бірінде емес, олардың тұтаскан тіркесінде пайда болатындығын,
екіншіден, - оның тұракты жэне ондай тіркестің, етістік негі-
зінің лексикалық мазмұнына қарамастан, бэріне бірдей ортақ
болатындыгын, үшіншіден, - басқа бір форманың стилистикалык
варианты немесе етістіктің грамматикалық жүйесінде дербес
мағыналық бірлік бола алатындығын айтады1. Н. Оралбаева
казақ тіліндегі етістіктің аналитикалык формаларын карастыра
келіп, аналитикалық формалардың етістіктің грамматикалык
категорияларының формалары екендігін, олардың синтетикалық
формалармен өзара шарттас, тектес келіп, ұштасып жататынды-
ғын жэне лексикалық бірлік немесе тұрақты сөз тіркесі тэрізді
даяр бірліктер емес, сөйлеу процесінде жасалатындығын көрсе-
теді. Ол етістіктерге тэн аналитикалык форманттың граммати
калык табиғатын айқындай келіп, ол форманттың қүрамына ене-
тін бірінші элем ент - негізгі етістікке ж алганаты н аффикс те,
екінші элемент көмекші етістік екендігін айтады2.
Әртүрлі тілдердегі сөздің аналитикалык формаларын жэне
олардың белгілерін айқындауға қатысты пайымдаулар мен
пікірлердің ұзын ыргасы, қысқаша шолғанда, осындай.
Достарыңызбен бөлісу: