Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


 В .А .  Богородицкий,  Общий  курс  русской  грамматики,  стр. 101



Pdf көрінісі
бет127/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi

1 В .А .  Богородицкий,  Общий  курс  русской  грамматики,  стр. 101.
114


гін  жэне  аталған  сөздердің  қазіргі  орыс  тілінде  морфемаларға 
бұрынғысынан 
басқаша 
түрде 
ажыратылып 
мүшеленетінін 
көреміз.
С оны м ен,  тілдің  дам у  б ар ы сы н д а  сөз  қ ү р а м ы н д ағы  
м орф ем аларды ң  бірінің  элем енті  екінш ісіне  ау ы сы п ,  ол 
м о рф ем алард ы ң  б у ры н ғы   ж ігі  мен  ара  қ а т ы с ы н ы ң   өзгеруі 
ж ы лы су құ б ы л ы сы  деп атал ад ы .
Морфологиялық  жылысу  құбылысы  (морфологическое  явле­
ние  переразложения) түркі  тілдерінде де  бар.  В.А.  Богородицкий- 
дің  пікірінше,  жіктеу  есімдіктері  мен  сілтеу  есімдіктеріне 
жалғанатын  ілік  септік  жалғауының  алғашқы  түрі  -ың  (-ің) 
түрінде  болған.  Бұл  бастапқы  форма  (-ың,  -ің)  менің,  сеніц,  оның, 
соиың  деген  есімдіктердің  қүрамында  сақталған.  Тілдің  даму 
барысында  морфологиялық  жылысу  процесінің  нәтижесінде 
есімдіктердің  соңындағы  н  дыбысы  жалғауға  ауысқан  да,  ілік 
септіктің  жалғауы  ұлғайып  (бір  дыбыс  қосылып),  -ны ц  (-нің) 
түрінде айтылып  қалыптасқан1.  М орфологиялық жылысу  процесі 
түбір  мен  жалғаудың  аралығында  ғана  емес,  сонымен  бірге  түбір 
мен  жұрнақтың  аралығында  да  болуы  мүмкін.  Ж ұрнақ  жалғану 
арқылы  жасалған  негіздің  соңғы  дыбысы  онан  (сөздің  негізінен) 
сусып,  жүрнактың  құрамына  ауысады  да,  сөз  бұрынғысынан 
басқаша  түрде  мүшеленеді.  Түбір  мен  жүрнақтын  арасындағы 
морфологиялық  жылысу  процесін  саргай  деген  етістіктің  қүрамын 
талдаудан  көруге  болады.  Аталған  туынды  етістік  (саргай)  сары 
деген  сын  есімнің  бастапқы  дыбысталу  түрі -  сарыг  формасынан 
жасалған.  Қазақ  тіліндегі  сары  деген  сын  есім  онымен  туыстас 
қазіргі  хақас  тілінде -  сарыг,  ұйғыр  тілінде -  серщ ,  өзбек тілінде
-  с а р щ   түрінде  дыбысталады.  Генеалогиялық (шыгу  төркіні)  тұр- 
ғыдан  алғанда,  саргай  деген  туынды  етістіктің  құрамындағы  сөз 
тудырушы  жүрнақ — гай  емес,  -ай  жүрнағы.  Мұны  төмендегідей 
салыстырулар  арқылы  дэлелдеуге  болады: мол,  көп,  аз,  тыц,  мүң, 
күш  деген  түбірлерге  ай  (ей)  жұрнағы  жалғану  арқылы  молай, 
көбей.  азай,  тыңай,  мұңай,  күгией  тәрізді  туынды  етістіктер 
жасалганы  сияқты,  сарыг  деген  сөзге  (түбірге)  -ай  жұрнағы 
жалғану  арқылы  саргай  деген  туынды  етістік  жасалган.  Алға-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет