-бірімен  кірігуі 
мүмкін.  Жоғарыда  келтірілген  тімтін,  тіміскіпе  деген  етістіктер 
түбір  морфема  мен  аффикстік  морфемалардың  бір-бірімен 
кірігіп  сіңісуіне  мысал  болса,  сексен,  тоцсан  деген  сан  есімдер 
түбірлердің  бір-бірімен  кірігіп  сіңісуіне  мысал  бола  алады.  Қазақ 
тіліндегі  аталған  сан  есімдер  бүл  күнде сегіз жэне  он,  тогыз жэне 
он  деген  бөлшектерге  ажыратылмайды,  бүларды  қазіргі  тілді 
колданушылар  бір  бүтін  сөз  ретінде  ұғынады.  Қазіргі  қазак  тілінің 
тұрғысынан  алғанда,  сексен  сөзі —  «80»  санының  біртұтас  (бүтін) 
атауы  да,  тоцсан  сөзі  —  «90»  санының  біртұтас  атауы.  Ал  шығу 
төркіні,  ж асалу  жолы  түргысынан  алғанда,  тоцсан  сөзі  тогыз 
жэне  он  сөзінің  бір-бірімен  кірігіп,  ды бы сты қ  өзгерістерге 
үш ырауынан  ж асалса,  сексен  сөзі  сегіз  жэне  он  сөздерінің 
өзара  кірігіп,  дыбыстық  өзгерістерге  үшырауынан  жасалған. 
Сондай-ақ,  қазақ тілінде  сөйлеуш і  адамдар  қазірде  әкел  дегенді 
алып+кел  деген  сөздерден,  апар  дегенді  алып+бар  деген  создер- 
ден  қүралған  деп  қарамайды,  олардың  шығу  тегі,  әдетте,  еске 
алынбай,  бір  бүтін  сөздер  ретінде  қабылданады.  Қүрастырушы 
элементтерге  (морфемаларға)  бүл  кунде  мүшеленбейтін  мүндай 
сөздерді  морфологиялык  сіңісу  процесінің  нэтижесінде  жасалған 
деп  қараймыз.  Морфологиялық  сіңісу  процесінің  эсері  бойынша 
алғашқы  түбір  морфема  мен  аффикстік  морфеманың  бір-бірімен 
кірігуінен  жасалган,  қазірде  бөлшектеуге  келмейтін  біртүтас 
түбірлер  сіңіскен  түбір  делініп  аталатыны  жайында  түбір  мен 
негіз  туралы  тақырыпта  айтылды.  Сіңіскен  түбірлер  немесе 
негіздерге  түбір  мен  аффикстің  кірігуінен  жасалған  түбірлерді 
(немесе  негіздерді)  гана  емес,  сонымен  бірге  түбір  мен  түбірдің 
бір-бірімен  кірігіп  сіңісуінен  жасалган  сексен,  тоцсан,  апар,  экел 
тэрізді сөздерді де жатқызуға болады.
Жоғарыда  аффикс  пен  аффикс  те  бір-бірімен  кірігіп  сіңісуі
113


мүмкін  дедік.  Мысалы,  басыңцы,  түсіңкі  деген  сөздердің 
кұрамындағы  -ыңқы   аффиксі  және  оның  фонетикалық  жіңішке 
варианты  -іңкі  -ың  (-ің)+цы  (-кі)  аффикстерінен  құралган,  бұл 
күнде  іштей  бөлшектенбейтін  біртұтас  сіңіскен  аффикс  (жұрнақ) 
ретінде  танылады  (сіңіскен  аффикстер  жайында  аффикстік  мор- 
фемаларга арналған параграфтарды  қараңыздар).
Морфологиялық  сіңісу  процесінде  сөздің  түбірлес,  төркіндес 
сөздерімен  байланысы  көмескіленіп,  ол  байланыс  бірте-бірте 
жойылады  да,  қүрамындағы  морфемалары  өзара  бір-бірімен 
кірігіп  (сіңісіп)  кеткен  сөздер  (немесе  сіңіскен  түбірлер)  өзімен 
түбірлес 
(төркіндес) 
сөздерден 
оқшауланып 
алшақтайды. 
Мысалы,  жац  (жагу),  жан  (жану),  жалын,  жарыц деген  сөздер 
этимологиялық  (шығу  төркіні)  тұргыдан  алғанда,  о  баста  бір 
гана  түбірден  тараган  түбірлес  сөздер  болғанымен,  қазірде  бұл 
сөздер  бір  түбірден  тараган  түбірлес  сөздер  ретінде  емес,  бір- 
біріне  төркіндестігі  жок  сәздер  ретінде  ұгынылады.  М үның  өзі 
морфологиялық  сіңісу  процесінің  барысында  алғашқы  түбір 
морфеманың мағыналык дербестігінен айырылып, түбір морфема 
мен аффикстік морфеманың жігінің жойылып кетуінен болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет